Кедендік тарифтерді құқықтық реттеудің негіздері
Автор: serik1980 • Август 15, 2018 • Курсовая работа • 22,014 Слов (89 Страниц) • 735 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................6
1-тарау Кедендік қатынастарды құқықтық реттеудің жалпы түсінігі......8
1.1.Кедендік құқықтық қaтынacтapының түcінігі және мaзмұны .....................8
1.2.Кедендік құқықтық қaтынacтapдың негізгі құpылымдық элементтеpі......12
2-тарау кедендік тарифтерді құқықтық реттеудің негіздері ....................19
2.1 Қазақстан Республикасындағы кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің құқықтық негіздері...............................................................................19
2.2 Еуразиялық Экономикалық Одақтағы кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің құқықтық негіздері......................................................................28
2.3 Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік..............................................................................................51
ҚOPЫТЫНДЫ………………………………………………………………....65
ПAЙДAЛAНҒAН ӘДЕБИЕТТЕP ТІЗІМІ…………………………………..67
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста еліміздің, сонымен қатар Еуразиялық Экономикалық Одағының кедендік қатынастары, кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары, кедендік төлемдерді есептеу мен оларды төлеу тәртіптері қарастырады.
Жұмыстың өзектілігі. Елбасының Қазақстан Халқына жолдауында «2050 жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды: Біріншіден, мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс. Біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға - өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз. Ұзақ мерзімде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау қажет. Бюджеттік-қаржылық процеске деген көзқарас жекелей салымдарға көзқарас секілді ұқыпты да ойластырылған болуға тиіс. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мәселен, экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс. Инвестициялар үшін объектілерді олардың мақсаттылығы және қайтарымдылығы тұрғысынан қатаң іріктеу қажет. Ең заманауи объектілердің өзі оларды ұстап тұру үшін шығыстарды талап етіп, бірақ кірістер әкелмейтін болса және ел азаматтарының проблемаларын шешпейтін болса, бюджетке масыл боларын есте сақтаған жөн. Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу қажет. Қазір бұл жұмыс басталды. Оны жетілдіру мақсатын қоямын. Барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізіп, оларды мейілінше тиімді ету керек. Біз салық әкімшілігін ырықтандыру және кеден әкімшілігін жүйелендіру саясатын жалғастыруға тиіспіз. Салық есептілігін жеңілдетіп әрі мейлінше азайту қажет. Біз нарық қатысушыларын салықтан жалтару жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке ынталандыруымыз қажет», деген болатын. Осыған орай салық және кеден әкімшілігін жүргізуді жетілдіру еліміздің алдында тұрған стратегиялық міндет болып табылады.
Өздеріңізге белгілі 2015 жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық Экономикалық одақтың келесі қадамы Қазақстан Республиасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағында Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей бастады.
Жаңа жыл мен жаңа онжылдықтың басы ЕурАзЭҚ пен ТМД және басқа да интеграцияылық бірлестіктер сияқты экономикалық және саяси кеңістіктердің жаңа үйлесімді құрылымдарының қалыптасуына бастау берген оқиғамен байланыстырылып отыр. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Белоруссия, Қазақстан және Ресей арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезеңіне қадам басты. Жаңа Одақ Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1994 жылдың наурыз айында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті қабырғасында айтқан тиісті институттық құрылымы бар Еуразиялық кеңістік құру туралы бастамасының жүзеге асуының нәтижесі деп айтуға толық негіз бар. Бұл бастама, Елбасының басқа да идеялары тәріздес, әлемдік тәжірибені зерттеу, тиісті жағдайды мұқият сараптау және экономикалық мақсаттар негізінде өмірге келді [2].
...