Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның негізгі элементтері

Автор:   •  Декабрь 8, 2021  •  Реферат  •  610 Слов (3 Страниц)  •  681 Просмотры

Страница 1 из 3

Реферат

Тақырыбы: «Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның негізгі элементтері»

В063-7102-2105, 1-курс

Орындаған: Айдынғали Н., Дугаева А., Қазыкенова С., Сайлауова Д., Сулейменова С.

«Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның негізгі элементтері»

Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің  бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері  арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды.  Әлеуметтануда "әлеуметтік құрылым”  ұғымы "әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. "Әлеуметтік құрылым” түсінігі "әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады - әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. "Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, "әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.

Әлеуметтік құрылым қоғамды  жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады. Әлеуметтік құрылымға кіретін үлкен топ-ол тап. Тап деген ұғым екі мағына береді. Бірінші, кең мағынада тап дегеніміз- өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатысы бар, қоғамдық еңбек бөлінісінде нақтылы алатын орны бар, ерекше әдістер арқылы алынатын табыстың өзіндік мөлшері бар үлкен әлеуметтік топтар. Көбіне тап дегеніміз тар мағынада қолданылады. Бұл мағынада тап дегеніміз: әлеуметтік топтар, страталар. Олардың басты белгілері: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі т.б

Әлеуметтік топ-қоғам дамуының белгілі бір сатысында нақты тарихи жағдайда қалыптасқан, ортақ құндылықтардың, ғұрыптардың, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізінде қалыптасатын тұрақты адамдар тобы. Әлеуметтік топ үлкен, орташа, шағын болып бөлінеді. Үлкен әлеуметтік топқа таптар, топтар, этникалық және демографиялық қауымдар жатады. Орта топтарды белгілі бір өндіріс орнында жұмыс істеп, бір аймақта тұратындар құраса, шағын топтарды өзара тығыз байланыстағы, жүздес, таныс, туыс адамдар құрайды. Топтық құрылымның негізгі екі түрін анықтауға болады. 1) ресми топ мүшелерінің саны мен арақатынастарына олардың арнайы атқаратын қызметтеріне байланысты анықталатын құрылым, 2) бейресми топ- адамдардың өзара қарым-қатынастарында табиғи түрде, рухани-психологиялық үйлесімдіктер негізінде қалыптасатын құрылымдар. Топтың іс-әрекетін ұйымдастыратын ресми құрылым, бір жағынан, топ мүшелерінің басшылыққа алуға тиісті бұрыннан немесе жоғарыдан бекітілген ережелердің, бұйрықтардың, жиынтығы болса, екінші жағынан, топтың мүшелерінің өз еріктерімен қабылдаған шарттары, талаптары да болуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (78.1 Kb)   docx (10.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club