Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәмлелер ұғымы

Автор:   •  Январь 3, 2023  •  Творческая работа  •  2,119 Слов (9 Страниц)  •  112 Просмотры

Страница 1 из 9
  1. Мәмлелер ұғымы                                                   Хамитов Саги    ЮҚ 19-01

Мәміле - азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері.

Демек, мәміле субъектілердің мақсатқа бағытталған әрекеттері болып танылады. Олардың тікелей мақсаты – азаматтық құқықтарын немесе міндеттерін қалыптастыру (мысалы, мүлікті сыйға тарту сыйлаушының затқа меншік құқығы алушыға өтуіне тікелей бағытталған), осындай құқықтар мен міндеттер өзгерісі (мысалы, тараптар жалға алған мүлікті қайтаруды кейінге қалдыруға келісті) немесе олардың тоқтатылуы (несие беруші борышқорды берешекті өтеуден босатады).

  1. Мәміле нысаны

Мәміле заңды және жүзеге асырылатын болуы керек.                                                   Мәміле нысаны мәміленің жасалуына бағытталған ерік білдіруді тіркеу әдісі болып табылады. (мәміле нысанының түрлері:)

  • Ауызша
  • Жазбаша (қарапайым және нотариалды)
  • Басқаша

Мәміленің ауызша нысаны – заң немесе тараптардың келісімі бойынша не өзге де арнайы нысанды өажет етпейтін келісім. Мәмілелер ауызша болуы мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша, жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер ауызша түрде жүзеге асырылуы мүмкін.                                                                                     Мысалы: азық-түлік дүкенінде сатушы мен сатып алушы арасындағы сатып алу мен сату, тб.

Ауызша нысанда жасалған мәміленің соммасы заңмен белгіленбейді. Жазбаша келісім жасамай, миллиондаған теңгеге зат сатып алуға болады. Бірақ бұл жағдайда тараптар келісімге келіп, бір-біріне сол жерде затты беріп, сатып алу соммасын береді. Алайда сол нәрсе несие немесе алдын ала төлем арқылы сатылса, сатып алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы тиіс.

Мәміленің жазбаша нысаны мәміленің шын мәнінде жасалғаны жөнінде және оның шарттары туралы дау туындаған кезде қатысушылардың жағдайын жеңілдетеді. Бұл міндеттемелер кез келген құқықтық құралдармен, соның ішінде куәлік берумен де дәлелденеді.

Мәміленің жазбаша нысаны – кәсіпкерлік қызмет барысында жүзеге асырылатын мәміле. Мұндай мәміле оның мазмұнын білдіретін және мәміле жасатын тұлғалар қол қоятын құжатты рәсімдеу арқылы жасалуы тиіс. Әдетте, соммасы 100 АЕК-тен артқан мәмілелер үшін оның жазбаша болуы міндетті.                                                                                      Мысалы: екі фирма арасындағы компютерлік жабдықты жеткізу туралы шарт.    

Жазбаша нысаны мәміленің бар екенін және оның мазмұнын неғұрлым дәләлдейді. Бұл мәміле қатысушылардың мүдделерін неғұрлым сенімді қорғауды қамтамасыз ете алады.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында жасалған мәмілелер оның екі тараптың да немесе олардың біреуінің ғана жүзеге асыратынына қарамастан, жазбаша нысанда талап етіледі.

Қарапайым жазбаша мәміле – нотариалды куәландырусыз жүзеге асырылатын мәміле. Мысалы: компютер сатып алу және сату туралы мәміле.

Нотариалды жазбаша мәміле – нотариалды куәландыру арқылы жасалған мәміле.   Мысалы: ақша несиесіне арналған мәміле.

Кейбір жағдайларда, заң жасалатын мәмілелерді тіркеуді талап етеді. Тиісті құқықтар мен мәмілелерді тіркеу туралы ереже бойынша, заңнамада тіркелуді талап ететін мәміле тиісті органда тіркегеннен кейін ғана толық заңды болып табылады.      

Тіркеу бірқатар мәселелерді шешеді:

  • мәміле толығымен заңды болып табылады;
  • тіркеу құжаты мәміле бойынша сатып алынған субъектінің құқықтарын сенімді түрде растайды;
  • біріңғай тіркеу жүйесі мәмілелердің толық есебін реттеуге мүмкіндік береді;
  • егер заңмен тыйым салынбаса, тіркеу мүдделі тұлғаларға белгілі бір мәміле мен оған байланысты құқықтармен танысуға мүмкіндік береді. Бұл объектілердің құқықтары мен олардың ауыртпалықтары туралы ақпарат алу арқылы тіркеу объектілерінің иелерімен мәмілелер жасауға ниет білдірген адамдардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Мұнда жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу өте маңызды.

Мәмілелерді нотариалды куәландыру және оларды мемлекеттік тіркеу ұқсас рәсімдер болғанымен, бір-бірінен едәуір ерекшеленеді.                                                         Нотариаттық рәсімдеуге жататын барлық мәмілелер мемлекеттік тіркеуді қажет етпейді, мемлекеттік тіркеуге жататын мәмілелердің бәріне нотариалды куәландыру талап етілмейді.                 Мәмілелер мен тиісті құқықтарды заң бойынша тіркеуді қажет ететін мәміле тиісті тіркеу органдарына тіркелгеннен кейін ғана толық заңды күшіне енеді.

...

Скачать:   txt (24.8 Kb)   pdf (139.7 Kb)   docx (209 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club