Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тракторлар мен автомобильдер

Автор:   •  Сентябрь 25, 2020  •  Реферат  •  1,226 Слов (5 Страниц)  •  1,077 Просмотры

Страница 1 из 5

Дәріс №3

Тракторлар мен автомобильдер

Тракторлар мен автомобильдердің жіктелімі және жалпы құрылысы

Трактор дегеніміз ауылшаруашылық машиналарын және құралдарын жылжытуға, қозғалысқа келтіруге, тіркемелерді сүйреуге арналған доңғалақты немесе шынжыртабанды машина. Механикаландырылған жұмыстарды сапалы және үнемді орындау үшін тракторлардың бірнеше типтері қарастырылған. Ауыл шаруашылығы өндірісін кешенді механикаландыру үшін қажетті тракторлар жиынтығы типаж деп аталады. Тракторлар типажының кластық көрсеткіші – тарту класы. Ауыл-шаруашылық өндірісін кешенді механикаландыру машиналар жүйесін-де тракторлар он класқа бөлінеді: 0,2; 0,6; 0,9; 1,4; 2; 3; 4; 5; 6 және 8.

Тарту класы – номинальды тарту күшімен анықталатын шартты шама.

Номинальды тарту күші деп топырақ қыртысының қысымы мен ылғалдылығы қалыпты жағдайдағы трактордың жоғарғы тарту пайдалы әсер коэффициентінің (ПӘК) аумағындағы тарту күшін есептейді. Сонымен қатар доңғалақты тракторлардың тайғанауы – 14-16% - дан, ал шынжыртабанды тракторлардың тайғанауы – 3%-дан аспауы тиіс.

Тракторлардың номинальды тарту күштері кластар бойынша 1 – кестеде көрсетілген.

Әрбір класта трактордың базалық моделі және осы модельдің бірнеше модификациясы (нұсқасы) болады. Сондықтан базалық және нұсқалық модельдердің негізгі құрастыру бірліктерін бірыңғайландыруға болады. Бұл қосалқы бөлшектер санын қысқартуға, машиналарды жинау және пайдалану шығындарын азайтуға септігін тигізеді.

Кесте-1

Ауылшаруашылық тракторларының тарту кластары

Тарту класы

Номинальды тарту күші, кН

Тарту класы

Номинальды тарту күші, кН

0,2

1,8 – 5,4

3

27 – 36

0,6

5,4 – 8,1

4

36 – 45

0,9

8,1 – 12,6

5

45 – 54

1,4

12,6 – 18

6

54 – 72

2

18 – 27

8

72 – 108

Тракторларды атқаратын қызметіне, жүріс бөлігінің конструкциясына және қаңқасының түріне қарай жіктейді. Атқаратын қызметіне қарай тракторлар былайша жіктеледі: жалпы мақсаттағы – ДТ–75М, Т–75М, Т–150К, Т–4А, К–701, Т–70С егіншілікте отамалы дақылдарды өсіруден басқа жұмыстарды атқаруға арналған. Бұл тракторлар топырақ өңдейтін машиналармен жабдықталған агрегат құрамында жер айдау, культиваторлау, тырмалау, қар тоқтату, дәнді және басқа да дақылдарды жинау жұмыстарын орындайды; әмбебап–отамалы – МТ3–80, МТ3–82, Т–40АМ мал шаруашылығы мен егіншілікте қолданылады, сондай-ақ отамалы дақылдарды өсіру және жинау жұмыстарын орындайды.

Әмбебап доңғалақты тракторларға өздігінен жүретін Т–16М шассиі және оның модификациялары да жатады; арнаулы тракторлар (бау-бақшалық, батпақта жүретін, тік беткей, мақта егу және т.б.) жекелеген ауылшаруашылық жұмыстарын орындайды. Жеке механизмдердің корпустарын біріктіру арқылы құрастырылады. Доңғалақты тракторлар шынжыртабандығыға қарағанда әмбебап болып келеді, әрі оны жасап шығару және пайдалану арзанға түседі. Ылғалдығы жоғары және борпылдақ топырақтарды өңдеуде бұл тракторларды пайдалану тиімсіз, топыраққа әсер ететін жоғары қысым оны нығыздап, құнарлылығын төмендетеді. Ауылшаруашылық тракторларының қысқаша техникалық сипаттамалары 2 - кестеде көрсетілген.

Кесте-2

Ауылшаруашылық тракторларының қысқаша техникалық сипаттамасы

Трактор маркасы

Көрсеткіш

Тарту класы

Мақсаты

Жүріс бөлігінің түрі

Қаңқа        түрі

Дизель маркасы

Қозғалт-қыш қуаты,

кВт (а.к.)

Т30А - 80

0,9

әмбебап

4К4а

жартылай рамалы

Д - 120

24 (32)

ЛТ3 - 55

0,9

әмбебап - отамалы

>>

>>

Д - 144

39 (59)

ЛТ3-60АВ

1,4

>>

>>

>>

Д - 65Н

44 (60)

МТ3 - 80

1,4

>>

>>

>>

Д - 243

60 (81)

МТ3-1025

1,4

>>

>>

>>

Д - 245

77 (105)

ЮМ3-6АК

1,4

>>

>>

>>

Д - 65Н

45 (61)

ЛТ3 - 155

2

>>

4К4б

рамалы

Д-422-47

110 (150)

Т - 70СМ

2

қызылшалық

шынжыр табанды

>>

Д - 241Л

88 (120)

ДТ - 75Д

3

жалпы мақсаттағы

>>

>>

Д-440-22

51 (70)

Т - 150

4

>>

>>

>>

СМД - 60

70 (95)

Т - 150

4

>>

4К4б

>>

СМД - 62

90 (118)

ВТ - 100Д

3

>>

шынжыр табанды

>>

Д-422-24

121 (165)

Т - 4М

4

>>

>>

>>

А -01М

103 (140)

К - 701

5

>>

>>

>>

ЯМ3-240Б

221 (300)

...

Скачать:   txt (19.1 Kb)   pdf (440.2 Kb)   docx (393.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club