Тракторлар және автомобильдер
Автор: Luiola • Май 19, 2019 • Лекция • 6,664 Слов (27 Страниц) • 626 Просмотры
1 Сабақтардың әдістемелік құжаттары
1.1 «Тракторлар және автомобильдер» пәні бойынша теориялық сабақтың оқу құжаттарын жасау
1.1.1 «Қоректендіру жүйесі» тақырыбы бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарын жасау
Сабақты ғылыми әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқытушы оқу пәнінің тақырыбын оқу жоспары мен бағдарламасына сүйеніп күнтізбелік-тақырыпты жоспар құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарының негізгі тақырып бойынша сабақ жүйесін құрастыру. Ал сабақ жүйесіне тақырып бойынша оқу процесінің мынадай негізгі элементтері: жаңа білім хабарлау, білім мен білікті бекіту, білімді жүйелендіру және қорытындылау, бақылау. т. б. кіреді.
Күнтізбелік -тақырыпты жоспардың құрылымын үш компонентке бөлуге болады: тақырыптың оқу материалын сабақтарға бөлу, әрбір сабақтың әдістемесі күнтізбелік-тақырыптық жоспарының тақырып бойынша сабақ жүйесі тақырыптың мазмұнын логикалық байланыстырады.
Теориялық оқытуды жоспарлаудың негізгі құжаты күнтізбелік-тақырыптық жоспар болып табылады. Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес кезек бойынша әр тақырыпты оқығанға дейін білімдер жүйесін анықтау және сабақты өткізуге өз уақытын дайындау мақсатында жасалады [13].
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда оқу материалы сабаққа рационалды бөліне отырып, келесі сұрақтарды қалыптастыру керек. Оқыту жұмысын ұйымдастыру формасы, олар: теориялық, практикалық сабақ барысындағы білім алушылардың өзіндік жұмысы, пәнаралық байланысты іске асыру, пәнаралық жұмыспен байланыс, өндірістік оқытумен байланыс, көрнекті оқу-құралын, дидактикалық материалды және техникалық оқу құралын пайдалану жолдары, білім алушыларға үй тапсырмасын беру.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар компоненттерін оқытушы немесе шебер оқу пәніне және тақырып материалының мазмұнына, оқу орнының оқу материалдық базасына, білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты анықтайды. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жасау кезінде педагог немесе өндірістік оқыту шебері белгілі бір жұмысшы мамандықтары бойынша белгіленген біліктілік сипаттамасына, оларды дайындау оқу жоспарына, оқу пәнінің бағдарламасына, оқулықтар мен оқу құралына, материалдық-техникалық базасына сүйенеді.
Жоспардың компоненттері оқу пәніне, тақырыптық мазмұнына, колледждің оқу материалдық базасына, оқушының білім деңгейіне байланысты жасайды. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар әдістемелік комиссияда қаралып 4 кестеге сәйкес бекітіледі.
2.3 Сабақ жоспары және оның жоспар-графигін жасау
Сабақ жоспары оқу бағдарламасына және күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай жасалады.
Сабақ жоспарында мыналар көрсетіледі: тақырыбы мен оқу тәрбиелік мақсаты, оның білім беру мен тәрбиелеу міндеттері, анықталған негізгі элементтер мен құрылымы, жекеленген элементтерге бөлінген уақыт, материалды-техникалық қамтылуы, оқытушының жұмысты хабарлауы бойынша кезектілігі мен мазмұны, оқушылардың білімдері мен іскерліктерін бекіту мен бақылау, өзіндік жұмыстың мазмұны мен сипаты, үй жұмысы мен басқа сұрақтар.
Сабақ жоспары міндетті құжат, ол әрбір сабаққа жасалуы тиіс. Сабақ жоспары екі бөлімнен тұруы керек деген талапқа сүйене отырып жасалынады: біріншісі жалпы, ол ішкі құрылымы бойынша сабақтың барлық типі үшін ұқсас, екіншісі «сабақ барысы» сабақ типіне байланысты жоспардың бұл бөлімінің құрылымында кейбір тармақтар болуы мүмкін.
Сабақтың жоспар-графигі - бұл сабақ барысын графикалық түрде түсіндіру. Жоспар графикте сабақтың негізгі элементтері және оны сабақтың бірінші және екінші бөлімдерінде минут бойынша өткізу көрсетіледі.
...