Селекция және тұқым шаруашылығы жайлы жалпы түсінік қалыптастыру
Автор: zhauka01 • Август 14, 2023 • Лекция • 1,253 Слов (6 Страниц) • 315 Просмотры
Дәріс-1.
Кіріспе.
Дәрістің мақсаты: Селекция және тұқым шаруашылығы жайлы жалпы түсінік қалыптастыру.
Дәрістің міндеті:
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
- Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы туралы жалпы түсінік.
- Селекция және тұқым шаруашылығы ғылымының даму тарихының негізгі кезеңдері.
- Селекция және тұқым шаруашылығы ғылымының басқа биологиялық ғылымдармен байланысы.
- Сорт ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы ретінде, егіс дақылдарының өнімі мен сапасын көтерудегі маңызы.
1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы туралы жалпы түсінік.
Жер шары халықтарының саны ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру қарқынан əлдеқайда жедел өсуде. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін көтеру екені дəлел қажет етпейтін жағдай. Бұл мəселелерді шешуде селекция жəне тұқым шаруашылығының алатын орны ерекше.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жаңа сорттарын шығару туралы ғылым «селекция» (selectio, латыншадан аударғанда – сұрыптау, таңдау) – деп аталады.
Өсімдік селекциясы – ауыл шаруашылығы саласында ғылымитехникалық прогресті жеделдетудің маңызды факторы жəне соңғы жылдары дүниежүзінде қарқынды дамуда. Селекцияның классикалық əдістерімен қатар, ғылыми негізделген гендік инженерия, биотехнология сияқты заманауи əдістерді қолданудың арқасында өсімдіктердің сапалы, өнімділігі жоғары жаңа сорттары алынды. Олардың қатарында бидай мен күріштің жоғары агрофонда гектарынан 10 тонна жəне одан да жоғары өнім алуға мүмкіндік беретін қысқа сабақты сорттарының шығарылуын, өнім əлеуеті 15 тоннадан астам жүгері мен қонақжүгері будандарының жасалынуын, маңызды дəнді жəне малазықтық дақылдары ақуыздарының амин қышқылдық құрамын түбегейлі жақсартылуын, біраз дақылдардың қауіпті ауруларға төзімді сорттарының жасалынуын, күнбағыс дəні майлылығының еселенуін жəне басқа да жетістіктерді атауға болады.
Осыған орай, селекцияның алдында бірінші кезекте шешімін табуды қажет ететін міндеттердің бірі ретінде жоғары өнімді, сұламалыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді, өнім сапасы жоғары, интенсивтік технологияларды қолданып өсіруге бейім интенсивті сорттар шығару тұр. Өткен жүз жылдықта дүние жүзінде астық өндіру мөлшері артуының 40%-дан астамы, оларды селекциялық жақсартумен байланысты. Осыған орай, өндіріс тиімділігін жоғарылатуда селекцияның алатын орны ерекше екендігің дəлелі ретінде АҚШ ғалымдарының деректерін келтіруге болады. Селекциялық жолмен мақтаның вегетациялық кезеңін 160-180 күннен 120-ға дейін қысқартқанда мақта өндіруге
Өсімдік селекциясы мен тұқым шаруашылығы арасында тығыз байланыс бар. Тұқымшаруашылығы – селекцияның жетістіктерін жедел іске асыруға жəне ауылшаруашылық өндірісін жоғары сапалы сорттық тұқымдармен қамтамасыз етуге міндетті ауыл шаруашылығы өндірісінің арнайы саласы. Яғни тұқым шаруашылығының негізгі міндеті – сорттық тұқымдарды көбейту. Тұқым шаруашылығы селекцияның əдістерін (сұрыптау, өсімдікті бағалау) пайдаланса, селекция – тұқымдық өсімдіктер өсіруде тұқым шаруашылығының тəсілдерін қолданады. Қазіргі селекция мен тұқым шаруашылығының теориялық негізі генетика, себебі жаңа сорттар шығару – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдарын, молекулалық, жасушалық жəне генотип деңгейіндегі гендердің əсерін, сондай-ақ белгілі бір түрдің генетикалық мүмкіндігін терең білуді талап етеді.
2. Селекция және тұқым шаруашылығы ғылымының даму тарихының негізгі кезеңдері.
Өсімдік селекциясы – адамзат тарихындағы елеулі жетістіктердің бірі деуге болады. Қазіргі кезде «мəдени өсімдіктер» – деген ұғым əбден қалыптасып кетті, бірақ жабайы өсімдіктерді қолданысқа енгізу үшін талай заман өтті. Қазіргі кезде қолданыста жүрген өсімдіктіктердің көпшілігі адамның жүздеген, мыңдаған жылдар бойы оларды жақсартуының нəтижесі.
Селекционер өсімдіктердің тұқымқуалаушылық қасиеттеріне дұрыс бағыт беру арқылы ауылшаруашылық дақылдарының адамға қажет белгі, қасиеттері бар сорттары мен будандарын шығарумен айналысады. Сондықтан да болар: «Өсімдік селекциясы – адам бағыттайтын эксперименттік эволюция» – дейді. Селекцияның қазіргі жағдайын, келешегін білу үшін оның тым болмаса қысқаша тарихын білу қажет.
...