Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шаруашылық есеп туралы жалпы түсінік

Автор:   •  Сентябрь 8, 2021  •  Реферат  •  617 Слов (3 Страниц)  •  608 Просмотры

Страница 1 из 3

Шаруашылық есеп туралы жалпы түсінік

Кең мағынасында алғанда шаруашылық есеп, өзінің аты да көрсетіп тұрганындай, тағамға, киімге, түрғылықты жерге қажеттіліктерді және т.б. қанағаттандыру үшін аса қажет материалдың игіліктерді өндіру және таратуды түсіндіретін өндіріс орнының есебі, халық шаруашылығының шаруашылық қызметінің есебі.

Шаруашылық есеп әр түрлі елде шаруашылың жүйесіне байланысты сан алуан сипатқа ие.

Есептің сипаты шаруашылықтың жүйесіне байланысты болғандықтан, халық шаруашылығы туралы кейбір жалпы үғымдармен алдын ала танысып алуымыз керек.

Халық шаруашылығының негізінде шаруашылықтың жүйесі жөне өндіріс құралдарына деген меншік үғымы жатыр.

Халық шаруашылығы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік сияқты салалардан түрады.

Әрбір сала жеке шаруашылық көсіпорындарынан түрады. Оларға зауыт, фабрика, кен орындары, шахталар, ауылшаруашылық, көлік, сауда, тамақтандыру және т.б. кәсіп-орындары жатады. Әрбір кәсіпорын халық шаруашылығының бір бөлігі бола отырып, өзіне жүктелген міндеттерге сөйкес шаруашылық қызметті жүзеге асырады, яғни белгілі бір шаруашылық жұмысты жүзеге асырады. Мысалы, фабрикалар мен зауыттар өнеркөсіп өнімдерінөндіреді, ал сауда үйымдары өнімдермен жабдықтайды жөне т.б.

Шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін әрбір көсіпорынның өз қарамагында қажетті шаруашылық құралдары болады. Оларға ғимарат, машиналар, материалдар, тауарлар, ақша қаражаттары және т.б. жатады.

Шаруашылық құралдарымен қоса еңбек шаруашылық қызметтің негізгі шарты болып табылады. Еңбек шығындары материалдық шығындарымен және өндіріс құралдарымен бірге өндірілетін өнімнің құнына кіреді, олардың заттық негізін қүрайды.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметтері шаруашылық процестерінен тұрады, олар өз кезегінде жеке шаруашылық әрекеттеріне бөлінеді.

Мысалы, тамақтандыру кәсіпорнына дайындау процесін құрайтын материалдарды сатып алу әрекеттері, материалдардан өнімдер дайындау әрекеттері, сату процесінің құрамына кіретін өндірілген өнімдерді сату әрекеттері тән болып келеді.

Әрбір кесіпорын шаруашылық қызметтерін бизнес-жоспарға сәйкес жүргізеді. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бағыты, мазмұны мен көлемі айқындалады.

Шаруашылық қызметінің нәтижесі - табыс, оның қайнар көзі - еңбек болып табылады.

Енді халық шаруашылығы туралы жалпы түсінігіміздің бар екенін пайдалана отырып, шаруашылық есептің мәнін қысқаша анықтай аламыз - ол не үшін қажет, қалай жүзеге асырылады жөне қандай анықтама беруге болады?

Шаруашылық қызметі басқару мен бақылауды қажет етеді. Шаруашылық жұмысты дұрыс жүргізу үшін, әрдайым олардың жағдайы қалай екен және оларда қандай өзгерістер болып жатыр екен деген мәселелерден хабардар болуымыз керек.

Әрбір көсіпорынның шаруашылық қызметі жайлы деректер қажет - оның құралдары мен қаражатының мөлшері мен құрамы қандай, ол өз жоспарын қалай орындайды, шаруашылық әрекеттерін қалай іске асырады және т.б. Сонымен қатар бүкіл халық шаруашылығының жағдайы мен дамуы жайлы да - жоспар қалай орындалып жатыр, халық шаруашылығының салалары қалай даму үстінде, республикамыздың қоғамдық байлығы мен қуаты

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (51.8 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club