Өзгергіштік және тұқым қуалаушылық. Н.И.Вавиловтың өзгергіштік гомологиялық қатарлар заңы. Мәдени өсімдіктердің шығу орталығы
Автор: tileu.asel • Октябрь 14, 2018 • Доклад • 3,277 Слов (14 Страниц) • 1,991 Просмотры
Өзгергіштік және тұқым қуалаушылық. Н.И.Вавиловтың өзгергіштік гомологиялық қатарлар заңы. Мәдени
өсімдіктердің шығу орталығы.
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдарының практикада қолданылуы адамға пайдалы организмдердің тұқымдары мен сорттарын алу тәсілі, болып табылатын жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің селекциясында көрініс тапты. Бұл тарауда сіз селекциялық практиканың әдістерімен және ғалымдар жұмыстарының кейбір нәтижелерімен, биотехнологияда қолданылатын әдіс-тәсілдермен танысасыз. Селекция (латын сөзінен selectio - сұрыптау) үй жануарлары-ның жаңа тұкымдары мен мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын жасау, олардың қазіргі уақыттағы белгілі тұкымдары мен сортта-рын жақсарту туралы ғылым. Сонымен бірге селекция үғымы адамның өз қажеттіліктері үшін жүзеге асыратын тірі организм-дердегі өзгеру процестерін білдіреді. Даму процесі кезінде адамға түр ретінде жабайы жануар-лардан қорғану, баспана жасау, өзін қорекпен қамтамасыз ету керек болды және т.б. Жеуге болатын өсімдіктерді іздеу және аңшылық –қоректің аса сенімді көздері болмады, сондықтан да, аштық алғашқы адамдардың үнемі серігі болды. Алғашқы адамдар тобындағы акыл-ойдын және қоғамдық қатынастардың дамуына бағытталған табиғи сұрыпталу адам үшін жасанды тіршілік ету ортасын құруға мүмкіндік берді. Осылайша, адамның табиғи жағ-лайларға тәуелдігі азайды. Адамның ең алғашқы даму кезеніндегі жетістіктерінін бірі тірі жануарларды қолға үйрету және өсімдіктерді қолдан өсіру арқылы өзіне қоректік заттардың тұрақты көзін жасау болды. Үй жануарларының түқымдарын және өсімдіктердің сорттарын шығару Үй жануарларының жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарының пайда болуы жабайы түрлердегі жыныстық кө-беюдің және адам қолданатын сұрыптаудың нәтижесі болып та-былатын комбинативтік тұкым қуалайтын өзгергіштіктің арқа-сында мүмкін болды. Адам көмегімен сұрыпталып алынған жа-нуарлар мен өсімдіктер олардың жабайы түрлерінен күрт ерекше-лендіретін жалпы белгілерге ие болды. Мәдени формаларда табиғи жағдайларда тіршілік етуге пайдасы жоқ немесе зиянды, бірақ адам үшін пайдалы жекелеген белгілер дамыған. Мысалы, тауықтың кейбір тұқымдарының жылына 300 немесе одан да көп жұмыртқа беру қабілетінің биологиялық мағынасы жок, өйткені осыншама көп жұмыртқаны ол басып шығара алмайды. Мұндай тек қана шаруашылыққа пайдалы белгілерді ғана емес, сондай-ақ, декоративті белгілерге-кептердегі, төбелескіш әтештердегі және иттердің кейбір тұқымдарындағы белгілерге қатысты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Селекцияның дамуындағы негізгі кезеңдер Өсімдіктер селекциясы егіншілік ісімен бір мезгілде пайда болып, онымен бірге дамып келеді. Олардың даму тарихында өсімдікпен жануарды баптауды жақсарту мен пайдалануға бейімді сорттары мен түрлерін шығару ісімен ұштастырылып келеді. Н. И. Вавилов өсімдіктерді зерттей келіп, мынадай тұжырым жасаған болатын: "Егіншілік және өсімдіктер мәдениеті жалпы адамзат мәдениетімен қатар дамыды ". Адамның өндірістік қызмет процесінде өсімдіктер мен жануарлар өнімдерін жетілдіру ісі үзбей жүргізіліп келеді, бұл жұмыстын нәтижесінде жаңа, сапалы сорттар шығарылуда. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттары мен жануарлардың жаңа тұқымдарын шығару әдісінің даму тарихын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады: 1) қарапайым, 2) халықтық, 3) өнеркәсіптік, 4) ғылыми. Бүл жайында атақты селекционер ғалым Н. И. Вавилов: "Селекцияны ғылым ретінде және өнер ретінде ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде қарауға болады", - деген еді. Қарапайым селекция. Адамдар өздеріне кездескен жеуге жарамды өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланып, оларды сақтауға мән бермеген. Кейінірек өсімдіктерді егіп. өсіруді үйренгеннен кейін, оларды сұрыптап, тұқымын көбейте бастаудың
...