Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақтөбе облысы орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы

Автор:   •  Сентябрь 21, 2019  •  Курсовая работа  •  7,522 Слов (31 Страниц)  •  912 Просмотры

Страница 1 из 31

Кіріспе

Ақтөбе облысы — қазіргі шекарасында 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Ақтөбе облысының аумағы 300,6 мың км2 (Қазақстан Республикасы аумағының 11%, Қарағанды облысынан кейінгі көлемі жағынан екінші аймақ). Ақтөбе облысы орман қорының жалпы көлемі 193 246 га. немесе аймақ аумағының 0,6%-ін құрайды. Солтүстігінде Орал тауларының оңжақ сілемдері орналасқан. Орталық бөлігінде Мұғалжар тауларының шөгінділері (657 м). Батыс бөлігін  Каспий өңірінен оңтүстік батысқа қарай созылған Урал үстірті алып жатыр. Оңтүстік шығысында – тұтасқан жал-жал құмдар: Арал өңірі Қарақұм, Үлкен Борсық және Кіші Борсық. Солтүстік шығысында  – Торғай үстірті. Негізгі орман құраушы ағаш түрлері қарағай, қайың, емен, сексеуіл болып табылады. Сондай-ақ, табиғи көк терек, қандыағаш, жайылма орман, талдар өсіп, шегіршін, шетен, үйеңке, жиде сияқты қолдан отырғызылған ағаштарда аз емес. Аймақта орман шаруашылығының жеті мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Негізінен Ақтөбе облысының аумақтық инспекциясы Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының қызметін және Торғай мемлекеттік зоологиялық қаумалының қорғалуын бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Ақтөбе климаты шұғыл континентті. Жылына бес ай бойғы күндізгі орташа ауа температурасы 20 °С жоғары. Қыс шамалы суық, қардың ең қалың қабаты ақпан айында болады 31 см.Жылына ашық- 174, бұлтты -148, жауын-шашынды – 43 күндер болады. Жылдық орташа ауа температурасы — +5,3 °C. Желдің жылдық орташа жылдамдығы — 2,4 м/с. Ауаның жылдық орташа ылғалдығы — 68 %.


1. Физико-географиялық жағдайы

1.1 Жер бедері

Ақтөбе облысы — қазіргі шекарасында 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Ақтөбе облысының аумағы 300,6 мың км2 (Қазақстан Республикасы аумағының 11%, Қарағанды облысынан кейінгі көлемі жағынан екінші аймақ). Жер бедері - жазық, облыс аумағының ауқымды бөлігі – төбе-бөктерлі жазықтық. Солтүстігінде Орал тауларының оңжақ сілемдері орналасқан. Орталық бөлігінде Мұғалжар тауларының шөгінділері (657 м). Батыс бөлігін  Каспий өңірінен оңтүстік батысқа қарай созылған Урал үстірті алып жатыр. Оңтүстік шығысында – тұтасқан жал-жал құмдар: Арал өңірі Қарақұм, Үлкен Борсық және Кіші Борсық. Солтүстік шығысында  – Торғай үстірті. Облыстың солтүстігі орман жазықтығы, ауқымды бетегелі ақселеу мен жусанды кеңістікті  сары дала.

Сондай-ақ, оңтүстігіне қарай жапырақты қарағай мен шоқ қайыңнан бастап  тобылғы мен сексеуілге дейін өсетін жартылай елсіз  кең алқап. Облыстың солтүстік батыс бөлігі – сортаңды ақтаңдақтарымен қоңыр қошқыл топырақты бетеге, боз, жусан өсетін жазық. Орталық және солтүстік шығыс бөлігін ақшыл сарғылт және сұр түсті топырақты дәнді алқап алып жатыр.  Оңтүстігі күн сәулесі төгілген жусан иісті қоңыр топырақты тұзды құмдар мен ақ сор жапқан шөл дала. Қара топырақты жерлер облыстың солтүстігінде. Мұнда топырақтың қарашіріндісі аз, негізінен қиыршық құмды келеді. Топырағы тығыз саздауыт жерлері саздан қалыптасқан. Аздап дренажі бар рельефі ойпаңдау жерлерде, жердің әсіресе тығыз қабатында сортақтану көбейе түседі.

1.2 Климаты

Ақтөбе климаты шұғыл континентті. Жаз жылы. Жылына бес ай бойғы күндізгі орташа ауа температурасы 20 °С жоғары. Қыс шамалы суық, қардың ең қалың қабаты ақпан айында болады 31 см.Жылына ашық- 174, бұлтты -148, жауын-шашынды – 43 күндер болады. Жылдық орташа ауа температурасы — +5,3 °C. Желдің жылдық орташа жылдамдығы — 2,4 м/с. Ауаның жылдық орташа ылғалдығы — 68 %.

1.3 Су ресурстары

Ақтөбе облысының басты өзендері Сағыз (510 км), Қобда, Ембі (712 км), Ұлқаяқ (349 км), Елек (623 км) болып табылады.  Сондай-ақ, облысы аумағында ірі Торғай (825 км), Ойыл (800 км), Жем (712 км), Ырғыз (593 км), Ор (314 км) өзендері ағады. Торғайдан басқа, аймақтағы барлық үлкен өзендер бастауын Ақтөбе облысының орталығындағы Мұғалжар тауының қайнарынан алады. Негізінен өзендер жыл бойғы 75-95% жоғалтқан арнасын көктемгі қар суымен толықтырады.         Ақтөбе облысында 700-ден аса көл бар. Олардың 227-сі 1 км2 астам аумаққа орналасқан. Ең ірі көлдердің (Жаркөл, Байтақкөл, Құрдым) 10-нан 45 км2 дейін айдыны бар.  Көлдердің көбінің сулары тұщы немесе татымды минералды болып келеді.  Шағын өзендердің орташа тереңдігі 0,7-1,2 м, үлкендері - 4 м дейін жетеді. Аймақта тұщы жер асты суы мен минералды су қорларының мөлшері жеткілікті. Су қорларының жоғарғы бөлігі орташа көпжылдық су сақталуы бойынша 3 610 млн. м3суды, жерасты су қорлары - 653 млн. м3 суды құрайды.

...

Скачать:   txt (109.6 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (123.3 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club