Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру

Автор:   •  Январь 15, 2021  •  Контрольная работа  •  1,367 Слов (6 Страниц)  •  791 Просмотры

Страница 1 из 6

Дәріс 1

Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру

Негізгі анықтамалар және терминалогия.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Технологиялық процестердің жіктелуі
  2. Мал шаруашылықтың бағыты
  3. Мал шаруашылығын кешенді механикаландыру

1 Ауыл шаруашылық өнімдері көлемінің құрамында мал шаруашылығынан алынатын халыққа қажетті неше түрлі азық-түлікпен шикізаттар үлесі 6 процентке жуық. Осыған орай мал аруашылығын одан әрі өркендетіп  халықты мал өнімдеріне деген қажеттерін толық қамтамасыз ету үшін саланы интенсивтендеріп, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін кеңінен енгізу және жан-жақты пайдалану қажет. Осындай  көлемді жұмыстарды ойдағыдай орындау үшін, ондағы еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды толық механикаландырудың ролі үлкен.

Осы салада елімізде және республикамызда 2000 жылға дейін мал шаруашылығын комплексті механикаландурыға және автоматтандыруға арналған перспективалы технологиялар және машиналар системалары жасалады

2 Машиналар системасы дегеніміз, жұмыс процестерінің перспективалы технологиялары туралы, ауыл шаруашылығы өндірісінің белгілі бір саласындағы процестерді механикаландыруға және автоматтандыруға ұсынылып отырған машиналардың құрамы, олардың комплектелері мен комплекстері туралы материалдар жиынтығы. Мал фермаларына арналған машиналар системасы машиналар мен  технологиялық   жабдықтарды   қолдану   арқылы    барлық өндіріс процестерін комплексті механикаландыруды көздейді.

Комплексті механикаладыру – бұл өндірістік процестің барлық операцияларында және жеке  кезендерінде машиналарды, механизмдер мен құралдарды жүйелі түрде қолдану екендігін, ал мұның өзі негізгі, сондай-ақ қосалды операциялардағы қол жұмысын машинамен атқаруға мұмкіндік беретіндігі, осының натижесінде жұмыстың үзіліссіз орындалуын қамтамасыз ететіндігі белгілі.

Фермалардағы жұмыстарды ұйымдастыруда ғылымның жетік әдістері мен практикасын ұштасыра отырып, тиісті машиналарды пайдалану және жұмыс процестерін комплексті механикаландыру әдісін қолдану еңбек шығынын товарлы сүт фермаларында 3...4 есе, шошқа шаруашылығында 4...6, қой шаруашылығында 3,5 есе азайтуға мүмкіндік береді. Мұның өзі фермаларды  механикаландырудың маңызы ерекше зор екендігін көрсетеді. Фермаларды ішінара механикаландыруға қарағанда комплексті механикаландыруды жүзеге асыру сауын сиыр шаруашылығындағы жұмсалатын шығынды 19-20 бордақыланатын шошқа шаруашылығында  65-75, қой шаруашылығында 45-50 пайыз және құс шаруашылығында 25-28 дейін көрсетеді.

Процесс / «processus» деген латын сөзі немесе жылжу, даму/  дегеніміз – белгілі бір материя күйінің, даму стадиясының немесе жалпы жинақталған әсерлерінің белгілі тәртіппен бірқалыпты өзгеруі.

Өндіріс процесі – белгілі бір өнім  жасауға жұмсалған және бір-бірімен тығыз байланысқан еңбек пен табиғи өзгерістер жиынтығы.

Технология /»techne» -  искусство, ұсталық, істей алушылық және «logos» – түсінк, білгірлік деген сөздерінен құралады/  шикізат, материал, жартылай және шала фабрикат, зат өндіріп-өңдеу немесе қайта  өңдеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

3 Технологиялық процесс – машина мен құрал-жабдықтардың жұмыс органдырмен немесе физикалық, химиялық, биологиялық агентермен өнделетін механикалық обьектіге әдейілеп бағытталған барлық әрекеттердің жиынтығы.

Операция – жұмыс орнында /обьектіде/ немесе тура материалда орындалатын механикалық, физикалық және биологиялық құбылыстар комплексі немесе олардың энергиясының өзгерістері.

Технологиялық операция – өнделетін материалдың немесе ортаның қасиетын, күйін, түрі мен формасын    өзгертуге арналған әрекеттердің  жиынтығы.

...

Скачать:   txt (19.8 Kb)   pdf (98.8 Kb)   docx (12.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club