Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өндірістік бағдарлама, өндіріс түрлері мен технологиялық процестердің мінездемесі

Автор:   •  Февраль 17, 2021  •  Реферат  •  706 Слов (3 Страниц)  •  609 Просмотры

Страница 1 из 3

Өндірістік бағдарлама, өндіріс түрлері мен технологиялық процестердің мінездемесі.

      Машина жасау заутының бағдарламасына шығарылатын бұйымның

тізімі, олардың түрі, мөлшері, саны, қосалқы бөлшектерінің саны кіреді.

Зауттың жалпы бағдарламасына сәйкес әрбір цехтың өндірістік

бағдарламалары құрылады. Мұнда детальдардың аты, дайындама мен

детальдардың таза салмақтары, бірнеше цехтарда өңделетін детальдар және

біріктіріліп бірнеше детальдар қандай цехтардан өңдеуден өтетіндігі

көрсетілуі тиісті. Өндіріс бағдарламасының құжаттарында машинаның

жалпы көрінісінің сызбасы, жинақ сызбалар мен жұмыс сызбалары,

спецификациялар мен машинаның сипаттамасы, өндірісті реттеуге

келтірілген техникалық жағдайлар кіреді.

 Б а ғ д а р л а м а, өнімнің түрі және техника- экономикалық

жағдайларға байланысты әртүрлі өндірістерде негізгі үш түрге бөлінеді:

жеке, сериялық және жаппай көптік. Әрбір өндірістің түрі өзіне тән

ерекшіліктерімен анықталып, соған байланысты жұмыс ұйымдастыру түрі де

ерекшеленеді. Кейде бір өндіріс мекемесінің ішінде аталған үш өндіріс түрі

де қалыптасуы мүмкін. Мысалы ауыр машинажасау өндірісінің мекемесінде

(жеке – өндіріс түріне жататын) уақ детальдарды жасау сериялық немесе

коптік принципімен жүргізілуі мүмкін.

 Ж е к е өндірісте бұйым (машина) бір дана болып өндіріледі,

шығарылатын өнімдердің мөлшерлері мен басқа параметрлері әртүрлі, және

олардың қайталануы өте сирек. Бұл өндіріс әмбебап, әмбебап жабдықталған,

өте икемді және тез қайта ретелетін болуы қажет. Мұндағы технологиялық

процестер тығыз жүргізіледі: бір станокта бірнеше операциялар орындалып,

кейде деталь толығымен бір орында өңделуі мүмкін. Станоктық жабдықтар

мен құрылғылар әмбебап, әртүрлі жағдайларда қолдануға икемделген,

аспаптар мен өлшеу құралдары да әмбебап болып келеді.

 Жасалатын бұйымдардың әртүрлілігі өндіру уақытының, қойылатын

талаптардың, қолданылатын материалдың әртүрлілігін қалыптастырып

осындай өндірісте ерекше жағдайларды талап етеді. Осы аталып өткен

ерекшеліктер (әмбебап, қымбат аспаптар мен жабдықтар, жұмысшылардың

жоғары білімдері мен біліктілігі, операциялардың ұзақтығы)

жасалған бұйымдардың жоғары өзіндік құнын анықтайды.

 Санын көбейтіп өнімнің түрін, мөлшері мен сырт пішіндерінің

өзгешіліктерін азайтқан жағдайда жеке өндіріс сериялық түріне жақындайды.

Жеке өндіріс әдетте кеме, ауыр машиналар мен күрделі жабдықтар жасау

салаларында кездеседі.

 С е р и я л ы қ - өндіріс жеке және жаппай көптік өндіріс орталарында

орналасқан өндіріс түрі. Мұнда бұйымдар (машиналар) партиямен

(сериямен) шығарылады. Бұйымдар бір түрлі, бір мөлшерлі болып

өзгертілмейтін сызбалар бойынша шығарылады. Бұл өндіріс түрінің жалпы

принципі серияның барлық бұйымдарын бірден жасау. Бұйым санына

байланысты (уақ, орташа және ірі сериялы болып бөлінеді). Осылай бөлу

тәсілі шартты түрде, машиналардың құрылымдық күрделілігіне, өндіріс

саласына, бағдарлама көлеміне байланысты әртүрлі критерийлермен

бағаланады. (Мысалы кеме жасағанда 5 бірдей кеме бір серияны құрса, бес-

он орақ жасау жеке өндіріс болуы мүмкін). Сериялық өндірісте жалпы

технологиялық процес уақ процестерге жіктеледі. Мұнда қолданылатын

станоктар, жабдықтар мен құрылғылар және аспаптар әмбебап, арнайы,

...

Скачать:   txt (10.6 Kb)   pdf (38.9 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club