Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Глоссарий "Мал шаруашылығындағы ақпараттық жүйесі"

Автор:   •  Март 13, 2022  •  Лекция  •  670 Слов (3 Страниц)  •  312 Просмотры

Страница 1 из 3

«Мал шаруашылығындағы ақпараттық жүйесі» пәні бойынша

ГЛОССАРИЙ

Автоматтандырылған жұмыс орын (АЖО) – селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу үрдісін автоматтандыруға арналған бағдарламалық-техникалық кешен.

Аутентифика́ция (ағыл. authentication < грек. αὐθεντικός [authentikos] «шынайы» < αὐτός [authos] «өзі») — шынайылықты тексеру тәртібі, мысалы: деректер қорында сақталған пайдаланушылар логиндерін бекіген құпиясөздері мен пайдаланушымен енгізілген құпиясөздің шынайылығын тексеру жолы; жолдаушының ашық кілті бойынша сандық қолтаңбамен электронды хаттың шынайылығын растау; автордың файлда өтінім берген сомасы мен бақылау сомасын тексеру;

Асыл тұқымдық куәлiк – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқым-тегін, өнімділігін және өзге де сапаларын растайтын құжат.

Асыл тұқымды мал – республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды мал.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы – тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен (ААЖ) қамтылған мал шаруашылығы саласы.

Бонитер - бонитирлеу (бағалау) бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке тұлға.

Бонитирлеу (бағалау) – тиiстi сынып немесе индекс бере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша малдардың асыл тұқымдық құндылық деңгейін айқындау.

Интернет-браузер – интернет желісінде: интернет сайттарын ашуға, файлдарды жүктеуге және т.с.с. жұмыс жасауға арналған компьютерлік бағдарлама.

        Пайдаланушының интерфейсі – деректер қорымен өзара әрекеттесуге арналған пайдаланушының жүйедегі графикалық басқару элементтерінің жиынтығы (батырмалар, кестелер, енгізу жолағы, терезелер және т.б.).

        Деректер – автоматты өңдеуге жарамды жазылған ақпараттар, мәліметтер.

Желi (линия) – асыл тұқымдық және өнімділік сапалары тиісті таңдау және іріктеу жүйесімен ұсталынатын және жетілдірілетін, үздік тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы.

        Зоотехникалық оқиғалар – селекциялық асылдандыру жұмыстары мен есепке алуды жүргізгенде, табынды басқаруда маңызы бар малдың тіршілік барысында болатын оқиғалары (ұрықтандыру, төлдету, салмағын өлшеу және т.б.).

        Деректерді тіркеу формасы – деректер қорына сақтауға арналған мәліметтерді жүйеге енгізуге мүмкіндік беретін пайдаланушы интерфейсінің элементі.

Малдың тұқым-тегi – асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлiметтер.

Сандық сертификат немесе сертификат – пайдаланушыға ашық кілттің тиесілі екендігін дәлелдейтін куәландырушы орталықпен берілетін электронды құжат.  

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры (ААЖ) – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;

...

Скачать:   txt (9 Kb)   pdf (84.4 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club