Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Басқару іс-əрекетіндегі ойлау, қиял жəне зейін

Автор:   •  Ноябрь 8, 2023  •  Лекция  •  834 Слов (4 Страниц)  •  173 Просмотры

Страница 1 из 4

Лекция 8. Басқару іс-əрекетіндегі ойлау, қиял жəне зейін

Жоспар:

             1. Ойлау түсінігі

             2. Қиял маңыздылығы

             3. Зейін ерекшеліктері

  1. 1. Ойлау ең күрделі, əрі интегративті танымдық психикалық үрдіс болып табылады жəне басқаруда маңызды рөл атқарады. Ол өзінде таңбалық жүйе мен сөз арқылы логикалық, сезімді танудың элементтерін интеграциялайды. Ойлау сипаттамасы оны сипаттауды жəне негізгі қасиеттері тұрғысынан талдауды қарастырады; ойлау үрдісін қалыптастыратын амалдар; ол жүзеге асатын формаларды; ойлау түрлерін, оның негізгі кезеңдерін талдауды қарастырады.

Ойлауды сипаттау:

  1. Ойлау қасиеттері: логикалық, жалпылық, байланыстылық, мəселелік.
  2. Ойлау амалдары: талдау, синтез, жалпылау, нақтылау, абстракциялау, салыстыру, санатқа бөлу және т.б.
  3. Ойлау формалары:

-түсінік – ойлау конструктын болмыс құбылыстары мен заттарының жалпы, елеулі жəне ерекше белгілерін рəсімдеу тұрғысынан көрсету тəсілі;

-пайымдау – болмыстың белгілері мен қасиеттері немесе құбылыстары мен заттары арасындағы байланыстар мен қатынастарды, сондай-ақ адамның оларға бағалаушылық қатынасын көрсету мен бекіту конструктары;

-ой тұжырымы – нəтижесінде бірнеше қолданылған тұжырымдар – салдар, қорытындыдан жаңа тұжырым пайда болатын ұғымдар мен тұжырымдар арасындағы байланыс.

Басшының ойлау ерекшелігі оның тəжірибелік бағыттылығына негізделеді.

Басшының тəжірибелік ойлауының психологиялық ерекшеліктері:

а) басшы шешілуі тиіс мəселені өзі тұжырымдап, бөліп, анықтап, оны іс- əрекеттер мен жағдайлар ағымында ажырата алуы тиіс;

ə) оның мəселелері, əдетте, жалғыз дұрыс шешім, «дұрыс жауабы» болмайды. Міндетті шешу параметрі басқарушылық қызметте «дұрыс-дұрыс емес» ережесі емес, «аз немесе көбірек қолайлы» деген ереже болып табылады;

б)шешілетін жəне шешілген міндеттер мен мəселелерге жауапкершіліктің арнайы формасы болады. Басшының міндетті шешімнің ақырғы нəтижесіне жауапкершілігі қызметтің басқа қатысушыларымен салыстырғанда аса жоғары;

в) ойлау процесінің жалпы бағыттылығы теориялық ойлаудағы тəрізді

«жекеден жалпыға» емес, «жалпыдан жекеге» бағытталады;

г) теориялық ойлаумен салыстырғанда туатын мəселелерге қатынас жүйесі басқа. Бұл тəртіп бастапқы түрлендіруші, əрекет етуші, ол қабылданған шешімді қажет бағытта жағдайды өзгерту бойынша қызметті ұйымдастыру құралы ретінде жүзеге асыруды талап етеді;

д) ойлау, ең алдымен, жалпы, басты елеулі сипаттарының төңірегінде шоғырланады, кейін біртіндеп «елеулі» жəне «елеулі емес» белгілері көп жағынан өз мəнін жоғалтады. Басқару тəжірибесінде бөлшектер, жекелердің маңыздылығы үлкен болатыны белгілі. Олар шешудің міндетті жолын табуға көмектеседі, ал қандай да бір «ұсақ-түйекті» байқамау, жіберіп алу тəжірибеде елеулі, əрі қайтымсыз салдарға əкелуі мүмкін.

2. Қиял - кей жағдайда адам шындығында ешқашан толық қабылдамаған түсініктерді ойша жасайтын психикалық процес. Қиял қайта жасау жəне шығармашылық болып екіге бөлінеді. Осы уақытқа дейін қиялдың жасалу механизмі ғылымда толық белгілі емес. Бұл тек адамға ғана тəн жəне организмнің қызыметімен тығыз байланысты. Қиялдың арқасында адам өз іс-əрекетін ақылға салып ұйымдастырады, жасампаз болады жəне оны басқарады. Қиял тікелей тəжірибелік іс-əрекеттің қатысуынсыз мəселелерді шешіп жəне түрлі жағдайларды бағдарлай алатын көрінекі-бейнелік ойлаудың негізі болып табылады. Қиялды пассив (түс көру, арман) жəне актив деп бөледі. Ол өз кезегінде қайта жасау (заттың сипаттамасы арқылы бейнесін жасау) жəне шығармашылық ( мəніне сəйкес материалды іріктеуді талап ететін жаңа бейнені жасау) деп жіктеледі.

...

Скачать:   txt (11.5 Kb)   pdf (84.7 Kb)   docx (12.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club