Жекелеген азық түрлері
Автор: Sabinaassd • Июнь 2, 2025 • Доклад • 434 Слов (2 Страниц) • 94 Просмотры
Ауылшаруашылық саласының мал шаруашылығында қолданылатын азықтың түрлері өте көп,сонымен қатар олардың құрамдық ерекшеліктері мен саралық сипаттамалары да әртүрлі болады. Алайда табиғи азықтардың ішінде өсімдік тектес жемдердің құрамында малдың жақсы дамуына,өсіп-өнуіне қажетті қоректік және биологиялық белсенді заттарды толығымен сақтайтын азықтар кездесе бермейді. Өсімдік тектес азықтар құрамында көмірсулар басым болғанымен, жануарлардың қарқынды өсуі үшін қажет нәруыз мөлшері салыстырмалы түрде төмен болады.
Жекелеген азық түрлері мал ағзасының барлық қоректік заттарға деген қажеттілігін толық өтей алмайды. Осы себепті түрлі азықтардан тұратын құрама қоспалар әзірленеді.
Жергілікті шикізатқа негізделген сапалы әрі экономикалық тұрғыдан тиімді құрамажем өндірісі – мал шаруашылығы өнімдерінің өндірістік тиімділігін арттырудың, олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің, сондай-ақ импортты алмастыру мен азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың маңызды факторы болып табылады.
Құрамажем өндірісі – мал шаруашылығы саласының тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратын бағыттардың бірі. Оның негізгі мақсаты – жануарлардың түрлік, жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ағзасына қажетті барлық қоректік заттармен толық қамтамасыз ету. Бұл үшін құрамажем рецептуралары ғылыми негізде оңтайландырылып, рацион құрамының жануар физиологиясына сәйкестігі қамтамасыз етілуі қажет. Құрамажем сапасына қойылатын негізгі талаптардың бірі – оның қоректік құндылығы мен сіңімділігі жоғары болуы, сондай-ақ өнімнің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Құрамажем өндірісі – ауыл шаруашылығы жануарларының қоректік қажеттіліктерін тиімді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын сала. Бұл өндіріс бағыты ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорындарының қосалқы және жанама өнімдерін екінші рет өңдеу арқылы олардың қоректік құндылығын сақтай отырып, құрамажемге айналдыруды көздейді. Мұндай технологиялық үдерістер қалдықсыз өңдеуді жүзеге асырып, экологиялық талаптарға толықтай сай келеді. Нәтижесінде, құрамажем сапасы артып, өндірістің тиімділігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
...