Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ мемлекеттігінің дәстүрлері

Автор:   •  Ноябрь 25, 2023  •  Реферат  •  2,292 Слов (10 Страниц)  •  160 Просмотры

Страница 1 из 10

3Қазақ мемлекеттігінің дәстүрлері.

        Ұлы Дешті Қыпшық даласында қалыптасқан Алаш елінің тарихы біраз кезеңдерді  қамтиды. Қазіргі Қазақстан жерінде өмір сүрген ежелгі тайпалар мен ортағасырлық мемлекеттер біздің этнос ретінде қалыптасу процессінде маңызды рөл ойнады. Қазақтар он бесінші ғасырда бөлек мемлекет құрғаннан бастап, біздің ата-бабаларымыздың бар мақсаты өз елінің шекарасын сақтап қалу болса, Алаш арыстарының жұмысы державаның үстемдігін жойып, азатыққа ұмтылу болды. Сан ғасырлар бойы қанды шайқастардың азабын топырағына сіңірген Қазақ елінің тарихы - халқымыздың өшпес рухына дәлел.

        Қазақ халқы – көшпенділердің ұрпағы. Еуразия даласында белгілі алғашқы көшпенділердің бірі, андрон мәдениетінің ұрпағы, сақ-скиф бірлестігі - біздің арғы ата-бабаларымыз. Сақтар шамамен біздің заманымыздан бұрын  VІІ ғасыр мен ІІ ғасыр аралығында өмір сүрген. Сақтар жайлы алғашқы дереккөздер парсы және грек жазбаларында пайда болған. Б.з.б ғіқ жылы Парсы елінің патшасы, Кирді жеңген сақтар тарихта өзін қуатты тайпа ретінде есімін қалдырған. Сақтардың мәдениеті мен тіршілігі жайлы құнды деректер ғалдырған, тарихтың атасы- Геродот болды. Ол сақтар мен скифтерді жергілікті жұрт емес, Еуропа жерін жаулап алушы жұрт ретінде бағалаған. Сақтар Александр Македонский, ІДарий сияқты жауға төтеп берген. Біздің заманымыздан бұрын VІІ ғасырдан біздің заманымыздың І ғасырына дейінгі аралықта Қара теңізден Сырдария, Үндістан түбегі және оңтүстік Сібірден Памир тау жоталарына дейінгі алып Сахараны Страбон «Сақ конфедерациясы» деп атаған. Қазақ жеріндегі сақтар орналасқан территориясы бойынша бірнеше топқа бөлінген. Мәселен, Жетісу жерін мекендеген сақтар тиграхауда тайпасын құрған. Оңтүстік Қазақстанда исседондар, шығыста аримаспылар, солтүстік батыста аргиппейлер және Арал маңында массагеттер өмір сүргені белгілі. Яғни, біздің ұлтқа тән тайпалық қауымдастыққа бөліну сақтар заманынан қалған мұра деп қарастырсақ болады. Сақтардан бізге жеткен тағы бір мәдени ерекшелік ретінде аңдық стильдің рухани дүниенің үлкен бөлігі ретінде қалыптасуын атасақ болады. Сақтардан кейін біздің жерде б.з.б. ІІ ғасырда Сырдарияның орта ағысында Қаңлылар, б.з.б. І мыңжылдықтың соңында Жетісу, Тарбағатай, Тян-Шань жерлерін Үйсін тайпалары мекен еткен. Сақтардың ұрпағы мен түркілердің тікелей ата-бабасы ретінде тарихшылар ғұн тайпасын қарастырады. Ғұндер- тарихтағы алғашқы көшпенділер империясы. Б.з.б 209 жылы Мөде Саян, Алтай, Жоғары Енесей жерлерін жаулап алып, әлемді тітіркендірген қуатты империяны құрады. Ғұндардың басты қарсыластары қытйлықтар, империяның күшінен қорғану үшін «Ұлы Қытай қорғанын» салады. Алайда, б.з.б І ғасырдың ортасында ғұндар екіге бөлінеді: оңтүстік ( Хань әулетіне бағыны кетеді) және солтүстік ғұндар (батысқа жылжиды). Ғұн империясының тарихында елеулі рөл атқарған кезең ол ғұндардың үстемдігінен Еуропаның этникалық қоныс аударуы. Нәтижесінде әлем картасын өзгерткен бұл процесс «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталады. Аса қуатты ғұн империясы құлдырағаннан кейін Дешті Қыпшақ даласында Ⅵ-Ⅷ ғасырда түркі дәуірі басталады.

        Б.з.б.  552 жылы бой көтерген Түрік қағанаты жужандарды толықтай жеңіп Византия, Парсы елімен қарым қатынас орнатқан. Түрік қағанатының билеушісі Мұқан қаған «Ұлы Азияның шығыстағы билеушісіне» айналды. Б.з.б 603 жылы Түрік қағанаты ішкі саясы қайшылықтарға байланысты батыс (603-704) және шығыс (682-744) болып екіге бөлінді. БТҚ территориясы Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі жерлерді қамтыса, ШТҚ территориясы қазіргі моңғолия жерін қамтыған. Шығыс Түрік Қағанатының қағанары Тоныкөк пен Күлтегінге арналған ескерткіштер көне түркі руна жазуының бар болғанын дәлелдейтін бірден бір тарихи мұра. Жетісу жерінде кейін Түргештер (704-756), Қарлұқтар (756-940) мекен етеді. Қазақстан жерінде исламның таралуына және қытайлардың Жетісудан кетуіне себеп болған б.з.б 751 жылғы Атлах шайқасы Түркештер тарихымен байланысты. Біздің жерімізде орта ғасырларда сондай-ақ хазарлар мен бұлғарларды талқандаған Оғыздар және Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік батысында үстемдік орнатқан қимақтар мекен еткен. Дамыған орта ғасырлық мемлекеттерге Қарахан, Қарақытай және Қыпшақ жатады. Осы кезден бастап Алтайдан Дунайға дейінгі жерлерді атау үшін «Дешті Қыпшақ» ұғымы қалыптасты. Орта ғасырлық мемлекеттердің тарихына нүкте қойған мәселе Шыңғыс хан шабуылы болып табылады. 1224 жылға қарай Тимучин күші барлық Қазақстан жеріне таралып кеткен болатын. Шыңғыс хан өз мемлекетін төрт ұлысқа бөліп қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуында жаңа алғышарт құрады.

...

Скачать:   txt (30.4 Kb)   pdf (89.4 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club