ЖШС-да өсірілетін етті бағыттағы ірі қара тұқымдарының өнімділік ерекшеліктері
Автор: Karlygash22 • Январь 31, 2022 • Курсовая работа • 7,881 Слов (32 Страниц) • 323 Просмотры
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: ЖШС-да өсірілетін етті бағыттағы ірі қара тұқымдарының өнімділік ерекшеліктері
Мазмұны | ||
Кіріспе | 9 | |
1 | Әдеби шолу | 12 |
1.1 | Қазақстандағы етті ірі қара мал шаруашылығының дамуы | 12 |
1.2 | Етті ірі қара тұқымдарының өнімділігі | 24 |
2 | Зерттеу жүргізілген шаруашылықтың жағдайы және зерттеу әдістері | 33 |
2.1 | 33 | |
2.2 | Зерттеу әдістері | 37 |
3 | Зерттеулер нәтижелері | 39 |
3.1 | Мал табынының құрылымы | 39 |
3.2 | Табындағы абердин – ангус, герефорд және әулиекөл етті бағыттағы ірі қара тұқымдары бұқашықтарының тірілей салмақтарының өзгергіштігі | 42 |
3.3 | Етті бағыттағы ірі қара тұқымдардың экстерьерлік көрсеткіштері | 44 |
3.4 | Шаруашылықта өсірілетін ірі қара тұқымдардың ет өнімділіктері | 47 |
3.5 | Шаруашылықта өсірілетін етті бағыттағы ірі қара тұқымдарының өнімділігінің экономикалық тиімділігі | 56 |
Қорытындылар | 80 | |
Ұсыныстар | 81 | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі | 82 |
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ipi қapa шapyaшылығы – мaл шapyaшылығындaғы eң мaңызды caлaсының бірі. Бipiншiдeн – хaлқымызды eң жoғapы caпaлы тaғaмдapмeн қaмтaмacыз eтeдi,eкiншiдeн – жeңiл өнepкәciптi шикiзaтпeн қaмтaмacыз eтeдi, әpi бұл caлa мaңызды opгaникaлық тынaйтқыштapды дa өндipeдi. Қaзipгi yaқыттa әлeмнiң қaндaй мeмлeкeттepiндe бoлмacын cүт жәнe eт өндipy қapқынды өндipicтiк тeхнoлoгияғa нeгiздeлгeн. Мaл өнiмiнiң көбeюi, шapyaшылықты шoғыpлaндыpy жәнe мaмaндaндыpyғa дa көп бaйлaныcты.
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. 2011 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы қарқынды даму үдерісінің интегралды көрсеткіштерінің бірі- агроөнеркәсіп кешенінің дамуы екендігін баяндады. Аграрлық сектордың құрамындағы мал шаруашылығын дамыту нәтижесінде 2012 жылы етті экспорттау 60 мың тоннаны құрап, 4 миллион тонна астық экспортымен теңесу үстінде. Мемлекет бұл жұмысты іске асыру мақсатында кредиттік ресурстардан 130 миллиард теңге бөлуді жоспарға қойған. Ал бұл дегеніміз ауылдық жерлерден 20 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туғызады, 100 мыңнан астам ауылдықтарға кіріс көзін ұсына алады.
Аталған бағдарламаның басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын көтеру. Сондықтан Президент биылғы Жолдауында әлеуметтік жаңғырту мен әр саланы барынша дамыту мәселелеріне айрықша назар аударды [1].
Агроөнеркәсіп кешені өзге де бағыттағы салалармен салыстырғанда халықтың азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандыру мақсатындағы талаптарға сай келеді.
Қазақстанда ет өндірісін дамыту бүгінгі күннің басты назарында тұр. Өйткені мемлекетіміздің индустриялды-иновациялық бағдарламасының ең бір басты мақсаты – бәсекеге қабілетті және экспортқа шығара алатын өнімдерді өндіру [1].
Елімізде азық-түлік мәселесін ойдағыдай шешу тұрғысында жеке шаруашылықтардың қосар үлесі мол. Қазіргі кездле жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің төрттен бір бөлігі, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің үштен бір бөлігі осы жеке шаруашылықтардан өндіріледі. Жеке шаруашылықты өркендетуге мемелекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Осынау қамқорлықтың арқасында ауылдық жерде тұратын жұмысшылар мен қызметкерлердің 81%-ның жеке шаруа қожалықтары бар.
Шаруашылығынан өндірілген өніммен өз қажетін толық өтеген соң, артылғанын мемлекетке өткізуге немесе базарға апарып сатуға толық құқылы. Жеке шаруашылықты мал, құс, аң өсіру, сөйтіп аса сапалы, бағалы өнім өндіру үшін оларды күтіп-бағу және азықтандыру ерекшеліктерін, сұрыптау, іріктеу жағдайларын жақсы білген жан ғана табысқа жетеді.
...