Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ет бағытындағы ірі қара шаруашылығы

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Курсовая работа  •  15,061 Слов (61 Страниц)  •  2,166 Просмотры

Страница 1 из 61

КІРІСПЕ

1. ЕТ БАҒЫТЫНДАҒЫ МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1.Етті  іріқара  шаруашылығындағы табын құрылымы

1.2. Мал басын өз төлінен көбейту жұмыстарын ұйымдастыру

1.3. Жас малды жетілдіре өсіру,бордақылау және жайып семірту

2. ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС СИЫРЫ ТҰҚЫМЫ

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1. Шаруашылық  орналасқан аймақтың табиғи-климаттық жағдайлары

3.2. Шаруашылықтағы  малдардың  өнімділігі, жүргізілетін тұқым асылдандыру жұмыстары және даму перспективасы

4. ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ ЕТ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

5. ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ

6. ШАРУАШЫЛЫҚ АУМАҒЫНДА  ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

ҚОРЫТЫНДЫЛАР

ҰСЫНЫСТАР

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Халықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуде етті ірі қара шаруашылығының орны ерекше. Елімізде өндірілетін барлық ет көлемінің ішінде бұл саланың үлесі басым. Сиыр етін өндіруді арттырудың бірнеше жолы бар: мүйізді ірі қара малының санын көбейту, жас малдарды қарқынды өсіру және бордақылау, сүт және сүт-ет бағытындағы сиырларды етті тұқымдардың бұқаларымен өндірістік будандастыру, сонымен қатар маманданған етті ірі қара шаруашылығын жедел дамыту.

Маманданған ет бағытындағы мүйізді ірі қара шаруашылығы технологиясының негізінде малды өз төлінен көбейту және бұзауларды «сиыр-бұзау» жүйесінде өсіруді ұйымдастыру жатыр. Аталған жүйеге маусымдық төл алу, оларды жайылымда енесінің жанында 6-8 айлығына дейін бағу және енесінен айырғаннан кейін одан әрі өсіру мен бордақылау кіреді.

Отандық және шет елдік тәжірибе етті ірі қара шаруашылығының табысты дамуы көп жағдайда жергілікті жердің жағдайына бейімделген өнімділігі жоғары мал тұқымдарын шығаруға және оларды тез көбейтуге байланысты екендігін көрсетіп отыр. Мысалы, АҚШ-та 30-ға жуық етті мал тұқымдары әр аймақтың табиғи-климаттық, мал азықтық ерекшеліктерін ескере отырып өсіріледі.Атап айтқанда солтүстікте герефорд, абердин-ангусс тұқымдары өсірілсе, оңтүстікте санта-гертруда т.б. тұқымдар бағылуда. Сондықтан мүйізді ірі қара тұқымдарын өсіру жоспарланғанда сол аймақтың табиғи, азықтық ерекшеліктері барынша ескерілуі қажет.

 Қызылорда облысы табиғи жайылымдар мен шабындықтарға бай. Сонымен қатар облыста егін шаруашылығы қалдықтарынан да көп мөлшерде мал азықтары дайындалады. Ал бұлар етті мал үшін пайдалануға болатын қорек көздеріне жатады. Осындай көп факторларды ескерсек, Арал ауданы етті ірі қара шаруашылығын дамытуға таптырмайтын өңір. Осы аудандағы «Берекет» шаруа қожалығы облыстағы асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсіретін бірегей шаруашылық. Осы диплом жұмысы аталған шаруашылықтағы етті ірі қара өсірудің технологиялық-селекциялық мәселелеріне арналған.

1. ЕТ БАҒЫТЫНДАҒЫ МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Етті ірі қара  шаруашылығындағы  табын құрылымы

Мал санын көбейтіп, ет өндіруді арттыру жұмысында ірі қара мал табынының құрылымының, яғни табындағы мал топтарының жынысы мен жасының үлес салмағы сәйкес келуінің үлкен маңызы бар. Сүтті мал шаруашылығындағы ең басты міндет ірі қара малынан сүтті неғұрлым көбірек алу болғандықтан, табында сауын сиырдың үлес салмағы өте басым болуы тиіс екені түсінікті. Бұл салада малдың қалған барлық жас және жыныстық топтары екінші кезекте тұрады.

Етті мал шаруашылығы табынының неғұрлым дұрыс және тиімді құрылымы – жылдың бас кезіндегі ірі қара малға шаққанда еңбекті, өте қымбатқа түсетін жем-азықты және қаржыны неғұрлым аз жұмсап, сапасы аса жоғары етті соғұрлым көп алуға мүмкіндік беретін мал құрылымы болып табылады. Мұнда өндірілген жалпы ет өнімінің көлемі табындағы сиырдың санына ғана емес, сонымен бірге құнажындардың санына да байланысты, өйткені олар да төл береді, бұзаулағаннан кейін құнажындар сиыр тобына қосылады.

Еттің жалпы өніміне малдың басқа топтарының да, етке сойылған малдың жасының да үлкен маңызы бар. Мысалы, екі табындағы малды 100 бас деп есептеген кезде олардан алынған төл мен аман сақталу проценті, жылдың басында болған сиыр мен құнажын саны, осы топтағы барлық ұрғашы-еркек, ірілі-уақты малдардың тірілей салмағы бірдей деп есепке алынады, алайда  бракқа шығарылатын сиырлардың проценті екі табында екі түрлі: біріншісінде – 13%, екіншісінде – 20%. Осының нәтижесінде екі табындағы сиыр санының бірдей болғанына қарамастан, құнажындардың көбірек бұзаулауы есебінен көп бұзау алады. Мұның өзі өндірілген еттің жалпы өнімін жылдың басында болған әрбір 100 ірі қараға шаққанда 5 процент арттырады.

...

Скачать:   txt (202.7 Kb)   pdf (505.1 Kb)   docx (84.3 Kb)  
Продолжить читать еще 60 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club