Көне ғибадат ету орындарының ортағасырлық ғұрыптық құрылыстармен кейбір байланыстары
Автор: Данияр Дүйсенбай • Ноябрь 6, 2019 • Курсовая работа • 33,377 Слов (134 Страниц) • 629 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | ||
1 1.1 1.2 1.3 | ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ҒҰРЫПТЫҚ-ЕСКЕ АЛУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ Қола дәуірінің ғұрыптық-еске алу орындарының зерттелуі Ғұрыптық қоршаулар Менгирлер | |
2 2.1 2.2 2.3 2.4 | ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ҒҰРЫПТЫҚ-ЕСКЕ АЛУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ Сақ дәуірінің ғұрыптық-еске алу құрылыстарының зерттелу тарихы «Мұртты» обалардың түрлері және олардың маңызы Ғұрыптық қоршаулар (сегіз және бес тасты қоршаулар негізінде) Тас мүсіндер | |
3 3.1 3.2 | КӨНЕ ҒҰРЫПТЫҚ ОРЫНДАРДЫҢ КЕЙІНГІ ДӘУІРЛЕРМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ Көне ғибадат ету орындарының ортағасырлық ғұрыптық құрылыстармен кейбір байланыстары Көне ғұрыптық орындардағы салт-жоралардың қазақтың салт-дәстүрлерімен ұқсастығы және ерекшелігі | |
ҚОРЫТЫНДЫ | ||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ | ||
ҚОСЫМШАЛАР |
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Көне заман ескерткіштерінің мол шоғырланған өңірлерінің бірінен саналатын Орталық Қазақстан аймағы Еуразия даласындағы археологиялық зерттелу тарихы ғасырдан астам уақытты қамтитын бірегей аудан ретінде белгілі. Сондықтан әр дәуірде жүргізілген зерттеулерді жүйелеп, бұрынғы ізденістердің мәнін, археологиялық ізденістердің маңыздылығын көрсету археология ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі.
Қола дәуірінің адамзат тарихындағы маңыздылығы – қола металлугиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауда басты шикізат көзі ретінде қоғамдық-өндірістік қатынастардың дамуына ықпал етуімен сипатталады.
Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың бірінші ширегінде Еуразия даласында қола қолданысқа енеді. Қоланы өндіру Қазақстан жеріндегі өте бай мыс пен қалайы металдарын жоғары деңгейде игерумен тығыз байланысты болды. Сондай ірі металлургиялық ошақтардың негізгілері қазіргі Қазақстанның территориясында орналасты.
Республика территориясының орталық бөлігін алып жатқан Орталық Қазақстанның көне ескерткіштерін зерттеу Қазақстан мен Еуразия даласында көрнекті роль атқарды. Бұл аймақ еуразиядағы қола дәуірінің теңдессіз ошағына айналды.
Ерте темір дәуірінде Еуразия даласында, оның ішінде Орталық Қазақстанда көшпенділік үстемдік құрып, темір өндіру мен мал шаруашылығы негізгі шаруашылыққа айналған жаңа форматтағы қоғам өмір сүрді.
Орталық Қазақстанның табиғи ландшафты әртүрлі болып келеді. Онда жазықтармен шектесетін биіктігі орташа таулы аудандар, жартылай шөлейтті және шөлейтті аймақтар да ұшырасады. Бұл өңірлер құнарлы жерлер мен жайылымдарға ғана емес, кен орындарына да өте бай. Су көзінің басты артериясы – Нұра, Есіл тәрізді өзендердің көп сағаларымен ерекшеленіп тұрады. Міне, осы аталған табиғи жағдайлар Орталық Қазақстанды мекендеген ежелгі тайпалардың жоғарғы мәдениетінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Орталық Қазақстанның аймақтық шекарасының нақты келбеті жоқ. Территориялық тұрғыдан қолданып жүрген «Орталық Қазақстан» термині археологиялық зерттеулерде, әдетте жалпы мағынада қолданылады.
Көлемді географиялық әдебиеттерде, әсіресе аудандарға бөлу туралы еңбектерде «Орталық Қазақстан» түсінігі туралы біржақты көзқарас жоқ және де зерттеушілер бұл терминге үнемі бір территорияны кіргізген емес. Географ мамандар Орталық Қазақстанды көбінесе Қазақтың ұсақ шоқылығымен байланыстырады. Ал, Орталық Қазақстан жері бұрыннан қазақ халқының тарихи атауында «Сарыарқа» деп аталатын аумақта орналасқан. Сарыарқаның ортағасырлық формасы «Арқа» екендігі анықталды. «Сарыарқа» атауының қолданыстан шығуы Кеңестік кезеңде орын алды. Аталмыш атау тек Орталық Қазақстан ғана тән болып, басқа аймақтар жаңаша атауларға ие болды. Бұл әкімшілік бөліністің біз қарастырғалы отырған көне заманның ғұрыптық ескерткіштерін зерттеуде үлкен қолайсыздықтар әкелмеуі үшін магистрлік жұмысқа Сарыарқа жеріндегі көне ғұрыптық маңызы бар ескерткіштерді қамтуға тырыстық. Себебі Сарыарқа жері - сонау қола дәуірінен бастап Беғазы-Дәндібай, Тасмола тәрізді мәдениеттерді қалыптастырған тұрғындардың мекені. Оған дәлел, аталмыш аймақтан көптеп табылып жатқан археологиялық ескерткіштер мен одан шыққан артефактілер.
...