Антенаталды алдын алу шаралар
Автор: assel007 • Декабрь 9, 2018 • Реферат • 829 Слов (4 Страниц) • 957 Просмотры
Профилактика-алдын алу,ескерту, сақтандыру деген сөзді білдіреді.Бұл тер мин ғылымның барлық саласына енген, ал медицинада –ол аурудың алдын деген ұғымды білдіреді.Профилактика алғашқы және екінші (Қайтара) болып бөлінеді.
Алғашқы алдын алу- ауруды болдырмауды ескертуге арналған шаралар жиынтығы
Екінші (қайтар) алдын алу – организмде бар ауруды өршітпей, асқындырмай алдын алу шаралары болып табылады.
Бірінші және екінші алдын алу шаралар
Бірінші және екінші алдын алу шаралары үшке бөлінеді, олар:
- Медициналық
- Гигиеналық
- Әлеуметтік болып.
Медициналық алдын алу шаралары төмендегідей:
- Салауатты өмір салтын насихаттау
- Алдын алу егу жұмыстарын жүргізу және оны ұйымдастыру
- Мерзімді және мақсатты медициналық тексеру
- Диспансерлік бақылау
- Гигиеналық тәрбие
Гигиеналық алдын алу
Гигиеналық алдын алу- денсаулық негізі.Гигиена-адам ағзасына қоршаған орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларлың тигізер әсерін зерттейтін ғылым.Гигиена аурудың алдын алуға және денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған шараларды белгілейді.Гигиенистер қоршаған ортаның зерттелген факторларын негізге ала отырып, адам өмірі мен еңбек етуіне қолайлы жағдай жасауға,тұрғындарды сауықтыруға, аурушаңдық пен өлім деңгейін төмендетуге,өмір сүру уақытын ұзартуға,жұмыс істейге қабілетті және т.б.жағдайларды жақсартуға бағытталған қолданбалы шара -ларды ұсынады.Гигиена ғылымының басты мақсаты –қоршаған ортаны сауықтыру арқылы алғашқы (біріншілік) профилактиканы өткізу, яғни адамға әсер ететін қолайсыз факторлардың алдын алу болып табылады.Гигиенистер жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы бағытталған іс шаралар жүргізеді.
Әлеуметтік алдын алу
Әлеуметтік алдын алу- қоғам денсаулығы ,денсаулық сақтау жүйесі және медицина саласының әлеуметтік проблемалары туралы ғылым.Бұл ғылым басқа ғылымдардан өзіне тән зерттеу әдістерімен,алдында тұрған мақсат міндеттерімен ерекшеленеді.Әлеуметтік медицина ғылымының медицина ғылымынан айырмашылығы –ол тек жеке адамдардың ғана денсаулығын емес, жалпы тұрғындардың қоғамдық,кәсіби топтарының денсаулық жағдайының деңгейі мен қалыпты күйінің және оның өзгеруіне биологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың тигізетін әсерін зерттейді. Осы аталған бағыттармен атқарылған жұмыстар қортындысы бойынша, қоғамды сауықтырудың ғылыми тұрғыда негізделген тиімді жолдарын анықтайды. Қоғамдық саяси,әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу,қайта құру кезеңінде әлеуметтік медицина ғылымының бағыты өзгерді. Себебі, осы кезеңде шаруашылықты жаңа заман талабына сай басқару экономикалық және қаржылық проблемалар, медициналық қамсыздандыру,медицина қызметкер лерінің құқығын реттеу және емделушілердің құқығын қорғау т.б. толып жатқан өзгерістер әлеуметтік медицинаның ғылыми зерттеу жұмыстарының аясын кеңейтті.
Нарықтық экономикалық қатынас кезеңінде ауысыға байланысты әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару пәніне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліуімен қатар , медицина саласына байланысты бірнеше заңдар қабылданды.мемлекеттік және мемлекеттік емес (Жекеменшік, акционерлік т.б.) медициналық мекемелер халыққа қызмет көрсете бастады.Осыған орай оларды басқару прициптері мен тәсілдері әртүрлі болғанымен, негізгі мақсат медициналық көмектің тиімділігін сақтау болды. Бұл мақсатты орындау аса маңызды бірнеше 4- бағыттар бойынша жүргізілуде.
1.Денсаулық сақтау саласының дамуын ұзақ уақытқа жоспарлау. Ол үшін 1998 жылы «Халық денсаулығы», «мемлекеттік
...