Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары
Автор: zagira.duysekova • Ноябрь 11, 2019 • Курсовая работа • 7,345 Слов (30 Страниц) • 1,023 Просмотры
Мазмұны
Аннотация
Кіріспе...................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылық жасау түсінігі
1.1. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылық және оның
жағдайы..........................................................................................................5
1.2. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың
себебі...............................................................................................................5
2. Кәмелетке толмаған жас қылмыскерлер жауапкершілігі
2.1. Жамбыл облысы бойыша жасөспірімдер тарапынан жасалған
қылмыстық құқық бұзушылықтың қазіргі жағдайын талдау ..................9
2.2. Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза ерекшеліктері.................12
3. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары
3.1. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықты
болдырмауда құқықтық тәрбиенің маңызы...............................................17
3.2. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын
алуда құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру..........................21
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Зерттеу күнделігі
Пікір
Кіріспе
Ғылыми жұмыста жасөспірімдердің қылмыстық құқықбұзушылықты жасау себептері мен жағдайлары, олардың жеке бас ерекшеліктері және қылмыстардың алдын алу мәселелерін одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.
Жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар саны көбеюде, мұндай қылмыстарды кәмелетке толмағандар көбіне топтасып жасайды.
Сонымен қатар қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік келеңсіз өзгерістерден туындаған жаңа криминогендік факторларға, кәмелетке толмағандардың теріс қылықтарындағы сылтаудың өзгеруіне, олардың жауапкершілігін реттейтін қылмыстық заңнамадағы өзгерістерге байланысты кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық көріністер ары қарай мұқият зерттеуді, әсіресе қылмыстық-құқықтық тәсілдермен оның алдын алу жолдарын зерттеуді керек етеді.
Жасөспірімдер қылмыстық құқық бұзушылық жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін барады. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылық ер балалар мен қыз балалардың нашақорлық, таксикомания және алкагольдық әсерімен жасалады. Қазіргі таңда мастықпен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық айтарлықтай жиі кездеседі. Әрбір бесінші қылмыстық құқық бұзушылық жасөспірімдердің алкагольдың немесе анашаның әсерімен жасалады. Қазіргі таңда қыз балалардың қылмыс жасауы жиі кездесіп жатады. Алдын ала жоспарланып, дайындалып, техникамен жабдықталған қылмыстар да көбейіп бара жатыр. Бұл кылмыстарды көбінесе топтасып жасайды. Жастардың тең жартысы топ ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасайды. Кәмелетке толмағандардың жасайтын қылмыстық құқық бұзушылықтардың арасында ерекше орын алатыны бұзақылык. Бұзақылық үшін сотталғандар ішінде қылмыстық құқық бұзушылықты аса қатыгездікпен жасағандар басым көпшілік. Кәмелетке толмағандардың кылмыстық құқық бұзушылық мінездемесін занды білмегенмен түсіндіруге болады. Бұл біріншіден жалпы халықтың құқтық сауатсыздығы, екіншіден жасөспірімдердің өздері заңға немқұрайлы қарауы, заңды толық білмеуі олардың әділеттікке сенбеуін туғызады. Соңғы кезде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың өсіп түсуі экономикалық жағдайлардың нашарлауы және қоғамның қысымы деген тұрақты ой калыптасуда.
...