Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қан тамыр арналарының әртүрлі бөліктерінің функционалды сипаттамасы

Автор:   •  Сентябрь 9, 2021  •  Реферат  •  975 Слов (4 Страниц)  •  319 Просмотры

Страница 1 из 4

1.Қан тамыр арналарының  әртүрлі бөліктерінің функционалды сипаттамасы 

Қылтамырлар адам шашынан 50 есе жіңішке болады. Қылтамырлардың жақтаулары өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Қылтамыр жақтаулары 3 қабат:

  • ішкісі, эндотелиальдық ортанғысы,
  • базальдық,
  • сырткысы адвентициальдық.

Бұл қабаттар әртүрлі ағзалармен қан арасыда және басқадай заттар алмасуын қамтамасыз етеді.

Қылтамырларда қан өте баяу ағады. Сондықтан қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, өзі көмірқышқыл газымен қанығып, Көктамыр қанына айналады. Қандағы корек заттар кылтамырлардың жақтауымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. Қылтамырлардан қан көктамырларға жиналады.

Олардың кабырғалары өте жүқа болғандықтан, еріген қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы, алмасу өнімдері оңай өтеді. Химиялық және жүйке тітіркендірулерінің әсерінен қылтамырлар бірде кеңейіп, бірде тарайып отырады. Қылтамырларда қан қысымы күретамырларға қарағанда төмен болады.[1]

Күретамырлар- қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларга тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі күретамырлары бар. Оң жақ қарыншадан басталатын - өкпе күретамырлары ішінде көктамыр қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын - қолқа күретамыры (аорта) ішінде күретамырлар қаны. күретамырлар жақтауы 3 кабаттан тұрады: сыртқы қабаты - дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты - бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты - жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. күретамырлары жақтауы қалың әрі серпімді. Олардың сыртқы қабаты беріктік, серпімділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабаты серпімді талшықтар мен бірыңғайсалалы бұлшыкеттерден тұрады. Бұлшыкеттер жиырылып, босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді. Ішкі қабаты қантамырлардың қабырғасына қосымша беріктік қасиет береді. Ірі артерия қантамырларымен ағатын қанның кысымы өте жоғары болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпімді болуының маңызы өте зор. күретамырлары бұлшыкеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі күретамырлары - қолқа көктамыры (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын күретамырлары тармақтанып, жіңішке қылтамырларға айналады.

күретамырлары бойымен көбінесе артерия қаны ағады. Тек өкпе артерия қантамырының ішімен көктамыр қаны ағады.

Ерекше ескертетін жағдай - барлық күретамырларымен тек күретамырлары қаны, барлық көктамырлармен тек көктамыр қаны ағады деген түсінік қалыптаспауы тиіс.

Көктамырлар (лат. vena) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайдыкүретамырына ұксас көктамырлардың да кабырғасы 3 кабаттан тұрады. Күретамырға қарағанда көктамырлардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұка, жұмсак, серпімділігі аз болады. Көктамырлар бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Күретамырларға қарағанда көктамырларда қан козғалысы баяу.

Көктамырлар орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Көктамырлар канның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшыкеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын көктамыр қаны, алдымен ұсақ көктамырларға жиналады. Ұсақ көктамырлар өзара қосылып, ірі көктамырлар түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын көктамырлар жоғары және төменгі қуысты көктамырларға айналады. Бұл екі көктамырлар көктамыр қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.

Өкпеден келетін 4 өкпе көктамырлар сол жақ жүрекшеге күретамыр қанын тасиды.

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (103.2 Kb)   docx (12.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club