Физикалық агенттердің әсерімен байланысты бұзылулар
Автор: Bekshod • Апрель 13, 2018 • Реферат • 735 Слов (3 Страниц) • 747 Просмотры
Физикалық агенттердің әсерімен байланысты бұзылулар
Радиациялық нефрит. Бүйрек түтікшелерінің иондаушы сәулеленуіне жоғары сезімталдығы бар, сондықтан жоғары іштің терапевтік сәулеленуіне сақ болу керек. Бұл науқастар гипертензия және бүйрек жеткіліксіздігі дамиды. Гистологиялық тұрғыдан гломерулосклероз белгілері, қан тамырлары зақымданған және интерстициальды фиброз көрінеді. Түтікшелер атипикалық жасушалармен қапталған және көп қабатты базальді мембраналармен сипатталады.
Обструкциялық уропатия. (гидронефроз)- оған интерстициальды нефрит ортақ себеп болып табылады. Зәр шығару жолдарының кедергісіне себеп болуы мүмкін:
-туа біткен аномалиялар(бүйрек астаушасының стенозы, қуық-несепағар рефлюкс)
-ісіктері (қуық безінің және қуықтың қатерлі ісігі);
-Гиперпластикалық жағдайлар. (қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы)
-тастар
Клиникалық симптомдары обструкциялық сатысына байланысты. Мысалы: тас немесе папилломаның фрагменті бүйрек коликасына әкеледі немесе қуықтың қатерлі ісігі немесе қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының симптомдары пайда болады.Жедел обструкция зәр шығару жолдарының төменгі бөлімдерінің ауырсынуы мен анурияға әкеледі.
Жартылай немесе бір жақты обструкция жасырын түрде өтуі мүмкін, кейде бірнеше жыл бойы симптомсыз өтеді.Полиурия мен никтурия пайда болады. Ерте кезеңдерде бүйректің концентрациясының функциясы төмендедейді, ацидоз каналында үлкен тұздар анықталады. Гипертония жиі дамиды.
Патогенезі.Тостағаншалармен астаушалардың кеңеюі нәтіжесінде қан қысымның жоғарлайды ал жедел обструкциялық кезде қатты кеңеймейді.Несепағардың перистальтикалық белсенділігі артады,ол астауша ішілік қысымды артуына әкеледі,ол паренхимаға беріледі. Алғашқы қалыптасқан ультрафильтрат лимфа және қан тамырлары арқылы қайта сіңіріледі. Қысымның жылдам өсуі, милы және медулла қабатындағы қан ағымын азайтады, бұл фильтрация қызметін бұзады.Нәтижесінде ұзақ обструкция астаушалардың кеңеюімен паренхиманың жойылуы себінен дамиды.(гидронефроз)
Пиелонефрит - инфекциялық ауру,ол бүйрекке гематогенді және зәр шығару жолымен түседі. Бүйректерге мол қан өткендіктен , олар жиі сепсисемиямен бірге жүретін түрлі жағдайларға жиі ұшырайды. Ең көп таралған патогендер - бұл бактериялар. Зәр жолдарының инфекциялары өте жиі кездеседі ол тыныс жолдарының инфекцияларынан кейін екінші орынды алып жатады. Дегенмен, зәр шығару жолдарының барлық инфекцияларымен пиелонефрит дамымайды, оның дамуы үшін несепағар куық рефлюкс қажет.
Пиелонефриттің дамуы зәр шығару жолдарының әр түрлі тосқауылдарының жиілігімен байланысты.Балалық шақта көбісі ұл балдар жиі ауырады,оларда түрлі аномалиялар зәр шығару жолдарының ауытқулары жиі кездеседі. Жасөспірімдік кезеңінде орта жастағы әйелдерге жиі ауырады, ол жүктілікпен зәр шығару жолдарының жиі жарақаттануна байланысты. 40 жастан кейін еркектер простатаның түрлі ауруларының дамуына байланысты ауырады. Сондаяқ аспаптық зерттеулер және манипуляциялар аурудың пайда болуына ықпал етеді(мысалы катетеризация және цистоскопия) сонымен қатар қант диабеті.
Жедел пиелонефрит пиогендік микроорганизмдермен ауыратын кезде дамиды.
Ауру жоғары қызбамен, қалтырау және бел тұсында ауырсынумен пайда болады. Дизуриялық көріністер зәр шығару жүйесінің төменгі бөліктерінде инфекцияның болуын болжайды. Зәрде протеинурия (1 г/л дейін), лейкоцитоз, лейкоцитарлы (ақ) цилиндрлер және бактериялар анықталады. Диагноз бактериологиялық зерттеу арқылы расталады. Диагностикалық зерттеуде 1 мл зәрдегі 100 000-нан астам микроорганизмдер табылады. Жедел пиелонефрит барлық жаста кездеседі, бірақ көбінесе жыныстық жетілу кезінде және жүктіліктен кейін пайда болады.
...