Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың жасалуына әсерін тигізетін себептер мен жағдайлар
Автор: chembayev7 • Апрель 23, 2018 • Курсовая работа • 11,627 Слов (47 Страниц) • 888 Просмотры
Жоспары
КІРІСПЕ 2
1 ҚАРУДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЗАҢДЫ ТАЛДАМАСЫ 5
1.1. Қарудың заңсыз айналымының объектісі 5
1.2 Қарудың заңсыз айналымындағы қылмыс заты 10
1.3 Қарудың заңсыз айналымының объективті жағы 14
1.4 Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың субъективті белгілері 19
ІІ ҚАРУДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ЕСКЕРТУ 26
2.1. Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың жасалуына әсерін тигізетін себептер мен жағдайлар 26
2.2 Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды 37
ескерту шаралары 37
2.3 Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды ескертудегі ішкі істер органдары жетекшілерінің атқаратын ролі 47
ҚОРЫТЫНДЫ 50
Қолданылған әдебиеттер тізімі 51
КІРІСПЕ
ҚР ҚК 9 – тарауында орын алған қоғамның қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар атты тарауы өз алдына ерекше сипатқа ие.
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығында қарудың заңсыз айналымымен күресудің теориялық проблемалары күрделі және жеткіліксіз өңделген институт болып танылады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығында қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстармен күресудің теориялық проблемалары аз өңделген, сондай-ақ оқулықтарда жеткіліксіз айтылады. Адамның жеке басы қауіпсіздігі әлеуметтік жоғары құндылық болып танылады.
Қоғам салаларының дамуының жетістіктері адамның маңызды мүддесі өмірі мен денсаулығын сақтауға қажет болып танылады. Сондай-ақ заң туралы әдебиеттерде қарудың заңсыз айналымымы саласындағы қылмыстармен күресудің теориялық проблемалары Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің басқа институттарымен өзара байланысы жеткіліксіз айтылған.
Құқықтық мемлекет құру адамның жеке басы құқығын өмірі мен денсаулығын, заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып танылады.
Мысалы біздің елімізде 1998 жылы 1134 қылмыс қаруды пайдаланып жасалынған. Заңсыз айналымнан 3274 қару алынған. 1999 жылы ішкі істер органдарымен 4300 қару заңсыз айналымнан алынған. 2000 жылы қаруды пайдаланып кісі өлтірудың саны 39 болған.
Сонымен бірге қоғамдық әлеуметтік ортада адамның жеке басы оның денсаулығы құндылығы әрқашанда ескеріліне бермейді. Қылмыстық құқық теориясында қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күресу проблемаларына толық жеткілікті тұрғыда назар аударылмаған.
Кейбір осы мәселелерге қатысты сұрақтар мысалы көршілес елдердің В.В. Агафонов, В.Ю. Владимиров, В.Д. Малков, А.С.Подшибякин, сонымен қатар қазақстандық заңгер ғалымдар Н.М. Абдиров, З.О. Ашитов, Е.И. Қайыржанов, А.Д. Макуха, Г.С. Мауленов, М.С. Нарикбаев, Г.Р. Рүстемова Д.С. Чукмаитов және т.б басқаларымен зерттулер жүргізілген.
Осыған байланысты қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар саласындағы қылмыстардың түсінігін анықтау туралы ұшқыр қажеттілік туындайды. Осыған ұқсас қылмыстардың обьективті және субъективті белгілеріне талдау жасау немесе айқындау қажет.
Зерттеудің мақсаты болып, қарудың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстармен күресудің теориялық проблемаларын анықтау және ІІО қызыметкерлерімен тәжірбиеде күресу тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау болып танылады.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін автор өзінің алдына мына міндеттерді қояды:
- Қарудың заңсыз айналымының саласындағы қылмыстардың жалпы түсінігіне;
- Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың криминологиялық сипаттамасына;
- Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың жасалу жағдайлары мен себептеріне;
- Қарудың заңсыз айналымымы саласындағы қылмыстарды жалпы алдын алу және ескерту шараларына талдау жасау.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар деп қылмыстық заңмен қарастырылған, қоғам қауіпсіздігіне қол сұғатын, қарым-қатынастарға, яғни адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін қоғамдық қауіпті әрекеттер деп айтамыз.
...