Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Миометрияға əсер ететін дəрілер

Автор:   •  Ноябрь 26, 2018  •  Реферат  •  1,193 Слов (5 Страниц)  •  5,177 Просмотры

Страница 1 из 5

                               Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрілігі

                                                  Каспий Қоғамдық Университеті

                                            СӨЖ  

                 

                   Тақырыбы: Миометрияға əсер ететін дəрілер

                 Орындаған: Серікханова Айым

                                                                                                                Тексерген: Жумабаева А.Б 

                                     

                                                                                 Алматы қаласы

                                                                                          2018                          

Миометрияға əсер ететін дəрілер

Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігін нейрогуморальді механизмдер реттейді.Миометрияда М-холинорецепторлар,d- жəне  B адренорецоптарлар орналасқан.Миометрияның секреторлы белсенділігіне сонымен қатар эстроген,окситоцин жəне простагландин қуаттандырғыш əсер көрсетеді.Миометрияның жиырылғыштық қызметін фармакологиялық тұрғыда реттеу жатырға нейрогенді немесе гуморальді əсер ететін түрі өзгерген эндогенді заттар мен препараттар қолдануға негізделеді.

1.Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дəрілер(Утеростимуляторлар)

Миометрия-жатырдың бұлшық етті жүйесі.Миометрияның ырғақты жиырылуын күшейтетін дəрілер тек клиникалық жағдайда босану ағынын жеңілдетеді.

Окситоцин-миометрияның ырғақты жиырылуын тудыратын гипофиздің артқы бөлігінің гормоны.Окситоцин миометрия мембранасының жасушаларына К+ иондарының өткізгіштігін жоғарылата отырып,əсер потенциалын азайтып,қозуды күшейтеді.Окситоцинге жатыр жүктіліктің соңғы айларында əсіресе босану кезінде сезімтал келеді.Окситоцин мерзімінен бұрын су кеткенде тиімді.Миометрияда окситоциннің əсерін эстрогенді гормондар күшейтеді.Окситоцин сүт бездерінің секрециясын жоғарылатады.Босануды шақыру жəне қуаттандыруда(к/т(мин.8-40 тамшыға дейін)босанғаннан кейінгі жатырдан гипотониялық қан кетуді тоқтату үшін(б/е) жатырдың атониясында толғақты қуаттандыру үшін қолданылады.Жамбас пен ұрықтың өлшемі сəйкес келмеуінде,ұрықтың көлденең жəне қиғаш орналасуында, жатырдың жыртылу қауіпінде,кесар тілігінен кейінгі жатыр тыртығында қолдануға болмайды.

Oxytocinum-окситоцин(Б):1мл амп.к/т(1мл-н 5 %500мл глюкоза ерітіндісімен)тамшылатып енгізіледі.

Метилокситоцин-окситоциннің синтетикалық аналогы;əсері,қолданылуы жəне қолдануға қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.

Дезаминоокситоцин-50 ƏБ таб.-босануды күшейту үшін транскукальді(шайнамай жəне жұтпай ұртында сіңіруі қажет)əр 30мин сайын таб.белгіленеді.Сонымен бірге босанғаннан кейінгі кезеңде жатырдың инволюциясын тездету жəне лактацияны қуаттандыру үшін қолданылады.

Питуитрин-жануарлар гипофизінің артқы бөлігінен алынатын сулы сығынды.Құрамында окситоцин жəне вазопресин бар.

Гифтоцин-құрамында вазопрессинді аз питуитрин болып келеді,б/е жəне к/т енгізіледі.

Простагландиндер тобының препараты:динопрост(энзапрост F,простагландин F2),динопростон(простагландин Е2,простинЕ2,препедил гель).

Простагландиндер-ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларында түзілетін,жартылай қаныққан май қышқылдарының туындысы болып табылатын биологиялық белсенді заттар.Простагландиндердің Е жəне F түрі  миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне күшті қуаттандырғыш əсер көрсетеді.Простагландиндерді босану қоздыру жəне қуаттандыру үшін,сонымен қатар медициналық көрсеткіштері бойынша жүктіліктің соңғы айларында оны тоқтату үшін қолданылады.

Жанама әсері: жағынан лоқсу, құсу, іш өту, тахикардия, бронхспазм, гипертермия, аллергиялық реакциялар, флебиттер (әсіресе к/т енгізгенде) байқалады. Ал интравагинальды, экстрааминальды (ұрық қабықшасының сыртынан) 15 аптаға дейінгі кезеңдегі және интрааминальды (ұрық қабықшасының ішінен) 15 аптадан асқан кезеңдегі жүктілікте жанама әсерлер аз байқалады. Окситоцинге ұқсас, срндай-ақ жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларының ауыр түрінде, бүйрек, бауыр, қан жүйесінің ауруларында, бронх демікпесінде, глаукомада және эпилепсияда қолдануға болмайды.

...

Скачать:   txt (13.2 Kb)   pdf (122.8 Kb)   docx (18.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club