Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы және медицина генетиканың негіздері.Тұқым қуалау белгілерінің тұқым қуалау типтері.Тіркес тұқым қуалау

Автор:   •  Ноябрь 30, 2018  •  Реферат  •  1,411 Слов (6 Страниц)  •  1,063 Просмотры

Страница 1 из 6

    Реферат

Тақырыбы:”Жалпы және медицина генетиканың негіздері.Тұқым қуалау белгілерінің тұқым қуалау типтері.Тіркес тұқым қуалау.”

                                                       Орындаған:Дәулен А.

              Тексерген:Мадиевна А.    

Жоспар:

IКіріспе

IIНегізгі бөлім:

А)Аутосомды-доминантты тұқым қуалау

Ә)Аутосомды-рецессивті тұқым қуалау

Б)X-хромосомамен тұқым қуалау

IIIҚорытынды

                                       

                                                Кіріспе

Генетика-тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы ғылым.”Генетика” терминін ғылымға 1906жылы ағылшын ғалымы У.Бэтсон енгізген.

Генетиканың зерттеу обьектісі тұқым қуалау материалының құрылысы мен қызметін оның құрылымының әртүрлі деңгейінде;гендік,хромосомалық,геномдық;тірі ағзаларда гендердің (бнлгілердің) тұқым қуалау заңдылықтарын,гендер мен генотиптердің ағзалар тобында таралу және бөліну механизмдерінтүсіндіру,гендердің өзара және қоршаған орта факторларымен әсерлесуі,генетикалық өзгергіштіктің(мутациялық және рекомбинативтік) пайда болу механизмдерін және себептерін,тірі ағзалардың жеке дамуы мен эволюциясының генетикалық негіздерін және тағы да басқа зерттеу болып табылады.

Тұқымқуалаушылық ұрпақтан ұрпаққа ағзалардың құрылымдық-функционалдық байланысын қамтамасыз ететін генетикалық механизмдердің жиынтығы болып табылады.Бұл механизмдер тұқымқуалау материалының гендік,хромосомалық жене геномдық деңгейлерде құрылымдық принциптерінен,сонымен бірге гендердің(генетикалық материалдың)көбею үдерісінде таралу заңдылықтарынан шығады.

Тұқым қуалау түсінігі белгілі биологиялық түр дараларының жеке белгілердің структуралық-функционалдық құрылымдарының келесі ұрпаққа берілу үдерісін түсіндіреді.Тұқым қуалау-бұл тұқымқуалаушылықтың сыртқы көрінісі,тұқымқуалаушылықтың мехенизмдері тұқымқуалаудың ережелерін(заңдылықтарын) анықтайды.

Генетика-күрделі,зерттелетін обьектілердің әртүрлілігіне байланысты жеке ғылымдар мен бағыттардан тұратын мультипәндік ғылым:

1)Микроағзалар генетикасы

2)Өсімдіктер генетикасы

3)Физиологиялық генетика

4)Биохимиялық генетика

5)Цитогенетика

6)Иммуногенетика

7)Фармакогенетика

8)Онкогенетика

9)Экогенетика

10)Антропогенетика

11)Популяциялық генетика

12)Сомалақ жасушалардың генетикасы

13)Адам генетикасы

14)Медициналық генетика

15)Молекулалық генетика

16)Геномика

Қазіргі кездегі дәрігерге генетика білімі,әсіресе,адам генетикасы медициналық генетикадан білім қажает,өйткені адам генетикасы –бір мезгілде мезгілде фундаментальды және қолданбалы ғылым.Фундаментальды ғылым ретінде ол адамдағы тұқымқуалаушылықпен өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттейді.Мұндағы ғылыми зерттеулердің теориялық және тәжірибелік маңызы бар.Адамның қалыпты тіршілік негізін құраушы генетикалық үдерістерді білмей,адамның тұқым қуалайтынауруларынң дамуымен таралу механизмдерін түсіну мүмкін емес,осы саламен медициналық генетика айналысады.Талданушы белгінің тұқым қуалау сипатын және тұқым қуалау типін анықтау үшін әртүрлі зерттеу әдістері қолданылады.

Өсімдіктермен жануарлар генетикасында гибридрологиялық әдіс кеңінен қолданылады.Бұл әдістің мәні генотиптері әртүрлі ағзаларды шағылыстыру және ұпрақтарының сандық және сапалық параметрлерін тіркеу және талдау болып табылады.

Адам генетикасы және медициналық генетикада генеалогиялық,цитогенетикалық,биохимиялық,иммунологиялық,иммуногенетикалық зерттеу әдістері,сонымен бірге адам геномын молекулалық-генетикалық талдау әдістері қолданылады.Генетиканың ғылым ретінде пайда болуы және дамуы биологияның,әсіресе жасуша биологиясынң бірқатар жаңалықтары мен жетістіктермен байланысты.

...

Скачать:   txt (22.1 Kb)   pdf (311.4 Kb)   docx (16.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club