Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Трансплантациялық иммунитеттің негіздері

Автор:   •  Январь 29, 2019  •  Творческая работа  •  5,022 Слов (21 Страниц)  •  1,312 Просмотры

Страница 1 из 21

“Астана медицина университеті”АҚ

«Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология » кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:Трансплантациялық иммунитеттің негіздері.

                                                                         

                                                                  Тексерген:Мухажанова Г.О.

                                                                  Орындағандар: Айтқұл. М.

                                                                                                   Бекет. Д.

                                                                                                   Дахай. А.

                                                                   Топ: 225 ЖМ

                                       

                                                    Астана 2018

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

Трансплантация түрлері

Трансплантациялық антигендер

Тұрақтамау серпiлiсiнiң арнайылығы мен есте сақталуы

Тұрақтамаудың уақыт мерзiмi

Қалыпты иммунды супрессиялаушы емдеу

Клиникада мүшелер мен тiндердi трансплантациялау

Мүшелер трансплантациясының негiзгi жетiстiктерi

III Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер

I Кіріспе

Иммунологияда қолданатын т р а н с п л а н т а ц и я термині бiр организмнен екiншi организмге жасушаларды, тіндердi және мүшелердi алмастыруды білдіреді. Көптеген түрлi трансплантациялардың
хирургиялық әдiстерi бiздiң дәуiрде жетiлдiрiлген. Ғалымдар мүшелер мен тiндердi бiр индивидуумнан екiншi индивидуумға алмастыру сұрақтарына хирургиялық технологиялар көмегімен жауаптарды тапқан.
1902 жылы Венециялық хирург Ullman көрсетуi бойынша, бiр жануардан алып сондай ғана жануарға бүйрек алмастырып салғанда, бүйректiң қызметi қалпына келген. Ал бүйректi әр түрге жататын
жануарлар арасында салған кезде, бүйректiң қызметi ұзақ уақытқа жетпей (5-14 күн) тоқтатылып, мүшенiң тұрақтамауы белгiленген.

Жануарлар арасындағы тәжірибелiк трансплантациялау 1920-1930жылдарында жалғастырылған, бiрақ әр-бiр талаптану әрекетi сәтсiз болып өткен. Ауыстырып салған мүшелер мен тiндерде ауқымды лейкоциттершоғырлануы анықталған. 1940 жылдың басында чех ғалымы П.Медавар, бiрнеше байқауы
бойынша, ауыстырып салған тiндердiң тұрақтамауы иммундық жауапсебебiнен өтетiндiгiн байқаған. II дүние жүзілiк соғыс кезiнде, П.Медавар күйген адамның денесiндегi терiсiн бiр жерден екiншi жерге салғанда,терiнiң бiтiскенiн байқаған, ал сол адамға туыстарынан салынған терi
тұрақтамау үрдісіне ұшыраған. Реципиенттегi (тiн қабылдаушы пациент)аға-бауырынан салынған терiсi iстен шыққан және сол донордың (тiн берушi пациент) терiсiн екiншi рет салғанда, терi жамауы тез арада және жоғары жылдамдықпен iстен шығуы дәлелденген. Осы бақылаулар П.Медаварды жануарлармен тәжірибелерге және сол тәжірибелер арқылы, келесi дәлелге алып келдi:
реципиенттің донор жасушаларына сезiмталдануы, екiншi рет салған тіндердiң айқын жылдам тұрақтамау серпілісін туғызады. 1945 жылы П.Медавар ғылыми баяндамасында трансплантат тұрақтамауы донорлық мүшелерiне қарсы иммунологиялық жауап арқылы жүредi және бұл үрдіс организмның генетикалық ерекшелiгiне байланысты деп, жариялады.Медавардың ұсынысы өзiнiң дұрыстығын дәлелдедi.
Трансплантацияның маңызы – ол хирургтың тәжірибелiгi емес,иммунологиялық шабуылға кедергi келтiретiн трансплантациялаудыңхирургиялық табыстары екен. Өзгерген өз жасушаларын анықтап жоятын жүйе тiкелей салынған тiндердегi бөгде жасушаларын айырып тану және
жою қызметiн де атқарады. Ол жүйенi бiз иммундық жүйесi деп бiлемiз. Трансплантациялық иммунология негiздерi салынған тiндер тұрақтамауының иммунологиялық негiздерiн түсiнуге арналған. Белсендi тәжірибелер арқылы иммундық жүйенiң активтігін басуға арналған жолдар және сол эксперименттер нәтижесiнде салынған тiндердiң табысты бiтiсуiне қолайлы әдiстерi iздестiрiлген. Көп кешiкпей
иммунологиялық шабуылды басатын әртүрлi иммунды супрессиялы препараттар
дайындалған. Медавардың 1945 жылдағы баяндамасынан дәл 10 жылдан кейiн, бiрiншi рет табысты түрiнде адамға бүйрек трансплантациясы жасалған. Muchin 1955 жылы Hamburg клиникасында бүйректi
реципиентке анасынан табысты ретiнде салған. Совет Одағында бiрiншi рет табысты бүйрек трансплантациясын 1965 жылы Петровский Б.В.өткiзген. Қазiргi кезде трансплантация дүние жүзiне кең тараған деугеболады. Бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, сүйек кемегi және көздiң мөлдiр
қабығын салуы қазiргi кезде өте зор жылдамдықпен және үлкен табыстармен өтуде.

...

Скачать:   txt (74.1 Kb)   pdf (220.6 Kb)   docx (28 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club