Тест по "Медбикелік іс "
Автор: danissa • Январь 9, 2019 • Тест • 4,970 Слов (20 Страниц) • 4,198 Просмотры
1. Бұлшық етке бір рет жіберілетін дәрінің мөлшері:
- 5 мл
- 10 мл
- 15 мл
- 20 мл
2. Антибиотикке сезімталдығына сынау жүргізгеннен соң пациентті бақылау жалғасады:
- 2-3 минут аралығында
- 5-10 минут аралығында
- 30 минутқа дейін
- Кем дегенде 2 сағат
3. Анафилактикалық шок кезінде жедел көмек көрсетуді бастайды:
- ине егу бөлмесінде
- реанимация бөлімінде
- интенсивті терапия палатасынла
- шок басталған жерде
4. Анафилактикалық шок көк тамырға дәрі жіберілгенде басталғандағы ең бірінші іс-әрекет:
- егіліп жатқан дәріні тоқтату
- тамызғышты жауып, инені қан тамырында қалдыру
- психикалық тыныштық сақтау
- антигистаминді дәріні ішке қабылдау
5. Ферментті препараттарды (мезим, фестал) қабылдайды:
- тамақты қабылдау уақытына байланысты емес
- аш қарынға
- тамақ ішу барысында
- тамақтанудан 2-3 сағаттан соң
6. Тыныс алу мүшелерін бетпердемен қорғау міндетті емес:
- көк тамырдан қан алғанда
- мұрыннан және жұтқыншақтан жағынды алғанда
- холерамен ауырған пациентке күтім жүргізгенде
- зарарсыздандыру ерітіндісін әзірлегенде
7. Операциялық бөлмеге жалпы жинастыру жүргізу барысында шүберек болу керек:
- кез-келген
- таза
- зарарсыздандырылған
- залалсыздандырылған
8. Инсулин сақталады:
- бөлме температурасында
- +1- +10˚С
- -1 - +1˚С
- Мұздатылған күйде
9. Пациентті тасымалдау түрін анықтайды:
- Мейірбике
- Дәрігер
- Туыстары
- Қабылдау бөлімінің мейірбикесі
10. Дене ұызуының кризисті төмендеуінде болмайды:
- Болған жағдайды дәрігерге хабарлауға
- Пациенттің басындағы жастығын алып, аяғын жоғары көтеруге
- Тыныштануы үшін пациентті жалғыз қалдыруға
- Пациентке ыстық тәтті шай беруге
11. Қан тамырына майлы ерітінділердің түсуі кезінде пайда болады:
- Эмболия
- Флегмона
- Қан кету
- Тамырдың тартылуы
12. Босанған әйелдерді алғашқы тәуліктерде дәрет алдырады:
- Гинекологиялық креслода
- Ине егу бөлмесіндегі кушеткада
- Төсегінде
- Дәретханада
13. Мейірбике қынаптан жағынды алуды жүргізеді:
- Залалсыздандырылған құралмен залалсыздандырылған биялайда
- Залалсыздандырылған құралмен, биялайда
- Залалсыздандырылған құралмен таза биялайда
- Зарарсыздандырылған құралмен залалсыздандырылған биялайда
14. Ересектерде 1 минуттағы жүрек соғысының саны:
- 100-120
- 90-100
- 60-80
- 40-60
15. Ересектердегі 1 минуттағы тыныс алу жиілігі:
- 30-36
- 22-28
- 16-20
- 10-12
16. Систолдық қысым мен диастолдық қысым аралығындағы қысым аталады:
- Жоғарғы артериялық қысым
- Төменгі артериялық қысым
- Пульстік қысым
- Тамыр моғуының тапшылығы
17. Жоғарғы артериялық қысым – бұл:
- Диастолалық
- Систолалық
- Аретмиялық
- Пульстік
18. Антропометрияға жатады:
- Бойын өлшеу
- Тамыр соғуын өлшеу
- Дене қызуын өлшеу
- Қан қысымын өлшеу
19. Инвазивті ем шараға жатады:
- Төсек-орнын ауыстыру
- Тері жамылғысын қарау
- Қыша қағазын қою
- Асқазанды жуу
20. Қысқа мерзімге есті жоғалту – бұл:
- Кома
- Коллапс
- Естен тану
- Сопор
21. Ересек адамның тамыр соғуы қалыпты жағдайда минутына 98 рет:
- Қалыпты жағдай
- Тахикардия
- Брадикардия
- Аритмия
22. Аритмия кезіндегі тамыр соғуын есептеу уақыты (сек.) :
- 60
- 45
- 30
- 15
23. Тамыр соғуы анықталмайды :
- Ұйқы артериясында
- Самай артериясында
- Кәрі жілік артериясында
- Іш перде артериясында
24. Ересектердің қан қысымының диастолалық қысымының қалыпты мөлшері (мм.с.б.):
- 120-130
- 100-110
- 60-90
- 40-50
25. Тамыр соғу жиілігі бойынша бөлінеді:
- Қалыпты
- Қатты
- Толық
- Аретмиялық
26. Микроорганизмдерді, олардың спораларын толығымен жою аталады:
- Дезинфекция
- Стерилизация
- Дезинсекция
- Тератизация
27. Қоршаған ортадағы микроорганизмдерді жою аталады:
- Дератизация
- Дезинфекция
- Стерилизация
- Дезинсекция
28. Құрал-жабдықтарды бөлме температурасында 6% сутегінің асқын тотығы ерітіндісінде залалсыздандыру уақыты:
- 360
- 180
- 90
- 60
29. Залалсыздандыруға дейінгі тазалықта 1 литр жуу ерітіндісін әзірлеу үшін 33% сутегінің асқын тотығы ерітіндісінің мөлшері (мл-де):
...