Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сот сараптамасы

Автор:   •  Сентябрь 18, 2021  •  Реферат  •  434 Слов (2 Страниц)  •  609 Просмотры

Страница 1 из 2

Сот сараптамасы

  1. Сот сараптамасы түсінігі,пәні
  2. Сот сараптама жүйесі
  3. Сот-сараптама қызметінің міндеті
  4. Сот-сараптама қызметінің қағидаттары

Coт сараптамасы — шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу.

Сот-сараптама қызметінің мазмұны:

      1) қылмыстық, азаматтық істер бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізуде сот сараптамасын жүргізуді;

      2) сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды және жүргізуді;

      3) сот сараптамасын ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

      4) сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарды іріктеуді, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды;

      5) сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қамтиды.

Сараптама (экспертиза)- латынның  expertus – тәжірибелік деген сөзінен шыққан,дәлелді қорытынды жасақтайтын арнаулы білімді талап ететін белгілі бір мәселені зерттеуді білдіреді. Энциклопедиялық тұрғыдан алғанда, сот сараптамасы қылмыстық немесе азаматтық ісін сарапшының іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін зерттеуі ретінде түсіндіріледі. Сот сараптамасының барысында қылмыстық немесе азаматтық істің материалдарына сараптама жүргізу үшін қажет болатын арнаулы ғылыми таным мен зерттеулердің негізінде фактілер мен мән-жайлар анықталады. Сараптаманың мәні тергеуші немесе сот қойған мәселелер арқылы алдын-ала анықталады.

Сот-сараптама қызметінің міндеті

Әкімшілік сот ісін жүргізуді, қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді сот сараптамасының нәтижелерімен қамтамасыз ету сот-сараптама қызметінің міндеті болып табылады.

Сот сараптамасы мынадай принциптерге:

  • заңдылықка; 
  • сот сарапшысының іс жүргізу тәуелсіздігіне;
  • сот сараптамасы органдарының тәуелсіздігіне;
  • зерттеулерді жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігіне;
  • Кұзыреттілікке
  • жан-жақтылыққа, толықтықка және объективтілікке;
  • кәсіби этиканы сақтауға негізделеді.

 Тергеу практикасында өткізілетін сараптама олардың мәні, объектісі, зерттеу тәсілі және т.б. бойынша сәйкестендіріледі.

1. Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделері сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (72.3 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club