Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сот өндірісінің шешімінің мәнісі мен маңызы

Автор:   •  Июнь 26, 2019  •  Реферат  •  8,018 Слов (33 Страниц)  •  894 Просмотры

Страница 1 из 33

                                        КІРІСПЕ

Тақырыптың  өзектілігі.Азаматтық істерді сотта іс қарау бойынша жарияланған еңбектердің, соның ішінде ғылыми сипаттағы және тәжірбиелік бағыттағы монографиялық зерттеулердің маңызды саны бар. Процессуалист ғалымдардың және тәжірбиеші-соттардың бірінші сатыдағы сотта істерді қарау проблемасына көп көңіл бөлуі түсінікті болып табылады.  Процессуалист-ғалымдар сотта іс қараудың маңыздылығы белгілей келе, сот отырысында істерді қарау кезінде сот ісін жүргізудің  міндеттері «бұрын және барлығынанан көбірек» іске асады, оған қоса процестің мақсаттары ең кең жетіледі. Шынында да, істерді қарау кезінде сотпен ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 5 бабымен анықталған азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері орындалады. Азаматтық істі қарау кезінде сот: азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау; тараптардың құқықтары мен міндеттерін бар немесе жоқтығын немесе заңи маңызы бар фактіні  орнату жолымен істі мәні бойынша шешу; тараптардың арасында құқық туралы дауды жою; құқықты бұзуды немесе бұзу қаупін жою  жолымен заңдылықты нығайту; азаматтық, еңбек, тұрғын үй, жер, қаржы және материалдық  құқықтың өзге салаларының нормаларын бұзуын алдын алады.  Сот қарауында сот төрелігі тікелей іске асырылады. Азаматтық істерді қарау  кезінде сотпен атқаратын міндеттер және осы институт нормаларымен реттейтін қатынастардың маңыздылығы сотта іс қарау институты азаматтық іс жүргізу құқығы саласынан орталық институты болып табылады. Дегенмен, ғылыми іс жүргізу әдебиетінде жалпы қабылданған азаматтық істерді  сотта қарау ұғымы, оның шегі және сот отырысымен ара қатынасы жоқ.

Зерттелу деңгеці. «Істің сотта қаралуы» тақырыбында арнайы зерттеулер болмағанымен отандық және шетелдік әдебиеттерде бұл институт жеткілікті деңгейде зерттелген.

Курстық жұмыста азаматтық іс жүргізу құқық саласындағы отандық ғалымдардан Баймолдина З.Х., Арсентъев О.В., Егембердиев Е.О., және де В.А. Мусина, Н.А. Чечета., атты ресейлік ғалымдардың және басқа да авторлардың еңбектері пайдаланылады. Бұл сот талқылау тақырыбы қоғамдық қатынасқа қатысушылардың үлкен шеңберін қызықтыратындығын көрсетеді.

Бұл әдебиеттермен қатар осы курстық жұмыста мерзімді ресми басылым материалдары пайдаланылады.  Соның ішінде «Правоведение», «Предприниматель и право», «Гражданское законадательство РК» журналдарынан және «Заң» газетіндегі мақалалар.

Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Әрекеттегі заңнама, ғылыми әдебиеттегі зерттеу мен талдау негізінде негізгі сот талқылауының мәні, құқықтық табиғатын анықтау, осы құқықтық институтының  теориялық және тәжірбиелік проблемаларын анықтау, оларды жою ұсыныстарын тұжырымдау мақсаты қойылады. Осы мақсатқа жету келесі  міндеттерді шешумен байланысты:

-істі сот талқылауына анықтама беру;

-негізгі сот талқылауы бойынша нормативтік базаны анықтау;

-негізгі сот талқылауы институтының мазмұнын анықтау;

- негізгі сот талқылауының сатыларын толық қарастыру;

Курстық жұмыстың әдістемесі. Курсттық жұмыстың мазмұнында тұжырымдалған сұрақтарды зерттеу  мен талдау үшін ғылыми зерттеудің келесі арнайы тәсілдері пайдаланылады: диалектикалық, статистикалық, тарихи, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелі-құрылымдық, құқықтық нормалар әрекетінің  тиімділігін зерттеу әдісі. Бұл әдістер зерттеудің мақсаттары мен міндетері щегінде істі сотта қараудың тәртібін жүйелі түрде толық қарауға мүмкіндік береді.

Курсттық жұмыстың құрылымы. Курсттық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралады. Бірінші тарауда сот  отырысы  істерді қараудың нысаны ретінде, азаматтық істерді сотта іс қараудың бөліктері, азаматтық істі қарауды кейінге қалдыру, азаматтық іс бойынша іс жүргіз тоқтата тұру мәселелері қарастырылады. Екінші тарауда іс бойынша іс жүргізуді тоқтату, талап арызды қараусыз қалдыру, сот отырысының мәселелері қарастырылады.

1. Азаматтық істерді сотта қараудың ұғымы мен маңызы.

...

Скачать:   txt (113.7 Kb)   pdf (298.6 Kb)   docx (38.9 Kb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club