Сот сараптамасы бойынша жалпы ережелер
Автор: zhubatkanova • Январь 4, 2023 • Реферат • 10,548 Слов (43 Страниц) • 219 Просмотры
[pic 1]1 ТАРАУ
СОТ САРАПТАМАСЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасының соттық-сараптау қызметі №188 1997 жылдың 12 қарашасындағы «Сот сараптамасы бойынша» Заңымен; №411 1999 жылы 13 шілде Азаматтық процессуалды Кодекстің91–92, 205–206 баптарымен; №206 1997 жылдың 13 желтоқсаны Қылмыстық процессуалдық Кодекстің 96 бабымен, 32 Тарау 240 – 255, 354 – 355, 413, 489 баптарымен; №155 2001 жыл 30 қаңтар Әкімшілік ережелерді бұзу туралы Кодекс 611 – 612 баптарымен; сонымен қатар Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық сәйкестік шарттармен регламенттеледі. Соттық сараптама келесі принциптерге негізделеді: -заңдылықтар;
- сот сараптаушының процессуалды тәуелсіздігі;
- соттық сараптау органдарының тәуелсіздігі;
- жүргізілетін зерттеулердің тәсілдері және ғылыми негізделуі;
- біліктілігі, жан-жақты, толық болуы және объективтілігі;
- кәсіби этиканы сақтау.
Қазақстан Республикасының бекітілген заңына сәйкес соттық сараптауды арнайы уәкілетті субъект–сот сараптаушысы жүргізеді. Сараптаушы зерттеулерінің нәтижелері бойынша сараптаушыныңқорытындысы жазылады.
- Сараптама және оның істі қараудағы маңызы.
Сараптама – бұл бекітілген заң бойынша процессуалды түрде материалдарды және объектілерді тергеу барысында, анықталған айғақтық заттарды және басқаларды зерттеу жұмысы, мұны құқық қорғау органдары (прокурор, тергеу органдары) қызметкерлерінің ұйғаруы бойынша ғылымда білікті, техикада немесе басқа да арнайы білім салаларының мамандарымен жүргізіледі, және де қылмыстық істі соттық қарауда немесе тергеу кезінде туындаған, арнайы қойылған сұрақтар бойынша негізделген қорытынды шығарады. Соттық-ветеринариялық сараптау ветеринариялық медицина саласында тергеу және сот үрдістерінде, жағдайды толық және жан-жақты талдау жүргізу кезінде қылмыстық немесе азаматтық істің пайда болуына себеп болған, объективтік дәлелдерді анықтау, сонымен қатар арбитражды дауды шешу үшін, тәжірибеде заманауи ғылыми білімді қолданады. Соттық-ветеринариялық сараптамада үй жануарларының өлуіне, лажсыздан сойылуына, ауру себебтеріне, ауру сипатына, малды оқшаулау тәртібіне, ауру немесе ауруға күдікті жануарларды қарауға және ұстауға, сонымен қатар ветеринариялық-санитариялық тұрғыда тағамға жарамдылығы немесе жануар текті шикізат ретінде қолдануына байланысты қылмыстық істер қарастырылады. Соттық істі қарауда келесі сұрақтар: жеке меншік үй жануарларына зиян келтіргенде, сонымен қатар жануарларды ауыстырғанда, сатқанда және сатып алғанда, ұйымдар немесе азаматтар арасында туындаған дауларға, браконъерлікке, бұрмаланған немесе бұзылған жануар текті азықтарды сатуға байланысты істі қарастырғанда болуы мүмкін. Соттық – тергеу органдары, өлген жануарлар санын және өлім себебтерін анықтауға, әртүрлі мамандар жүргізген, яғни, шаруашылықты зерттеу акттарына, өлексені жарып – сою хаттамаларына және басқа да құжаттарға көп көңіл бөледі. Дегенмен, соңғысы сарапшы қорытындысын алмастыра алмайды, өйткені олар ведомствалық сипатта болып және жиі аталған шаруашылықтың мал шаруашылығы жағдайына жауапты мамандарымен жасалады, және де ол объективті болмауы мүмкін. Соттық-тергеу органдары мал шаруашылығы саласында ауқымы кең сұрақтарды қарастырған кезде, ветеринариялық сарапшының қорытындысын қажет етуі, қылмыспен күресу ісінде оның маңызы зор екендігін куәландырады. Қорыта айтқанда, соттық-ветеринариялық сараптау жануарлардың ауруы немесе өлімі және бағып–күту жағдайларының жағымсыз болуы арасындағы байланыс себептерін анықтайды. Осы мақсатқа жету үшін келесіні орындайды: жануарларды клиникалық зерттейді, өлексені жарып – сояды және сойылған жануарлардың ұшасын қарайды, сонымен қатар қажеттілігіне қарай басқа да қосымша зерттеулер жасалады. Жануарлардың ауруы мен өлімін тудырып және себепші болған жағдайды сараптап зерттеу үрдісінде, сарапшы осы жағдайларды жою туралы ұсыныс жасау мүмкіндігі бар және де осыған ұқсас қылмыстардың пайда болуын ескертеді. Соттық-ветеринариялық сараптаудың профилактикалық мәні, қылмыстық істі іске асыруға мүмкіндік туғызған жағдайлары мен себептерін анықтау, және соның негізінде жоюға бағытталған арнайы сипаттағы ұсыныстар дайындалуы болып табылады. Мал өліміне байланысты сараптау тағайындалса және өлекселерді жарып-союмен байланысты болса, жарып-сою қысқа мерзімде жасалу қажет. Егер сараптаманы уақытынан кеш жүргізсе өлексе шіри бастайды немесе жыртқыш аңдар дәлел болатын мүшелерін жеп қоюы мүмкін. Сот ісін талдауда сараптаманың рөлі айтарлықтай маңызды өйткені, жасалған қылмысты тексеруде, сонымен қатар тергеу және соттық үрдісте, қорытындысы ең маңызды дәлел болып табылады. Өткізілетін сараптамалардың сапасы толығымен сарапшының қойылған сұрақтар бойынша білгірлігіне байланысты болады. Сараптама келесі құрамалардан тұрады: 1) зерттеу сараптамасының субъектісі – сараптаманы жүргізетін адам; 2) зерттеу объектісі; 3) сараптамалық зерттеу – арнайы білімді қолдану үрдісі; 4) процессуалдық форма, осыған байланысты зерттеу өткізіледі. Соттық-ветеринариялық сараптауда зерттеу сараптамасының субъектісі-ветеринария маманы болады, ол зерттеуді құқыққорғау органдары қызметкерініңқаулысы бойынша жүргізеді. Зерттеу объектісі – ол ауру немесе лажсыздан өлтірілген жануарлар, жануартекті азықтар, соттық іске қатысы бар әртүрлі құжаттар және т.б. Зерттеу объектілері мүмкіндігінше қажет болған жағдайда қайталама сараптама жүргізу үшін сақтап қою қажет. Сараптамалық зерттеу – ветеринариялық мамандардың тергеуге және сотқа белгілі бір объектілерден маңызды дәлел алу мақсатында арнайы білімдерін қолдануы. Сарапшы өз бетімен объектілерді жинауға құқылы емес, өйткені ол үшін арнайы білімі қажет емес. Оны тергеушілер мен сот органдары қызметкерлері орындайды. Процессуалдық форма заңмен бекітілген және сотқа қатысушы адамдардың (соның ішінде соттық-ветеринариялық сарапшы) арақатынастарын реттейді және толық, әртүрлі және объективті зерттеуге кепілдік береді.
...