Сколиоз — омыртқаның қисаюы
Автор: _KMK_ • Октябрь 23, 2020 • Статья • 1,505 Слов (7 Страниц) • 387 Просмотры
Сколиоз — омыртқаның қисаюы
Сколиоз деген не? Оны қалай және қайда емдеуге болады? Бұл сұрақтар мені және менің отбасымды 2012 жылы алғаш рет мазалаған болатын. Міне бүгін 7 жыл өткеннен кейін ғана мен бұл ауру туралы толыққан білемін деуге болады.
Өмірімде ең қуанышты уақыт кезеңінде, мектепті тәмамдар кезде өзімнің ауруым жайлы алғаш білдім. Менің ауруымды алғаш аудандық аурухананың Астанадан оқуын тәмамдап келген жас маманы байқады. Ол күн әлі де менің есімде. Сол күні мен сыныптастарыммен ауруханаға медициналық тексерістен өтуші үшін барған едік. Ауруханада жарты күн бойы тексерістен өттік. Соңғы қалған кіретін кабинет оташы кабинеті еді. Дәрігер менің қал-жағдайымды сұрады, бақылау жүргізіп болған соң менің ата-анамды шақыртып алып, мені сыртта күте тұруымды сұрады. Ауруханаға анам келген болатын. Дәрігер оған менің омыртқамның қисайғаны туралы айтты. Бұл менің сколиоз ауруы туралы алғаш естігенім еді. Мен бұл жылды оқиғаларға толы жыл деп есте сақтадым. 2012 жылы мен бастауыш сыныпты аяқтап, басқа мектепке көшкен жыл, бала арманым — Астана қаласына бару арманы орындалған жыл, сонымен бірге ауруымды емдеуге алғаш қадам жасаған жыл.
Кейін мені облыстық ауруханаға жіберді. Облыстық балалар ауруханасының бас оташысы маған тексеріс жүргізді. Ол анама омыртқаң қатты қисаймайынша күте тұр, кейін ота жасаймыз деді. Анам үшін бұл қатты соққылардың бірі болды. Біз қайтадан аудандық ауруханадағы жас маманнан кеңес сұрауға бардық. Ол бізге Астанадағы Ұлттық Ғылыми Медициналық орталыққа баруды ұсынды. Көп ұзамай анам екеуміз Астанаға аттандық. Астанада бізді ота жасату үшін кезекке қойып, бізді шено корсетін жатасу үшін Ұлттық балаларды оңалту орталығына жіберді. Сол жерде Қазақстандағы алғашқы ортез зауыттарының бірі ашылды. Мен сол ортездеу зауытының алғашқы емделушілердің бірі едім. Сол кезде алғаш рет мүгедек, физикалық ақаулары бар балалармен кездестім. Ортездеу зауытындағы ортопедпен сөйлестік, корсет жасаттық. Ортопед анама ота жасатпай-ақ корсет киіп омырқаны түзейтіге болатынын айтты. Менің корсетім 1-2 апта көлемінде дайын болды. Кейін отаға шақырту қағазы келді, анам менімен ақылдасып, отадан бас тартатынымыз туралы шешім қабылдадық. Кейін 7 жыл бойы дәрігер айтқанының бәрін орындап, қазіргі таңда корсетті шештім.
Сколиоз — омыртқа деформациясы(қисаюы), омыртқаның көлденең бұрмалануымен сипатталады. Сколиоз кезінде иық бездерінің ассимиляциясы, иық пышақтары мен сүйектердің қисаюы, жасбас бұзылуы, кеуде деформациясы және ішкі мүшелер ақаулары бірлесіп жүреді.
Сколиоз диагнозы үшін омыртқаның көп позициялы радиографиялары қисықтық есептеледі. Балалардағы сколиоздың консервативті емі ортопедиялық режимді қамтиды:массаж, түзету гимнастикасы, физиотерапия, ортопедиялық корсет киген; индикаторларға сәйкес сколиоздың хирургиялық түзету жүргізіледі.
Сколиоз – омыртқадағы патологиялық өзгерістер паравертебралық тіндердің, жұлынның қисаюына алып келеді, бойлық ось айналасында айналу, статикалық-динамикалық бұзылулар және функциялардың, ішкі органдардың бұзылулары.
Сколиоз – педиатриялық ортопедиядағы тірек-қимыл аппаратының ең таралған ауруларының бірі, 5-10 жас аралығында балалар мен жасөспірімдерде байқалады. Сколиоз қыздарда ұлдарға қарағанда жиі кездеседі, жыныстық қатынас шамамен 9:1 баланы құрайды.
Сколиозды байқалу уақытына байланысты ажырата білу керек.
3 жасқа дейінгі балаларда нәрестелік сколиоз;
3 жылдан 10 жылға дейінгі балаларда балалық сколиоз; 10 жылдан 18 жасқа дейінгі балаларды жасөспірімдік сколиоз, 18 жастан бастап дене бойының өсуі тежеліп, тоқтағанына байланысты сколиоздың дамуы да тоқталады.
Омыртқаның қисаюы пішініне байланысты бөлінеді: С-тәрізді сколиоз — бір қисықтық доғасы бар, S-тәрізді – екі қиғаш қисықтық және Z-тәрізді – үш арқа қисаюы бар.
Сколиоздың рентгендік жіктелуінің негізі — жұлынның қисаю дәрежесі және деформацияның ауырлығына байланысты. Осы критерийлерге сәйкес сколиоз IV дәрежеге бөлінеді:
...