Ситуационная задача по "Медицине"
Автор: nm.serikbai • Май 4, 2022 • Контрольная работа • 263 Слов (2 Страниц) • 221 Просмотры
Серікбай Нұрсұлтан
ЖМ-824
Ситуациялық есеп
1-есеп
57 жастағы әйел қабылдау бөліміне басының сақина тәрізді қысып,солқылдап ауруына,бас айналу,құлақтың шуылдауына,басындағы пульсация сезіміне,тұншығу,жүрек тұсының шаншуына,көз алдындағы қара дақтардың көрінуіне кейде біршама уақыт көзінің көрмеуіне,ұйқысыздыққа және құрғақ жөтелге шағымданып келді.
Анамнезінде;8 жыл бойы гипертониямен ауырады.Жүйелі түрде ем қабылдамаған.5 ай бұрын алғаш симптомдары қатты стресс кезінде пайда болып,ауруханаға жеткізілген.Онда алғаш рет қан қысымының 180/120мм.сын бағанасына дейін жоғарылағаны анықталады. Ауруханаға келгенге дейін өздігінше каптоприлді қабылдаған.Бірақ оның әсері болмаған.Кейін оны учаскелік терапевт бақылаған.Сұрастыру барысында бұрын гемморагиялық инсульт алған,шеттік артериялардың екіншілік зақымданулары аурулары бар екендігі анықталды.
Обьективті қарағанда:Жағдайы ауыр,Ортопноэ жағдайда,терінің диффузды бозаруы,еріннің цианозы байқалады.Дене салмағының индексі-29,7кг/м2.Тыныс алу жиілігі-минутына 40 рет.Өкпеде іркілісті ылғалды сырылдар бар.Пульс минутына-120 рет,ЖСЖ-120, АҚ -180/120мм сын.бағ.Жүректің сол жақ шекарасы 2 см латеральды ығысқан.яғни сол жақ қарыншаның гипертрофиясы байқалған.Аускультацияда Жүрек ұшында I тонның әлсіреуімен бірге систолалық шу естіледі.Аортаның үстінен II тонның акценті байқалады.Өкпесінде сырылға байланысты жүрек тондары қиындап естіледі.Тілінде жабынды жоқ,ылғалды.Іші жұмсақ,пальпация кезінде ауырсынулар жоқ.Бауыр өлшемдері-9*8*7 см.Көкбауыр ұлғаймаған.
ЖҚА:Эритроциттер-3,7*1012/л,гемоглобин-130г/л,лейкоциттер-8,8*109/л,базофилдер-0 %,эозинофилдер -1%, сегменттелген нейтрофилдер -70 %,лимфациттер-18%,Моноциттер-8%,Тромбоциттер-267*109/л,ЭТЖ-20мм/сағ.
ЖЗА:РН-6,3.мөлдір,Салыстырмалы тығыздығы-1018 ден жоғары,белок-0.2г/л.Лейкоциттер көру аймағында 2-3.Протеинурия 150мг нан жоғары,
Биохимиялық қан анализі:Жалпы белок-60г/л,сілтілі фасфатаза-140ХБ/л,АСТ-16 ХБ/л,АЛТ-22 ХБ/л,глюкоза-4,5 ммоль/л,креатинин -75 мкмоль/л.
ЭКГ,Эхо-КГ,рентгендік тексеруде –сол қарынша гипертрофиясы ның белгілері бар.
...