Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сепсистің патофизиологиясы

Автор:   •  Декабрь 7, 2022  •  Реферат  •  1,683 Слов (7 Страниц)  •  351 Просмотры

Страница 1 из 7

                      «Астана медициналық университеті»КеАҚ

      «В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология»кафедрасы

       

       СӨЖ

                  Тақырыбы:Сепсистің патофизиологиясы.

                                                                           Орындаған: 

                                                                           Топ: 

                                                                           Қабылдаған:

Жоспар:

I.Кіріспе

1.Сепсис туралы жалпы түсінік.

II.Негізгі бөлім

1.Сепсис этиологиясы.

2.Сепсис патогенезі.

3.Сепсис классификациясы.

4.Клиникалық көріністері, емі.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І.Кіріспе

             Сепсис-өте ауыр жұқпалы-аллергиялық аурулардың бірі.Сепсис-шартты генерилизацияланған инфекция болып табылады.

             Сепсис-тек хирургиялық медицинаның ғана емес, жалпы клиникалық медицинаның өзекті мәселесі болып табылады. Адам ағзасындағы көптеген іріңді процестер (абсцесс, флегмона, карбункул, іріңді плеврит, остеомиелит және т.б.) сепсиске әкелуі мүмкін.Оның негізінде жатқан процесстер гомеостаз және қабыну жалпы механизмдердің өте маңызды түсініктерін қамтиды.

             Қазіргі кезде жаңа антибиотиктер мен дәрі-дәрмек қолдануына,заманауи іске асырып келе жатқан технологияларға және хирургиялық медициналық емге қарамастан сепсис ауруының жиілігі төмендемей жатыр.1500 хирургиялық науқастардың біреуі сепсиспен ауыратыны дәлелденген. Жалпы Еуропада әр жыл сайын сепсис жағдайлары 500000-ға дейін тіркелуде.Мәлімет бойынша летальды нәтижелердің саны сепсис жағдайда 30-90% арасында жатыр.            

Бұл патологиялық процесске,яғни сепсиске нақты анықтама беру өте ауыр.Сепсис-патогенді заттармен (микробтармен) залалданған қаннан дамитын ауру.Науқастарда сепсис жағдайда клиникалық көріністеріндің 40-45% жағдайда бактериемия байқауға болады.Оның үстіне сепсистан зақымдалған немесе өлген тіндердің үлкен көлемі (панкрионекроз,күйік кезінде көрінетін) организм реакциясы бос генеризацияланған механизм ретінде бактериялар алмастыра алады.Инфекция әсерінен жұқтырылған организмнің,патологиялық жағдайды диференциялану мүмкін емес.

              Сепсисті негізінен туындататын қоздырғыштарына- стрептококк, стафилококк, менингококк тағы одан да басқа көп микроорганизмдер жатады.Сепсиста инфекциямен жұқтырылған организмнің бактериялар саны көбейіп,оргазмнің иммундық,жүйкелік жүйесінің әлсіреуіне үлкен рөл атқарады.Көбіне организмнің ауыр хирургиялық операциядан,іріңді жаралардың асқынуынан,қабынудың асқынуынан,көп мөлшерде қан кетуден,қорек заттардың жетіспеуінен,қандайда бір аурудан кейін организм сепсиске ұшырауы мүмкін.

               Сепсис дамуын анықтайтын факторлар:

1.Микробиологиялық фактор (этиологиясы)

2.Инфекция ошағы(біріншілікті ошақ)

3.Иммуно-биологиялық адам организмнің жағдайы.

ІІ.Негізгі бөлім

1.Этиология

Сепсис- көптеген грам оң және грам теріс микроорганизмдер (стафилококтар, стрептококтар, пневмококтар,ішек таяқшалары, протей, көкірің таяқшалары) және анаэробты, аэробты микрофлорамен немесе олардың ассоциациясымен шақырылатын полиэтиологиялық ауру. Аэробты сепсиске қарағанда,анаэробты сепсис сирек кездеседі. Сепсисте фагоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан клетка ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық  түзіліс бұзылады.

...

Скачать:   txt (23.7 Kb)   pdf (112.3 Kb)   docx (15.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club