Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сепсистің патофизиологиясы

Автор:   •  Октябрь 14, 2020  •  Реферат  •  1,825 Слов (8 Страниц)  •  530 Просмотры

Страница 1 из 8

“Астана Медицина Университеті” КеАҚ

[pic 1]“В.Г.Карпачов атындағы патологиялық физиология” кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Сепсистің патофизиологиясы.

                                   

Орындаған:

Топ: 

Факультет: Жалпы медицина

Қабылдаған:

Нұр-Сұлтан  2020 жыл

Жоспары:

I. Кіріспе бөлім

        Сепсис және оның патогенезі

II. Негізгі бөлім

  • Сепсистің клинико-морфологиялық ерекшеліктері
  • Отогендік сепсис асқынулары, дамуы, емдеу әдістері
  • Отогендік сепсистің алдын-алу шаралары

III. Қорытынды бөлім

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сепсис − инфекциялық аурулардың ең ауыр түрі. Сепсис инфекциялық қоздырғыш адам ағзасына кірген кезде және көбейгенде басталады. Көптеген инфекциялық аурулардың түрі белгілі, мысалы: тұмау, пневмония, бүйрек түбегінің, қуықтың қабынуы. Егер олардың алдын алу уақтылы жүргізілсе, адамда сепсис жайылмалы түрге көшпейді, ағза сепсиспен тез күреседі. Кейбір кезде инфекция қоздырғышының әсері өте күті болуы ықтимал, соның әсерінен организмнің ішкі ағзаларының функцияларының жұмыстары бұзыла бастайды, мысалы: жүректің, өкпенің, бүйректің. Сепсис ауруханаішілік инфекция әсерінен де дамуы мүмкін. Шығу себебіне қарай сепсис көптеген себептерден туындайды: стафилококк, стрептококк, пневмококк, менингококк, Кох микобактериялары да туындатады. Клиникалық айырмашылығына даму кезінде кезеңдерге бөлінбейді, ол айларға немесе жылдарға созыла береді, оның ағымы бойынша жедел, жеделдеу, созылмалы деп бөлген. Иммунологиялық тұрғыдан ол инфекцияға жауап қалыптастырмайды, көбінесе гиперсезімталдық жауап дамытады. Сепсис кезінде жұқпалар бүкіл денеге тарайды. Ол өліммен аяқталу қаупі бар инфекциялық ауру. Сепсис инфекцияның кіруі бойынша жіктеледі: тонзилогендік, параинфекциялық, хирургиялық, жатырлық, отогенді, одонтогендік, кіндіктік, криптогендік. Клинико-морфологиялық түрлеріне қарай: септицемия, септикопиемия, сепсистік эндокардит, хронисепсис бөлінеді. Септикопиемия-пациенттердің ағзалары мен тіндерінде іріңді септикалық инфильтарттардың болуымен ерекшеленеді. Септицемияға қарағанда ағымы өте баяу жүреді. Сепсистің ең ауыр формасы-сепсистік шок. Бұл кезде АҚ төмендейді, организм тіндерінде оттегінің және қоректік заттардың жетіспеушілігі байқалады. Сепсистік шок көбінесе егде жастағы адамдарда және созылмалы аурулары бар адамдарда кездессе, сепсистен өлу қаупі 40% ды құрайды. Сепсистік шокты шақыратын инфекциялық аурулардың көптеген түрі бар.

Мысалы, тыныс алу жүйесіндегі аурулар негізінен сепсисті онша шақыра қоймайды, бірақ адамның иммунитеті әлсіз болса, сепсисті жұқтыру қаупі бар.

Асқазан-ішек жолдары: асқазан-ішек жолдарында дамуын бастаған қоздырғыштар да сепсисті шақыра алады. Мысалы: ұйқы безінің қабынуы, ішастардың қабынуы, т.б.

Несеп жүйесінің аурулары сепсиске әкеледі, осы кезде сепсистің қоздырғыштары несеп өтетін жолдарда табылады және сол жерде көбейеді.

Тері және оның қабаттарындағы сепсис теріде пайда болған кез-келген инфекция ошағынан пайда бола алады. Әсіресе, үй жануарлары, маса тістеген жаралар сепсиске айналуға бейім.Тағы сепсис венаға екпе жасағанда да инфекция әсерінен дамиды.

Тірек-қимыл аппаратында, тізе буынында  протездер болса да сепсистің дамуына қолайлы жағдай жасалады.

Орталық жүйке жүйесіндегі жұлында, мида инфекция дами алады, мысалы: менингит (ми қабықтарының қабынуы).

Жүректе де инфекция дами алады, өйткені эндокардит (жүректің ішкі  қабатының қабынуы).

Сепсиске жиі ұшырайтын адамдар:

  • Егде жастағы адамдар;
  • Соғңы 6 аптада операция жасалған адамдар;
  • Жақын арада жарақат алған адамдар;
  • Иммунитеті төмендеген адамдар;
  • Аяғы ауыр әйелдер немесе жақын арада туған әйелдер;
  • Химиотераапия жасалған адамдар;
  • Ауруханада ұзақ жатқан адамдар;
  • Катетерлерді  қолданатын немесе венаға екпе жасаған адамдар.

Сепсистің симптомдары:

  • артериялық қысымның төмендеуі;
  • температураның жоғарылауы;
  • тамыр соғысы жиілігінің жоғарылауы;
  • науқастың жағдайының нашарлауы;
  • әлсіздік;
  • шаршағыштық;
  • несеп бөлінуінің азаюы.

Негізгі бөлім

        Отогендік сепсис − сепсистің ең сирек және ерлер мен әйелдерде бірдей жиілікпен кездесетін түрі, ол жұқпаның құлақ қуысындағы дамыған ошағымен көрінетін инфекция. Берілген ауру ішкі, сыртқы құлақ  қуысындағы  іріңді, созылмалы отит, мастоидит, мезотимпанит, іріңді лабиринтиттің ауыр салдарынан дамиды. Қоздырғыштарына көбінесе стрептококктар, стафилококктар, пневмококктар, диплококктар жатқызылады. Кей жағдайларда ғана протей қоздыра алады.

...

Скачать:   txt (28.2 Kb)   pdf (171.9 Kb)   docx (35.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club