Сепсис патофизиологиясы
Автор: nazerkekendall99 • Февраль 16, 2020 • Доклад • 2,332 Слов (10 Страниц) • 596 Просмотры
Астана Медицина Университеті» КеАҚ
«В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы»
СӨЖ
Тақырыбы:Сепсис патофизиологиясы.
Нур-Султан,2019 жыл
Жоспары:
1)Кіріспе бөлім
Сепсис және оның патогенезі.
2)Негізгі бөлім
Сепсистің клинико-морфологиялық ерекшеліктері.
Отогендік сепсис асқынулары,дамуы,емдеу әдістері.
Отогендік сепсистің алдын-алу шаралары.
3)Қорытынды бөлім
4)Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сепсис-инфекциялық аурулардың ең ауыр түрі.Сепсис инфекциялық қоздырғыш адам ағзасына кірген кезде және көбейгенде басталады.Көптеген инфекциялық аурулардың түрі белгілі,мысалы:тұмау,пневмония,бүйрек түбегінің,қуықтың қабынуы.Егер олардың алдын алу уақтылы жүргізілсе,адамда сепсис жайылмалы түрге көшпейді,ағза сепсиспен тез күреседі.Кейбір кезде инфекция қоздырғышының әсері өте күті болуы ықтимал,соның әсерінен организмнің ішкі ағзаларының функцияларының жұмыстары бұзыла бастайды,мысалы: жүректің,өкпенің,бүйректің.Сепсис ауруханаішілік инфекция әсерінен де дамуы мүмкін.Шығу себебіне қарай сепсис көптеген себептерден туындайды:стафилококк, стрептококк, пневмококк,менингококк, Кох микобактериялары да туындатады. Клиникалық айырмашылығына даму кезінде кезеңдерге бөлінбейді,ол айларға немесе жылдарға созыла береді,оның ағымы бойынша жедел,жеделдеу,созылмалы деп бөлген.Иммунологиялық тұрғыдан ол инфекцияға жауап қалыптастырмайды,көбінесе гиперсезімталдық жауап дамытады.Сепсис кезінде жұқпалар бүкіл денеге тарайды.Ол өліммен аяқталу қаупі бар инфекциялық ауру.Сепсис инфекцияның кіруі бойынша жіктеледі:тонзилогендік,параинфекциялық,хирургиялық,жатырлық,отогендік,одонтогендік,кіндіктік,криптогендік.Клинико-морфологиялық түрлеріне қарай:септицемия,септикопиемия,сепсистік эндокардит,хронисепсис бөлінеді.Септикопиемия-пациенттердің ағзалары мен тіндерінде іріңді септикалық инфильтарттардың болуымен ерекшеленеді.Септицемияға қарағанда ағымы өте баяу жүреді.Сепсистің ең ауыр формасы-сепсистік шок.Бұл кезде АҚ төмендейді,организм тіндерінде оттегінің және қоректік заттардың жетіспеушілігі байқалады.Сепсистік шок көбінесе егде жастағы адамдарда және созылмалы аурулары бар адамдарда кездессе,сепсистен өлу қаупі 40% ды құрайды.Сепсистік шокты шақыратын инфекциялық аурулардың көптеген түрі бар.
Мысалы,тыныс алу жүйесіндегі аурулар негізінен
...