Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ішкі аурулар негіздері

Автор:   •  Январь 25, 2024  •  Тест  •  643 Слов (3 Страниц)  •  177 Просмотры

Страница 1 из 3

Ішкі аурулар негіздері – 2

І Аралық бақылау

1 вариант

1. Гастроэзофагеалдық рефлюкстік аурудың дұрыс түрлері (ГЭРА):

  1. Аутоиммундық рефлюкстік ауру, рефлюкс-эзофагит, аденокарцинома
  2. Эндоскопиялық негативті, рефлюкс-эзофагит, созылмалы эзофагит
  3. Эрозивтік емес рефлюкстік ауру, рефлюкс-эзофагит, Баррет өңеші
  4. Ойық-жаралы рефлюкстік ауру, Баррет өңеші, жіті эзофагит
  5. Эрозивтік емес рефлюкстік ауру, ойық-жаралы рефлюкстік ауру

2. Гастроэзофагеалдық рефлюкстік аурудың  дамуының жиі механизмі:

  1. Асқазанның перистальтикасының бұзылуы
  2. Хеликобактер пилори
  3. Өңештің төменгі сфинктерінің жабылу қызметінің бұзылуы
  4. Өңештің жоғарғы сфинктерінің жабылу қызметінің бұзылуы
  5. Антродуоденалдық координацияның бұзылуы

3. Гастроэзофагеалдық рефлюкстік аурудың диагнозын қою үшін келесі зерттеу әдісі қолданылады:

  1. Асқазан сөліндегі протеолитикалық ферменттердің белсенділігін анықтау
  2. R-диагностика, тыныс алу арқылы уреаздық сынама
  3. Хеликобактер пилориді анықтау, Бернштейн сынамасы
  4. Эзофагодуоденофиброгастроскопия, рН-метрия
  5. Өңештің және асқазанның секреторлық қызметін анықтау

4. Гастроэзофагеалдық рефлюкстік ауруға тән емес белгі:

  1. Өңештің төменгі бөлігінің шырышты қабатында тілінулердің болуы
  2. Эндоскопиялық зерттеуде анықталған өңештің ұзындығының қысқаруы
  3. Өңештің төменгі бөлігінің шырышты қабатының қызаруы
  4. Тренделенбург қалпында өңешті контрасттық ренгенологиялық зерттеу кезінде асқазан құрамының өңешке қайта өтуі
  5. Кардиалдық сфинктердің үңіреюі немесе толық жабылмауы

5. Гастроэзофагеалдық рефлюкстік аурудың диагностикасы үшін  Бернштейн және Бейкер снамаларын жүргізгенде қолданылатын ерітінді:

  1. Күкірт қышқылының ерітіндісі
  2. Сірке қышқылының ерітіндісі
  3. Алма қышқылының ерітіндісі
  4. Тұз қышқылының ерітіндісі
  5. Ас содасының ерітіндісі

6. Гастроэзофагеалдық рефлюкстік ауруды емдеудегі негізгі патогенетикалық дәрі-дәрмектер:

  1. Антацидтік және ферменттік препараттар
  2. Протондық помпаның ингибиторлары (ППИ) және Н2-гистаминдік рецепторлардың блокаторлары
  3. Спазмолитиктер және кальций блокаторларының антагонистері
  4. Прокинетикалық және адсорбенттік препараттар
  5. Протондық помпаның ингибиторлары (ППИ) және асқазан сөлінің  стимуляторлары

7. Гастроэзофагеалдық рефлюкстік аурудың 1 сатысында эрозивті емес және эрозивті түрлерінде 4 апта аралығында келесі препараттар қолданылады:

  1. Протондық помпаның ингибиторы (ППИ)+ антацидтік препарат
  2. Прокинетикалық дәрі + антацидтік препарат
  3. Прокинетикалық дәрі + мукоцитопротектор
  4. Протондық помпаның ингибиторы (ППИ)+прокинетикалық дәрі
  5. Спазмолитик + кальций блокаторларының антагонисті

8. Гастроэзофагеалдық рефлюкстік аурудың эрозивті түрінің 2 және 3 сатыларында келесі препараттарды қолдану арқылы фармакотерапия жүргізіледі:

  1. ППИ + антацидтік препарат + мукоцитопротектор
  2. ППИ + прокинетикалық дәрі + антацидтік препарат
  3. ППИ + антацидтік препарат
  4. Прокинетикалық дәрі + мукоцитопротектор
  5. Спазмолитик + кальций блокаторларының антагонисті

9. Гастроэзофагеалдық рефлюкстік аурудың эрозивті түрінің 2-3 сатыларында жүргізілетін негізгі емдеу курсының ұзақтығы:

  1. 6 апта
  2. 4 апта
  3. 8 апта
  4. 10 апта
  5. 12 апта

10. Гастроэзофагеалдық рефлюкстік аурудың 4 дәрежесінде жүргізілетін отаның түрі:

  1. Асқазанның және өңештің төменгі үштен бір бөлігінің резекциясы
  2. Өңештің зақымданған бөлігін кесіп алып тастау
  3. Экстрамукоздық миотомия
  4. Фундопластика
  5. Диафрагманың өңештік саңылауына пластика жасау

11. Ойық-жара ауруының патогенезіне тікелей қатысты Н.pylori бактериясының бөлетін ферменттері:

...

Скачать:   txt (10.8 Kb)   pdf (69.7 Kb)   docx (12.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club