Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері

Автор:   •  Февраль 26, 2024  •  Реферат  •  1,343 Слов (6 Страниц)  •  52 Просмотры

Страница 1 из 6

[pic 1]

Реферат

Тақырыбы: Нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері

Орындаған: Қалиұлы З.
Тобы: 103Б СТОМ
Қабылдаған: Жумабекова Р. Р.

Жоспар:

  1. Кіріспе бөлім
  2. Негізгі бөлім
  1. Нейронның орналасуы
  2. Миелинді қабықша
  3. Нейронның құрылысы
  4. Нейронның типтері
  5. Орталық жүйке жүйесі
  6. ОЖЖ зерттеу әдістері

   3. Қорытынды бөлім

4. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

   Жүйке жүйесінің құрылымдық және қызмет атқару бірлігі – жүйке жасушасы нейрон болып табылады. Нейрондар ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, кодтауға, таратуға және сақтауға, сонымен қатар тітіркенулерге жауап ұйымдастыруға, басқа нейрондармен және мүше жасушаларымен байланыс орнатуға қабілетті жасушалар болып табылады. Нейронның айрықша ерекшелігі электрлік разрядтарды өндіруге және өзінің арнайы ұштары – синапстар арқылы ақпаратты беруге қабілеттілігі болып табылады. Нейронның қызмет атқаруына оның аксоплазмасында түзілетін таратқыш заттар – нейромедиаторлар: ацетилхолин, катехоламиндердің және т.б. синтезделуі мүмкіндік береді. Нейрондардың мөлшері 6-120 мкм-ге дейін ауытқиды. Адам миындағы нейрондардың саны 1011 -ге жуық. Бір нейронда 10000-ға дейінгі синапстар болуы мүмкін.

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

   Нейронның орналасуы. Нақты бір қызметті ұйымдастырушы нейрондар бірлесіп топтар, популяциялар, ансамбльдер, бағаналар, ядролар түзеді. Үлкен ми сыңарларының, мишықтың қыртысында нейрондар жасуша қабаттарын қалыптастырады. Әр қабаттың өзіндік арнайы қызметі болады. Жасушалық топтасулар мидың сұр затын құрайды. Ядролардың, Жасуша топтарының арасынан және жеке жасушалар арасынан миелинденген және миелинденбеген талшықтар: аксондар және дендриттер өтеді.

   Миелинді қабықша – көптеген нейрон аксондарын қаптайтын, электр оқшаулайтын қабықша. Миелинді қабықшаны глиальдық жасушалар түзеді, олар: шеткі жүйке жүйесіндегі Шванн жасушалары және орталық жүйке жүйесіндегі олигодендроциттер. Миелинді қабықша глиальдық жасуша денесінің жалпақ өсіндісінен қалыптасып, аксонды сыртынан бірнеше қайтара орай орналасады. Бұл өсіндіде цитоплазма мүлдем болмайды, сондықтан миелинді қабықша цитоплазмасы жоқ жасушалардың мембраналарынан түзілген көптеген қабаттар түрінде болады.

   Нейронның құрылысы. Қызметіне байланысты нейронда мынадай бөліктерді ажыратады: қабылдаушы – дендриттер, нейрон денесінің мембранасы; интегративті – аксондық төмпешікті дене; хабарлаушы – аксон және аксондық төмпешік.

   Дендриттер – нейронның негізгі қабылдаушы алаңы.

   Нейрон денесі (сома) ақпараттықтан басқа, өзінің өсінділері және олардың синапстарымен қоса алғанда трофикалық да қызмет атқарады. Аксонның немесе дендриттің кесіліп қалуы өскіндерінің жойылуына, ал мұның өзі ол өскіндердің синапстарының жойылуына себеп болады.

4

   Сома сонымен қатар дендриттер мен аксондардың өсуін қамтамасыз етеді. Нейрон сомасы көп қабатты мембрана ішінде орналасқан. Мұндай мембрана электроникалық потенциалдың қалыптасуын және аксондық төмпешікке таралуын қамтамасыз етеді. Мембраналарының ерекше қасиеттеріне байланысты нейрондар өздерінің ақпараттық қызметтерін атқаруға қабілетті келеді.

   Нейронның типтері. Нейрондардың құрылысы көбінесе олардың атқаратын қызметіне сәйкес келеді. Құрылысы бойынша нейрондарды үш типке бөледі: униполярлық, биполярлық және мультиполярлық нейрондар.

   Нағыз униполярлық нейрондар тек үшкіл (тройничный) жүйкенің мезэнцефаликалық ядросында болады. Бұл нейрондар шайнау бұлшыеттерінің проприоцепциялық сезіммталдығын қамтамасыз етеді. Басқа униполярлық нейрондарды псевдоуниполярлық нейрондар деп атайды, оларда да екі өсінді болады (біреуі шеткі аймақтан рецепторлардан келеді, екіншісі орталық жүйке жүйесінің құрылымынан келеді). Өсінділердің екеуі нейрон денесінің маңында қосылып бір өсінді түзеді. Барлық осы жасушалар (нейрондар) сенсорлық түйіндерде: арқатұс (спинальды), үшкіл т.б. орналасады. Олар ауырсыну, температуралық, проприорецепциялық, жанасу, бароцепциялық, тербеліс сезімталдығын қабылдауды қамтамасыз етеді.

...

Скачать:   txt (19.7 Kb)   pdf (117.3 Kb)   docx (39.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club