Нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері
Автор: Akerke90ads • Сентябрь 17, 2021 • Реферат • 937 Слов (4 Страниц) • 1,802 Просмотры
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО[pic 1]
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Нейрондар.Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері »
Орындаған: Сегізбай .
Курс: 1 курс
Факультеті: Жалпы медицина
Тобы: 101 А
Қабылдаған: Ақтан Ботагөз
Алматы, 2021
ЖОСПАР
- КІРІСПЕ
- Нейрондар туралы жалпы түсінік;
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Орталық жүйке-жүйесі;
- Орталық жүйке-жүйесін зерттеу әдістері;
ҚОРЫТЫНДЫ
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Нейрондар туралы жалпы түсінік
Нейрондар (neuronum,бұл атауды Вильгельм фон Вальдейер берді)немесе нейроциттер-жүйке ұлпасының негізгі құрылым,қызмет бірлігі,көлемі ұсақ дене диаметрі 4-5 мкм-ден ірі. Организмдегі ең күрделі құрылым жүйке жүйесі болып табылады. Ол өзара тор құра алатын ондаған миллиард жүйке торшаларынан құралған. (адамда жүйке торшаларының жалпы саны 50миллиардқа жетеді)
Демек, жүйке жүйесінің құрылымдық және функцио- налдық негізі- жүйке торшасы немесе нейрон.
енгізу, ол арқылы контрастық зат жіберу, иод препараты,[Z=53]). Қара сан артериясының катетеризацисы көп жүргізіледі.Тамырдың барлық әрекеті рентгенотелевиденияның бақылауымен жүзеге асады.(Экранда рентгенконтрастық заттың тамырлардағы циркуляциясы байқалады.).Зерттеу аяқталған соң пункция аймағына бір тәулікке таңғыш қояды.Ангиография алдында мынадай қарсы көрсеткіштерді болдырмау керек:Йод пен анестезияға аллергияcы, бүйрек жетіспеушілігін,гемостаз жүйесінің бұзылуы, қалқанша без дисфункциясы, венеролгиялық аурулар.
Ми тамырларының ангиограммасы
[pic 2]
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Компьютерлік томография
Компьютерлік томография. Биологиялық нысанның ішкі құрылысын бүлдірмей қабат бойынша зерттеу әдісі.
Бұл әдісті 1972 жылы Годфри Хаунсфилд пен Аллан Кормак ұсынған, осы еңбектері үшін олар 1979 жылы Нобель сыйлығын алды.әдіс рентгендік сәуле шығарудың
тығыздықтары әр түрлі ұлпалардағы әлсіреуін есептеу мен күрделі компьютерлік өңдеуге негізделген.
Кез келген рентгендік бейне алу рентген сәулесі өтетін ұлпалар мен мүшелердің тығыздығының әр түрлі болуына негізделген.Қарапайым рентгенографияда рентгендік сурет зерттелетін мүше немесе оның бөлігінің көрінісі болып табылады.Мұнда ұсақ патологиялық құрылымдар нашар көрінуі немесе ұлпалардың суперпозициясы (бір қабаттың екіншісіне беттесуінен) салдарынан мүлде көрініс бермеуі мүмкін.Мұндай бөгеттерді алып тастау үшін медициналық практикаға компьютерлік томография әдістемесі енгізілген.Әдіс ұлпалардың көлденең қабатының оңашаланған бейнесін алуға мүмкіндік береді. Бұл нәтижеге рентгендік сәулелердің жіңішке ағыны бар рентгендік түтікшені пациент арқылы айналдыру жолымен жетуге болады. Одан кейін арнаулы компьютерлік программаның көмегімен бейнені реконструксациялайды.Диагностика үшін оптимальды,қарапайым рентгенодиагностика мүмкін болмайтын бейне алу,мүшелерге қатысты анық мағлұмат береді.
Компьютерлік томографтар дамуының прогресі детекторлардың санының көбеюімен, яғни бір мезгілде жиналатын проекциялар санының көбеюімен тікелей байланысты.Компьютерлік томографтардың алғашқы буынында детекторлар саны 2, екінші буында — 30-50, үшіншісінде — 300-500, төртіншісінде — 1000—5000 ға тең болды. Екінші буында алғаш рет рентгендік сәуле шоғырының сенімді формасы қолданылды.Компьютерлік томографтардың келесі әрбір буыны бейнені реконструкциялауға уақытты аз жұмсады, рентген түтігінің айналу жылдамдығын ұлғайтты.Бұл жаңалықтар компьютерлік томография зерттеулерін тездетіп, оның диагностикалық қолданылу аймағын кеңейтуге мүмкіндік берді.
...