Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Неонатальды сепсис ұғымы

Автор:   •  Ноябрь 21, 2018  •  Реферат  •  2,063 Слов (9 Страниц)  •  1,062 Просмотры

Страница 1 из 9

«Астана  медицина университеті» АҚ

В. Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:

                                                                       Орындаған: Кзыр А.О.

                                                                       Тексерген:   Ниязбекова Қ.Қ.

                                                                       Топ: 333

                                                                       Мамандық: Жалпы медицина

                                           

Астана 2017

МАЗМҰНЫ

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлімі

2.1. Неонатальды сепсис ұғымы

2.2. ЖТНС этиологиясы

2.3. ЖТНС патогенезі

2.4. ЖТНС классификациясы

2.5. Сепсистің клиникалық көріністері

2.6. Сепсис диагностикасы, профилактикасы мен емдеу

3.Қорытынды

4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

        

1.Кіріспе

Ең алдымен, сепсис дегеніміз ол - қанда және организмнің басқа биологиялық сұйықтығында микрорганизмдердің көбеюімен сипатталатын инфекциялық үрдістің жалпылама ауыр түрі. Сепсис медицинада ең көп қолданылатын ұғымдардың бірі.

Бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі  ол босанғаннан кейінгі жаңа туған баладағы сепсис (ЖТНС) болып отыр. Белгілі болғандай қазіргі таңда сепситің ең ауыр түрінен жаңа туған бала өлімі көп кездеседі. Сондықтан, қазіргі заманға сай диагностика және ем жүргізу, сепсистің алдын –алуды жүргізу ең бірінші орында тұр.

Сепсис жаңа туған балада 1℅ - дай кездеседі , бірақ бірнеше апталық жаңа туған балалардың 30℅ - ын летальды жағдайға  алып келеді. Жаңа туған балаларда бактериялық инфекциялық түрі бес есе көп кездеседі , жетілмеген 2 кг аз балаларда да одан да көп. Сепсис статистикасы бойынша, ұл балаларда кыз балаларға қарағанда ауру басымырақ.

Осы уақытқа дейін сепсистен қайтыс болу  ХХ ғ. 80 жылдарымен салыстырғанда үш есе өскен. Бүгінгі таңда сепсисті шақыратын қоздырғыштардың 40 - қа таман  түрі кездеседі. Оның ең көп кездесетін түрлері: стафилококк, стрептококк, клебсиелла, ішек таяқшасы және т.б.

Көп жағдайда сепистін дмуына ықпал ететін бірнеше себепкерлер: туу кезіндегі асқынуларда, анасының инфекциялық ауруы және қан кетулер кезінде. Жаңа туған балада осы кезде сепсис жұқтыру қауіпі орасан зор.

Қазіргі кезде сепсистің алдын алу, дер кезінде дұрыс жасалынған  диагностикасы мен уақытылы алынған емі негізгі өзекті мәселелердің бірі.  Қазіргі таңда жаңа туған нәрестелердегі сепсисті диагноздау және емдеу көптеген қиындыққа әкеліп отыр, оның себебі патогенезі мен этиологиясының өзгеруі болып табылады. Олар өз алдында біршама қиындықтар туғызады.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты, жана туған нәрестелердегі сепсистің пайда болу себебін, оның даму механизмін, алдын алу мен диагностикасын қарастыру және қандай жағдайдаларда осындай аурудың ағымын болдырмау керектігін көрсету.

Жұмыстың өзектілігі, епсиспен ауру жиілігі жаңа туған нәрестелерде 1000 балаға шаққанда 1,6 ға тен, ал шала туған нәрестелерге 14,3 ке тең және олардың тең жарытсының қайтыс болатындығы.

        

2.Негізгі бөлімі

2.1. Неонатальды сепсис ұғымы

Неонатальды сепсис немесе жаңа туған нәрестелердегі сепсис (ЖТНС) дегеніміз – нәрестелердің өмірге келгеннен кейінгі  бірінші айларында көрініс табатын  ауыр инфекциялық ауру. Осы кезде балада шартты -  патогенді бактериялармен шақырылатын  аса қауіпті іріңді қабынулық реакциямен  қатар, ағзалардың бұзылысы байқалады және қанда бактериялардың көбеюімен (бактериемия) сипатталады. [5] Сепсис балалардың өліміне бірден бір себепші.

...

Скачать:   txt (25.5 Kb)   pdf (325.9 Kb)   docx (106.9 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club