Лекции по "Медицине"
Автор: Shugyla Zhanalgazy • Сентябрь 15, 2023 • Курс лекций • 4,709 Слов (19 Страниц) • 194 Просмотры
ДӘРІС 1
1.1 Тақырып. Мейіргер ісінің тарихы мен философиясы. Мейіргер ісінің теориясы және модельдері.
1.2 Мақсаты: студенттерді мейірбике ісінің пайда болу тарихымен таныстыру және мейірбикелер жайлы толықтай түсінік беру.
Дәрістің мазмұны:
«Мейіргер ісі» түсінігінің анықтамасы. Мейіргер ісінің негізгі міндеттері, мақсаттары. Мейіргер ісінің даму тарихы. Ф.Найтингейлдің, В.Хендерсонның мейіргер ісінің дамуына қосқан үлесі. Мейіргер ісі философиясының негізгі принциптері. Адамның негізгі қажеттіліктері. Маслоудың адам қажеттіліктерінің иерархиясы. Мейіргер ісінің негізгі модельдері. Модель В. Хендерсон, Д. Орем моделі.
1.3 Дәріс тезистері
«Мейірбике ісі» мамандығының даму тарихы.
Мейірбике ісінің мазмұны қоғам тілегі мен тіршілік жағдайлары өзгерген сайын ғасырлар бойы өзгеріп отырады.
«Мейірбике ісі»-деген термин ХХ ғасырдың басында пайда болған. Қазіргі заманда кең тараған сөздердің бірі. Мейіркеш ісі мейіркештердің еңбегімен, қызметімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасында мейіркеш ісі дегеніміз мынандай теориялық түсініктерден тұрады: мейіркештердің білімі, тәжірибиесі, мейіркештердің мәдениеттілігі мен тәрбиелілігі, науқас пен қарым –қатынасы, сыртқы бейнесі (формасы) және т.б. Бұл мамандықты игерген жандардың негізгі мақсаты сырқаттанған адамдардың, жанұяның, халықтың денсаулығын бақылау, қажет кезінде көмектесу. Бұл пән биология, гигиена, клиникалық пәндермен тығыз байланысты.
І. Мейірбикелер мамандығының даму тарихы тереңде жатыр. Алғашқы бикелер І Петр заманында госпитальдермен лазареттерде даярланады. 1844 жылы Ресейде «Қайырымды бикелердің қасиетті қоғамы» құрылып, бикелерді оқытып даярлайтын қоғамдар ұйымдастырылады. Алғашқы қайырымды бикелер халықтан шықты. Олар өздерінің қалауынша сырқаттар мен жарарыларды күтіп келген. 1845 жылы Қырым соғысында көптеген жауынгерлер жараланды, оларды күтіп қарайтын адамдар жетіспеді, сол кезде көекке орыс қыздары өз еріктерімен келді. Осылайша Қызыл Крест ұйымының алғашқы топтары құрылды. Бұл ұйымды құруға Н.И. Пирогов ат салысты. Сол кезде қайырымды қыздардың еңбекқорлығына таңданған Н.И. Пирогов былай деп жазған: «Соншама нәзік әйелдер жаралыларды күні –түні бағып- қағуда, ауыр жаралыларды қарапайым сөздермен жұбатуда, тіпті зеңбірек оғының астындағы жауынгерлерге де керек кезінде көмек көрсетуде.
Екатерина Бакунина, Екатерина Хитрова бастаған бикелер, өздерінің ерлік істерімен Ресейде ғана емес, тіпті шет елдерге де танымал болды». Қырым соғысына 200 қайырымды бикелер қатысқан. Солардың бірі – Даша Севастопольская деген атақпен атағы шыққан –Даша Александрова. Ол матрос қызы дүние мүлкін сатып, оған ат-арба сатып алып, оны азық-түлікпен және жаралыларға керек заттармен жабдықтап, соғыс болып жатқан жерге келген. Сөйтіп ол қайырымды бике аталған. Ол туралы жауынгерлер талай жақсы өлеңдер шығарған. Қызыл Крест ұйымдары қысқа мерзімде бикелер даярлап, майданға жіберіп жатты. Мұндай ұйымдар Одесса, Севастополь қалаларында ашылды.
Алғашқы қайырымды бикелердің бірі – ағылшынның қайырымды қызы Флоренс Найтингейл. Ол 1820 жылы Флоренция қаласында мәдениетті бай семьяда туылған, балалық шағын Лондон қаласында өткізген. Бала кезінен ол өзі адамдарға қызмет етуде, әсіресе мүгедектер мен сырқат адамдарға қызмет етуді армандаған. Ағылшын әскерлерінің Қырым Соғысында ауыр жағдайда екенін естіп, Флоренс қысқа мерзім ішінде 38 адамнан тұратын қайырымды бикелер тобын құрап, 1854 жылы қазан айында жаралылар мен сырқаттарға көмек көрсетуге аттанды. Лондонда Флоренс жер жүзінде бірінші болып қайырымды бикелердің мектебін ашады. Осылайша Ф.Найтингейл санитар кадрларын даярлаудың негізін орнатады. Оның көмегімен көптеген медициналық мекемелер ашылады. Оның жаралылар мен сырқаттарға көрсеткен көмегі үшін және мед. кадрларын даярлаудағы сіңірген зор еңбектері үшін 1912 жылы Флоренц Найтингейл атындағы медаль шығару ұйғарылады. Бұл медаль халықаралық Қызыл Крест Лигасының, ең жоғарғы марапаты. Медаль дипломы бар мейірбикелерге, бөлімнің аға мейірбикелеріне, Қызыл Кресттің белсенді көмекшілеріне беріледі. Қайырымды бикелер ұйымын құрып, бикелерді оқыту Ресейде 1844 жылы Петербургте 9 наурызда Альденбургская ханшаның ұсынысымен ашылды. Оқу Петербургтегі №1жаяу әскер госпиталінің қабырғасында оқытылады. Сабақ жоспарына науқастарды күту, фармакология мен рецепт жазу кірді. Бұндай оқу орындары Мәскеуде, Киевте, Пеков облысында ашыла бастады. Қайырымды бикелер туралы сөз қозғағанда графиня Ю.П.Вревская мен Н.Л.Лебедева жайында айтпай кету мүмкін емес.
...