Кардиогенді шок: себептері, механизмдері, патофизиологиясы
Автор: Аружан Сергали • Декабрь 20, 2023 • Реферат • 425 Слов (2 Страниц) • 137 Просмотры
КеАқ Қарағанды Медицина Университеті
Патология кафедрасы
Патологиялық физиология
РЕФЕРАТ
Кардиогенді шок:
себептері,механизмдері, патофизиологиясы
Орындаған: Серғали Аружан
Қабылдаған: Жиенбаева Қ.
Топ: 3-005 жалпы медицина
Кардиогенді шок дегеніміз ағзалар мен тіндерді қанмен қамтамасыз етудің бұзылыстары айқын білінетін артериялық гипотония. Систолалық қысым 90 мм с/б төмен және диастолалық қысым 20 мм с/б төмен болады. Шеткілік қанайналымы бұзылыстарының белгілері: өңінің бозарып көгеруі, суық тердің шығуы, шеткілік веналардың солуы, алақан мен табанның суық болуы, қанайналымы жылдамдығының төмендеуі – алақанды немесе тырнақты басып босатқаннан кейінгі ағарудың ұзақтығы 2 секундтан асады, диурездің азаюы – сағатына 20 мл-ден аз, есінің бұзылуы – тежелуінен комаға дейін.
Кардиогенді шоктің себептері: Ең негізгі себебі болып, жедел миокардит кезіндегі жүрек бұлшықетінің қабынуы.
Сепсис кезіндегі миокард жеткіліксіздігі;
Эндокардит кезінде жиырылған хордалар мен қақпақшалардың айырылуы;
Жедел миокардит;
Қақпақшалар протезының тромбозы;
Айқын білінетін, жедел қолқалық және митральді жеткіліксіздік
Қарыншалық немесе суправентрикулярлы аритмия;
Кардиогенді шоктың негізінде болатындары:
Вазоконстрикция;
Қан секвестрі;
Гиповолемия;
Қан ағуының баяулауы;
Ұлпалық ацидоз;
Ұлпалық гипоксия;
Патофизиологиясы
Кардиогенді сілейме созылмалы миокард инфарктімен түскен аурулардың 10-15 % кездеседі.Белгілі бір пайызда ол асқынған «механикалық» инфарктың салдарынан болады. Кардиогенді сілейменің басқа да ерекше себептері оң жақ қарыншаның инфаркты,миокардит және кардиомиопатиясын тудырады.Кардиогенді шок көпшілік жағдайларда миокард некрозының салдарынан туындайды
Кардиогенді шок
Кардиогенді шок жүректің систолалық функциясының бұзылуынан ,яғни сол жақ қарыншаның 40% зақымдалуынан туындайды.Сонымен қатар митральды және аортальды жетіспеушіліктен қанның үлкен қанайналым шеңберіне түспеу нәтижесінен де туындайды.
Қарыншалардың диастолалық толуынан,яғни жүректің тығындалысы (тампопада) нәтижесінен де туындайды.
Коронарлы қанайналым жетіспеушілігінен миокард инфаркты аймағында акинезия және периинфаркты аймақта гипокинезия туындайды.Нәтижесінде сол жақ қарыншаның көлемі ұлғайып,көмір қышқыл газын тұтыну көрсеткіші жоғарылайды
Кардиогенді шок классификациясы
1966жылы И.Г.Ганелина,В.Н.Бриккер,Е.И.Вольперт кардиогенді шоктың мынадай классификациясын көрсетті:
Рефлекторлы шок -рефлекторлы әсер ету, тамырдың тонусы мен қалыпты қан айналым регуляциясын бұзады
...