Задачи по "Медицине"
Автор: just_elyaaa • Сентябрь 29, 2020 • Задача • 314 Слов (2 Страниц) • 402 Просмотры
Страница 1 из 2
Ситуациялық есеп – 1
Жасөспірім бала, жасы 14-те, қабылдау бөлімшесіне ес – түссіз түсіп тұр. Төбелестің себебінен ауыр соққылар алған. Жанында кәмелет жасқа толмаған адам бар.
- Медбикенің келесі әрекеттерін сипаттаңыз.
- Ес – түссіз жатқан науқасқа қандай жағдай жасалған?
Жауаптары:
- Мейірбике ең алдымен бөлімшеге түсіп тұрған науқас туралы ақпараттарды, яғни, дене температурасын, аты – жөнін, туған жылын, қабылдау бөлімшеге түскен күнін, қайдан және кіммен әкелінгенін жазу керек. Ол бұл ақпаратты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) тіркейді. Жасөспірімнің ес – түссіз жатуының себебінен, қасында еріп келген адамнан нақты ақпараттар алынып, науқастың ата – анасы шақырылуы қажет. Сонымен қатар, төбелесу бұл қылмыстық іс болғандықтан, мән – жайды анықтауға мейірбике полиция қызметкерлерін шақыруға міндетті.
- Науқас ес – түссіз жатқандықтан, медбике оны тез арада арнайы бөлімшеге жіберу қажет. Науқас тексеру бөлмесіне жіберіліп, дәрігерден (бұл жағдайда травматолог) мамандандырылған жәрдем көрсетіледі. Сонымен бірге, үйге қайтарылу сұрағы талқыланбай, санитарлық – гигиеналық іс – әрекеттер жасалып, бірден палатаға жатқызылады.
Ситуациялық есеп - 2
Әйел адам, жасы 40-та. Ол кесар тілігінен кейін, өз бетімен жүре алмайтын халде жатыр. Босанғаннан кейін, ана мен бала анализдер тапсыру үшін, БЦЖ екпесін алу үшін және де тағы да басқа себептермен олар аурухана ішінде қозғалу қажет.
- Медбике бұл мәселені шешу үшін не істей алады?
- Медбикенің балаға көрсетілетін күтімі қандай?
Жауаптары:
- Пациенттің қауіпсіз жылжуы әрбір медбикенің басты міндеті болып табылады. Эргономикалық құралдар медбикелердің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Бұл жағдайда жүріс арбасын (инвалидное кресло) қолдануға болады. Науқасты арбаға отырғызу арқылы, медбикенің тасымалдауымен, науқас анализдер тапсыру сынды жұмыстарын бітіре алады. Себебі, жақында ғана кесар тілігімен босанған әйелге көп жүруге болмайды.
- Басында баланың анасы жаңа туылған сәбиге күтім көрсете алмайтын жағдайда болса, медбике сәбиге ең алдымен, гигиеналық күтім көрсету қажет. Сонымен қатар, уақытылы ана сүтін ему үшін, әрбір 30 минут – 1 сағат аралығында анасына жеткізіліп тұру қажет. Киімі бүлініп қалған жағдайда, міндетті түрде салқын тигізіп алмау үшін, ауыстырып тұру қажет. Ана мен сәби ауруханадан шығарылғанға дейін, жоғарыда аталған алгоритмді уақытылы түрде орындалуы тиіс.
...
Доступно только на Essays.club