Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жіті және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

Автор:   •  Октябрь 17, 2021  •  Практическая работа  •  440 Слов (2 Страниц)  •  554 Просмотры

Страница 1 из 2

Практика 18

Тақырып:  Жіті және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

Тапсырма 1. Оқып шығып өткен тақырыпты еске түсір.

     Жіті бүйрек жетіспеушілігі.

Симптомдары:  

  • олигоурия,
  • гиперазотемия,
  •  су мен электролиттердің және сілті мен қышқылдың тепе теңдігі бұзылуы болады.

4 түрі бар:

  1. Преренальды (шоктық бүйрек - жедел қан тамырларының жетіспеушілігінде – шок, коллапс кезінде)
  2. Ренальды (токсикалық бүйрек - уланғанда)
  3. Постренальды (зәр шығу жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы кезінде)
  4. Аренальды (ауыр жарақатта, жалғыз бүйректі алып тастағанда)

Клиникасы:  4 сатысы бар:

I  сатысы: бастапқы кезең  - бірнеше сағаттан 6-7 күнге созылады. Шок және гемодинамика бұзылысы жатады. Негізгі аурулардың белгілері болады.

II сатысы:  Олигоануриялық кезең – 5-10 тәулікке дейін созылады. Олигоурия, содан соң анурия болады, ағзада су жинақталады, өкпе, ми ісінулері, теріде, қуыстарда ісіктер болады (асцит, гидроторакс). Гиперкалиемия, гипернатриемия, гипохлоремия, ацидоз болады.

Наукастардың жағдайы біртіндеп нашарлайды. Әлсіздік, тамаққа тәбетінің азаюы, бас ауруы, жүрегі айнып, құсу болады. Қанда мочевина (нормада 3,3-6,6 ммоль/л), креатинин (0,08-0,17 еркек, 0,04-0,14 ммоль/л әйелдерде), қалдық азот (7,06-14,1 ммоль/л)  көбейеді. Анемия,нейтрофильді лейкоцитоз, жедел уремия болады.

III сатысы:  Диурездің қалпына келу кезеңі

IV сатысы:  Жазылу кезеңі. Ұзаққа созылады. 3 – 6 – 12 айға. Бұл аралықта бүйрек функциясы қалпына келу керек.  Аурудың асқынуында   толық жазылмай созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне айналады.

    Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

СБЖ белгілері нефрондардың 75% жойылу кезінде басталады.

2 кезеңнен тұрады:

  1. Жасырын кезең – клиникалық белгілері жоқ, тек қана анализдердің өзгерісі болады.
  2. СБЖ – гиперазотемия және уремия болады.
  • Астеникалық синдром – жалпы әлсіздік, ұйқысыздық, апатия, мазасыздық, гипоестезия
  • Диспепсиялық –
  • Анемиялық-геморрагиялық синдром – анемия, тромбоцитопения, қанталау
  • Сүйек-буын  өзгерістері – гипокальциемия дамиды, қальций артерия қабырғаларына  және ішкі мүшелерде кальцинаттар түрінде шөгеді. Уремиялық перикардит, плеврит, полиартрит, буын ауырсынулары, подагра белгілері болады.
  • Гипертониялық және жүрек-қан тамырлар синдромы: АҚ↑, инсульт, ретинопатия, жүрек жетіспеушілігі болады.
  • Несеп синдромы – бүйрек фильтрациясының төмендеуі терминальды уремияда болады.
  • Уремиялық кома –бүйрек жетіспеушілігінің соңғы сатысы. Ол өлімге әкеледі.

Тапсырма 2. Бақылау сұрақтарына жауап жазып жібер:

  1. СБЖ емдеу принциптері – олар 4 атап шық
  2. СБЖ тамақтану ерекшелігі, диета
  3. Артериялық гипертензияны емдеудің принциптерін жаз, қолданылатын дәрілік топтарды жаз, олар 4, атап шық, дәрілерін жаз (кемінде 2-3 препарат).
  4. СБЖ емдеуде консервативті ем шаралары көмектеспегенде  гемодиализ қолданылады. Осыған байланысты сұрақтарға жауап жазып жібер:
  • Гемодиализ жасау көрсеткіштері қандай . Олар 6 жазып жібер
  • Гемодиадизді жасауға болмайтын жағдайлар қандай , Олар 4
  • Гемодиализге науқасты дайындау, жүргізу жасау тәртібі және гемодиализ алатын науқастың режимі мен диетасы қандай болу керек
  • Гемодиализден кейінгі асқынулар туралы жаз, олар 11 немесе т б
  1. Бүйрек трансплантациясы туралы не білесің жаз.
  2. Донорлық бүйректі салғанда міндетті түрде жүргізілетін зерттеулер қандай.

Тапсырма 3.

Оқулықтар:

  1. Қалимурзина Б. «Ішкі аурулар»  301 – 314 бет
  2. Дәріс
  3. Желіден материалдарды қара

Тапсырма 4.

  1. Тестің жауабын жібер.

Емтиханға барлық өткен тақырыптар бойынша дайындал (былтырғы және биылғы тақырыптар).

...

Скачать:   txt (6.2 Kb)   pdf (70.1 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club