Жарақатты ретикулит
Автор: Moona01 • Март 28, 2022 • Лабораторная работа • 430 Слов (2 Страниц) • 331 Просмотры
Тақырыбы: Жарақатты ретикулит
Жарақатты ретикулит. Ауру жұмыршаққа өткір заттармен зақымданумен және зақымдалған тіндер мен мүшелердің қабынуымен сипатталады. Негізінен ірі қара малда кездеседі.
Этиологиясы. Жарақатты ретикулиттің себебі және жануарлардағы асқынулар – азық құрамындағы әр түрлі өткір бөгде заттар. Бұған малдың азық қабылдау кезіндегі ашкөздігі, малдың күйіс қайыруының жеткіліксіздігі, ірі қара малдың аузындағы кілегейлі қабаттың сезімталдығы да әсер етеді.Басқа себептерге жануарларда минералды заттар мен дәрумендер тапшылығы болуы мүмкін, әсіресе жоғары өнімді және буаз жануарларда, оларда «жалақтық» пайда болады, тәбеттің бұзылуы, әртүрлі жеуге жарамсыз заттарды - сым, әйнек, саз, шыны, тастар және т.б. жейді.
Белгілері. Ауруға тән белгілер - аурудың кенеттен басталуы, ешқандай себепсіз тәбеттің төмендеуі немесе тоқтауы, күйіс қайыру көлемінің төмендеуі, мазасыздану, әсіресе ауырғанда және қозғалғанда ауырсынулар, дене температурасының 39,8-40,5°C дейін жоғарылауы, сүт мөлшерінің төмендеуі. Жануарларда жүрек соғу жиілігі мен тыныс алу жиілігі жоғарылайды. Асқорыту жүйесінен моториканың әлсіреуі, ырғағының бұзылуы байқалады. Месқарын жиырылуы сау жануарларда 2 минут ішінде болса 3-5 рет болса, ауру жануарларда бұл көрсеткіш 1-2-ке дейін азаяды. Қан талдауында нейтрофильді лейкоцитоз байқалады.Жарақатты ретикулит ретикулоперитонитпен, ретикулоигепатитпен, ретикулоперикардитпен және т.б. ұласады.
Балау. Олар анамнез негізінде, жолдамалы құжаттар, клиникалық белгілері және арнайы зерттеу әдістері негізінде жасалады. Ауру жануарлардың қашан және қайда келгенін, ауырған уақыты, тіркелуі, азықтану шарттары, мазмұны, өнімділігі, буаздық, минералды зат алмасу жағдайын анықтау керек.Жануарларға клиникалық зерттеу жүргізіледі. Дене температурасын өлшеп, тыныс алу санын және жүрек соғу жиілігін анықтау керек, жүрек жиырылу
...