Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы және жергілікті хирургиялық инфекция

Автор:   •  Октябрь 7, 2020  •  Реферат  •  5,551 Слов (23 Страниц)  •  3,107 Просмотры

Страница 1 из 23

ШЖҚ"ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МКҚ

                                           

                                                      СӨЖ

Такырыбы: Жалпы және жергілікті хирургиялық инфекция.

Орындаған: Ғибрат Ж.

                                            Топ: СД-307

                                            Тексерген: Метиева А.С.

ТАЛДЫҚОРҒАН 2020 ж

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары.

2. Хирургиялық инфекцияның ауру көріністері.

3. Хирургиялық инфекцияның ерекшеліктері.

4. Хирургиялық инфекцияның клиникалары

Хирургиялық инфекцияның асқынуы. Хирургиялық инфекцияның емдеудегі сұрақтар.

 Хирургиялық инфекциясымен науқастарға мед бикенің күтім ерекшеліктері

Сепсис. Паталогиялық анатомиясы

Сепсистің жіктелуі.

Клиникасы.

Сепсисті  емдеу жолдары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары

        Жедел іріңді инфекция туралы түсінік. Жіктелуі, дамуы, қалыптасуы, клиникасы, емдеудің негізгі заңдылықтары және сақтандыру шаралары.

Іріңді инфекция - ағзаға залалды микробтардың еніп, көбейіп және ірің түзеуін түсіндіретін кең мағынадағы ұғым. Іріңді инфекцияның дамуына тек бір ғана залалды қоздырғыштардың еніп, көбеюі жеткіліксіз. Бір жағынан ағзалардың қорғаныш қабілеттілігі және екінші жағынан енген қоздырғышқа дененің сезімталдығы мен әсерлілігі болуы қажет. Биологиялық құбылыс ретінде іріңді инфекция жануарлар әлемінде де кең тараған. Іріңді құбылыста инфекция қоздырғышы мен күрделі орта және ағза бір біріне қарама-қарсы қойылып, онда микробтың өсіп-өну тіршілігі жүзеге асады.

Хирургиялық инфекция туралы айта отырып бүгінгі күннің антибиотиктерімен байланысты кейбір қайшылықтарды айтпай кетуге болмайды. Бір жағынан антибиотиктердің ашылуы көптеген жедел іріңді хирургиялық ауруларды емдеуде жаңалық болып табылады. Ал екінші жағынан, антибиотиктерді қолдану хирургтар үшін әдеттегі көптеген жедел іріңді хирургиялық аурулардың клиникалық көріністерін және олардың асқынуын әжептәуір өзгертті. Қазір олар белгісіз белгілермен қалыптасып, аурулардың қазіргі уақыттағы анықталуын бірталай қиындатты. Мұнымен қоса антибиотиктерді жүйесіз кеңінен қолдану оларға қарсы тұрақты қоздырғыштардың пайда болуына әкеліп соқты.

Жіктелуі:

а) Хирургиялық іріңді инфекция ағымына қарай былай бөлінеді:

А.Жедел іріңді инфекция түрлері:

а) жедел іріңді инфекция (стафилакокк және т.б.);

б) жедел іріңді инфекция (протеа, ішек таяқшасы);

в) жедел анаэробты газды инфекция (бейбіт уақытта сирек кездеседі, өлім саны 50-60%):

г) жедел өзгеше дамитын (специфическая) инфекция (сіреспе-столбняк, күйдіргі-сібір жарасы):

Б. Созылмалы хирургиялық инфекция түрлері:

а) созылмалы өзгеше емес инфекция (неспецифическая, Е.соli, т.б. төменгі уытты (вирулентность) қоздырғыштар);

б) созылмалы өзгеше дамитын (специфическая) инфекция (туберкулез, сифилис, актиномикоз).

Жедел іріңді инфекция тез бастау алып, тез дамуы мүмкін. Оның тез жазылуы да немесе науқасты өлімге соқтыруы да немесе созылмалы түрге айналуы да мүмкін. Кейбір авторлар инфекцияның найзағай тәрізді жедел дамитын түрін ерекше бөліп айтады. Ол өте шұғыл пайда болады да, өте қысқа мерзім ішінде ауруды өлімге мәжбүр етеді. Ал созылмалы түрі жедел түрінен қалыптасып жалғасуы мүмкін, ол өте ұзақ өтеді, сонымен қатар созылмалы түрі де бар. Онда науқас бастапқы кезеңінде-ақ тосыннан ешбір көрініс белгілерсіз-ақ пайда болады. Жедел және созылмалы инфекцияның өзара мынадай түрлері бар:

...

Скачать:   txt (71.1 Kb)   pdf (260 Kb)   docx (33.8 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club