Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы және жергілікті жансыздандырудағы медбикенің рөлі

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Реферат  •  5,823 Слов (24 Страниц)  •  1,905 Просмотры

Страница 1 из 24

«Атырау жоғарғы медициналық колледж»

БӨЖ-Реферат

Тақырыбы:Жалпы және жергілікті жансыздандырудағы медбикенің рөлі

Орындаған:Қалымкерейқызы.Д.

Тексерген:Мурзагалиева.Г.М.

Мейіргер ісі 339 топ

Жоспары:

1.Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі

2.Инфильтрациялық жансыздандыру

3.Жоғарғы жақ нерв өрімдерін жансыздандыру

4.Төменгі жақ нерв өрімдерін жансыздандыру

5.Жергілікті анестезияның жалпы асқынулар

6.Қолданылған әдебиеттер

7.Тақырыпқа қосымша суреттер

Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі

Қазіргі кезде хирургиялық стоматологияда қолданылатын жансыздандырудың ең бастысы жергілікті анестезия болып табылады. Жергілікті жансыздандыру түрлері бірнеше топқа бөлінеді:

        I. Инъекциясыз анестезия:

           а) физикалық әдістер (хлорэтилмен  мұздату);

           б)        химиялық әдістер (аппликациялық).
      II. Инесіз  анестезия.

      III. Инъекциялық анестезия:

            а)        инфильтрациялық   (шоғырландыру);

            б)        өткізгіштік (бағаналық, перифериялық).

            в) интралегаментарлық (тіс байламына).

Жансыздандырудың түрін операцияның көлеміне, сипатына жарақаттылығына, ұзақтығына байланысты таңдау қажет.

I. Инъекциясыз жергілікті анестезия

а) Жергілікті жансыздандырудың физикалық әдісін тіндерді хлорэтилдің көмегімен мұздату деп тусіну қажет. Бұл әдіс тек қана қысқа мерзімді операцияларда қолданылады. Себебі, ұзақ мерзімге созылған мұздатудан үскен тіндердің қоректенуі бұзылып өлі еттенуі, яғни некрозға соқтыруы мүмкін.

Мұздату  арқылы жансыздандыру.

Жансыздандырудың бұл түрінде хлорэтил қолданылады. Хлорэтил қою сұйықтықты, газ түрінде кездеседі, қайнау температурасы - 12°С, ол капиллярлы түтігі бар қақпақпен жабылатын 30 гр. шыны ампулада сақталады. Ампуланы қолмен жылытқан кезде хлорэтил ағыны капиллярлы түтік арқылы едәуір күшпен сыртқа шығады. Сол сұйықтықтың булануының салдарынан тіндерде жылу жоғалып, бірте-бірте мұздап, соңында қата бастайды. Тіндер мұздағаннан кейін нервтердің сезімталдығы төмендейді, ал қатқан соң мүлдем жоғалады, Жансыздандыру   толық   болу үшін хлорэтилді тіннен буланып үлгеретіндей қашықтықта вертикальды қалыпта ұстау қажет. Хлорэтилдің жансыздандыру әсері қысқа (2-3 мин.) мерзімді болғандықтан, оларды тек беткей орналасқан абцесстерде, жедел іріңді периоститтерді ауыз ішінен тіліп жарғанда және оңай тіс жұлу операцияларында қолданады. Қазіргі кезде хлорэтилді жансыздандыру да сирек қолданады, негізінен теріде беткей орналасқан іріңдіктерді тіліп-жару үшін ғана жасалады.

Инъекциясыз жергілікті анестезияның жүргізу техникасы: операциялық аймақтан 30-40 см қашықтықта флаконның жіңішке түтікше тесігі арқылы хлорэтил бүркіледі. Мұздаған тіндер алғашқыда қызарып, кейін бозарып, кыраумен қапталып қатаяды. Осыдан кейін хирургиялық көмек жылдам жүргізілуі қажет, себебі хлорэтилдің әсер ету уақыты өте  қысқа.

б) Аппликациялық (беткейлік) анестезия - тері беті мен кілегей қабатының беткей орналасқан жарақаттарында қысқа мерзімді өткізілетін операцияларға қолданылады.

Жансыздандыратын дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне жағу, шашу (аппликация).

Жансыздандыратын  дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне сіңдіріп жансыздандыру кең қолданылады. Хирургиялық стоматология саласында аппликациялық жансыздандыру үшін дикайн, кокайн, ксикайн кеиінгі кездері лидокааинның 10%  аэразольі қолданылады.

Дикайн (Dicaini) - ең жоғарғы бірлік мөлшері 0,009 г немесе 3%  - 3 мл. ерітіндісі. Ол судың 10:1, ал спирттің 6:1 қатынасындай болады. Судағы ерітіндісі қайнатқанда өзгермейді және сақтаған кезде өзінің қасиетін жоғалтпайды. Дикайнның жансыздандырғыш қасиеті кокайнге карағанда жоғары. Сондықтан беткейлік жансыздандыру жүргізу үшін 1% дикайннің ерітіндісіне адреналин қосып, кокайн орнына қолданылады. Ал оның 2-3% ерітінділері сирек қолданылады.

...

Скачать:   txt (79.6 Kb)   pdf (823.2 Kb)   docx (587.7 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club