ЖТД интерндеріндеріне арналған неврологиялық ситуациялық есептер
Автор: beka9318 • Июль 5, 2023 • Реферат • 4,090 Слов (17 Страниц) • 291 Просмотры
ЖТД интерндеріндеріне арналған неврологиялық ситуациялық есептер
№1
Науқас С, 15 жаста, орта мектеп оқушысы.
Тұрғылықты мекен жайы бойынша невропатологқа: « ұзақ уақыт сөйлесе алмайтындығы, жұтынудың қиындығы, жиі шашалатындығы, сөйлесудің қиындығы» туралы шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша: шамамен алты ай бұрын ол ұлының тамақтану барысында шашалатындығын байқай бастаған. Баласы ұяң, енжар, тез шаршағыш, сабақ оқудан, дене шынықтырудан бас тартатынын, сабақ ұлгерімі төмендеп кеткенін, бет-әлпеті өзгергергенін – көздері әрдайым жартылай жабық, көз қарасы белсенді емес екенін айтты.
Анамнезінен: мерзімінде дүниеге келген, жүктілік ерекшеліксіз, босану кезінде анасының жасы 24те болған, босану асқынусыз, 14 сағатқа созылған(бірінші бала). Өсіп, дамуы қалыпты, құрдастарынан артта қалмады, егулер дер кезінде жүргізілді. Ерте балалық шақта желшешек ауруымен ауырған. Тумау ауруларымен сирек ауырады, жарақаттану, операциялар, қан құюлар, аллергиялық реакциялар болған жоқ. Інісі бар, 7 жаста, қазір денсаулығы жақсы. Анасында семіздік, әкесінде- асқазанның жара ауруы бар. Анасының анасында (нағашы әжесі) – қант диабеті, әкесінің анасында – гипертониялық ауру мен ЖИА. Атасы (әкесінің әкесі) 57 жасында қайтыс болған, маскүнемдіктен зардап шеккен. Жақын және алыс туыстардың ешқайсысында мұндай ауру болған жоқ.
Неврологиялық статуста: маска тәрізді бет, екі жақты птоз, дизартрия, дисфония, дисфагия, жұмсақ таңдай жұтыну рефлексі төмендеген. Ұзақ әңгіменің соңында дауыстың мұрындық үні пайда болады. Сіңірлік рефлекстер D=S төмендеген, болмашы диффузды гипотония. Қайталамалы белсенді қозғалыстар кезінде айқын әлсіздік пайда болады. Коордииаторлы-статикалық сынамалап қалыпты.
Жалпы қан анализы: гемоглобин 148г/л; эритроцит 4,5; лейкоцит 6,5; с/я 65; с/я 0; моноцит 7; лимфоцит 23; эозинофил 5. ЭТЖ 4мм/ч. Окулист: Көз түбі қалыпты.
Эхо-ЭГ: М-эхо орта сызықта. Эхо-сигналдар пльсациясы қалыпты. Кеуде торының рентгенографиясы - қалыпты.
Сұрақтар:
1.Неврологиялық синдромдарды анықтаңыз.
2. Болжамды диагноз қойыңыз.
3.Науқасты әрі қарай жүргізу тактикаңыз.
№2.
Науқас В., 72 жаста, жедел жәрдеммен қабылдау бөліміне жеткізілді. Ілеспе құжаттарда пациенттің саябақта орындықта жатқаны айтылған. Есін жоғалтқан жоқ. Жергілікті тексеру кезінде оң қолдың қозғалыссының бұзылысы және сөйлеудің қиындауы. Науқас жекеленген сөздерді айтты, оның кенеттен басы айналғанын түсінуге болады. Құсқан жоқ.
Қарап тексергенде: есі сақталған, бірақ солғын, немқұрайлы. Сөздік байланысқа келмейді. Тексеріске наразылықпен қарайды. Пульсі аритмиялы, минутына орта есеппен 104 соққы. Жүрек дыбыстары тұйық, АҚ - 150/100. Бас пен мойынның үлкен тамырларының пульсациясы қанағаттанарлық. Тыныс алуы еркін, ырғақты, минутына 18. Көз қарашықтары бірдей. Ауыздың оң жақ бұрышы төмен. Тілін шығармайды. Ауыз рефлексі (пілтұмсық) айқын. Әрдайым тек сол қолын қимылдатады, оң қолы қимылсыз. Оң табаны сыртқа қарай бұрылған. Инемен тітіркендіруге жауап ретінде оң аяқтың қимылдауы шектелген. Сіңірлік рефлекстер сол жаққа қарағанда оң жақта жоғарылаған. Оң табанында Бабинский рефлексі шақырылады. Менигиалды белгілер жоқ. Көз түбі: көру нервінің дискілері бозғылт қызғылт, шекаралары айқын, артериялары біршама тарылған, иреленген, веналары кеңейген. ЭХОЭГ: М-эхо ығысуы анықталмады, көптеген қосымша тістер. ЭКГ: жыпылық аритмиясы, тахисистолиялық формасы; бұлшықеттің диффузды өзгерісі.Қан анализі: гемоглобин 120 г / л, лейкоциттер - 6000 * 109, ЭТЖ - 12 мм / сағ.
1.Неврологиялық синдромдарды анықтаңыз.
2. Болжамды диагноз қойыңыз.
3.Науқасты әрі қарай жүргізу тактикаңыз.
№3
Науқас Б., 45 жаста қабылдау бөліміне ауру басталғаннан кейін 30 минут ішінде жедел жәрдеммен жеткізілді. Ол жұмыста кенеттен құлап, есінен танып қалды. Айналасындағы адамдардың айтуы бойынша науқаста сол жақ аяғындағы айқын құрысумен болған ұстама, аузындан бөлінген қанды көбік, еріксіз зәр шығару байқалды. Жедел жәрдем дәрігері ауру басталғаннан 15 мин. өткен соң естің сопорозды жағдайын, сол жақ аяқ қолда қимыл өозғалыстың жоқтығын анықтады. Қарау барысында науқас есін біледі, бірақ ұйқышыл. Байланысқа зауықсыз түседі, басының ауыратындығына шағымданады. 10 жыл бойы жүректің ревматикалық ақауына байланысты диспансерлік есепте тұратындығын айтты. Шамамен бір ай бұрын үйінде бірдестен оң қолдың ұюы мен әдсіздігін сезіп, бір сағат көлемінде сойлей алмай қалған. Бір тәуліктен соң қол күші қалпына келіп, науқас дәрігерге қаралған жоқ. Беті бозғылт. Пульсі ырғақты, минутына 90 соққы. Жүрек аймағында систолалық және диастоликалық шу естіледі, шапалақ тәрізді бірінші тон, АҚ - 110/80. Тыныс алуы еркін, минутына 20 рет. Көз қарашықтары біркелкі. Шамаланған әдіспен сол жақ гомонимді гемианопсия анықталады. Ауыздың сол жақ бұрышы төмендеген. Шығарғанда тілі солға қарай ауытқиды. Беттің сол жағындағы гипестезия. Сол қол мен аяқта белсенді қозғалыстар жоқ. Сол жақта гемианестезия. Сол жақтағы сіңір рефлекстері оң жаққа қарағанда жоғарырақ. Сол аяқта Бабинский, Россолимо, Бехтерев, Жуковскийдің патологиялық рефлекстері шақырылады. Менингиальды белгілері жоқ. Көз түбі: көру нервінің дискілері орташа гиперемияланған, олардың шекаралары айқын, артериялары тарылған, веналары кеңейген.ЭХОЭГ: M-эхо ығысуы жоқ, қосымша тістер көп. ЭКГ: синусты ырғақ, жүрек жиырылуы минутына 90, сирек қарыншалық экстрасистолалар, электрлік осьтің оңға ауытқуы, екі қарыншада миокард гипертрофиясының белгілері; Қан анализі: гемоглобин 12 г / л, лейкоциттер - 10000 * 109, ЭТЖ - 42 мм/сағ.
...