Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ересектер мен нәрестелердегі жіті респираторлық дистресс-синдром

Автор:   •  Декабрь 28, 2020  •  Контрольная работа  •  861 Слов (4 Страниц)  •  697 Просмотры

Страница 1 из 4

«Астана медицина университеті» КеАҚ

В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Ересектер мен нәрестелердегі жіті

респираторлық дистресс-синдром

      Орындаған: Машай Б.М.

      Топ: 311 ЖМ

      Тексерген: Ерментаева Л.Н.

                                     Нұр-Сұлтан 2020 ж.

Жабық сұрақтар

1. 1967  жылы  американдық  зерттеушiлер  Ashbaugh  D.G.,  Petty  T.L.,  жедел дамитын ауыр өкпелiк зақымдалу ретiнде ЕРДС зерттеуіне тән белгіні табыңыз:

A. созылмалы түрде пайда болуы

B. өкпенің екі жақты инфильтрациясы+

C. оксигенотерапияға көнетін, орташа дәрежелі гипоксемия

D. өкпелік артериялық тұйықталу қысымының 18 мм.сын.бағ. жоғарылауы;

E. өкпе сыйымдылығының жоғарылауы;

2. 1995  ж. Арнайы Американ-Еуропалық Келiсiм конференциясы ЕРДС-ға енгізілген жаңа термин:

А. Плевралді синдром

B. Гипервентиляция синдромы

C. Жедел  өкпелiк  зақымдалу  синдромы+

D. Өкпе тығыздалу синдромы

E. Тұйық өкпе синдромы

3. ЕРДС дамуына ықпал ететін экстропульмоналды себептер.

А. шок, сепсис+

B. қарындық құрамның аспирациясы

C. майлы эмболия

D. оттегімен улану

E. суға бату

4. Өкпенiң  бiрiншiлiктi  зақымдалуына  әкелетiн  фактор:

А. сілейме, сепсис

В. жіті панкреатит, перитонит

С. көп көлемді гемотрансфузиялар мен қан кетулер

D. уыттанулар, бас-ми жарақаттары

Е. асқазан құрамының аспирациясы, вируспен зақымданулар+

5. Бiрiншiлiктi де, екiншiлiктi де үрдісте  мiндеттi түрде зақымдалады:

А. терминалдық бронхтар

В. эндотелий

С. альвеолалық қабат

D. альвеолалықаралық перделер мен респираторлық бронхиолалар

Е. өкпелік интерстиций+

6. «Медиаторлық дауылдың» қай фазасында гомеостаздың негізгі тізбектерінің реттелуі бұзылады:

А. екіншілікті аутоагрессия фазасы+

B. біріншілікті зақымдалу фазасы

C. күрілдеуік фазасы

D. калликреин-кинин  жүйесiнiң белсендiрiлуi

E. индукциялық фаза

7. ЕРДС кезінде өкпе ісінуі алғашқыда  әрқашан интерстициялық  және  кардиогендік  емес  сипатта,  өкпе артериясының қысымы аспайды:

А. 10 мм. сын. бағ.

В. 15 мм. сын. бағ.+

С. 20 мм. сын. бағ.

D. 25 мм. сын. бағ.

Е. 30 мм.сын. бағ.

8. ЕРДС  кезіндегі  өкпе ісінуінің  негізгі  патогенездік  тетігі болып саналады:

А. қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

В. қанның гидростатикалық қысымынң жоғарылауы

С. өкпедегі лимфа айналымының бұзылыстары

D. альвеолалық-капиллярлық мембрана өткізгіштігінің жоғарылауы+

Е. интерстициальді өкпе тінінің гидрофильділігінің жоғарылауы

9. ЕРДС кезіндегі сурфактант өндірілуінің төмендеуі, альвеолаларды ашық түрде ұстайтын транпульмоналды қысымның олардың серпінді тартылу  күшінен  аз  болуы дамытады:

А. дискриния

B. ателектаз+

C. эмфизема

D. бронхоэктазия

E. эмпиема

10. ЕРДС-ның  кеш сатысына тән белгілерді табыңыз:

А. өкпенің ателектазы және интерстициялық ісінуі

В. өкпедегі фиброздану үрдістері+

С. эмфизема дамуы

D. өкпе паренхимасының қабынулық зақымдануы

Е. кіші қан айналымның гипертензиясы

Ашық сұрақтар

11. Респираторлық дистресс-синдромының салдарынан шетінеген шала туған нәрестенің өкпе тінін зерттегенде анықталады:

Жауабы: альвеоала мембранасының гиалинозы мен альвеолалардың бүрісуі

12. ЕРДС  кезіндегі  қабынулық  жауапқа қандай гуморальді және  жасушалық элементтер қатысады?

Жауабы: Гуморальді тізбектерге әртүрлі  жүйелердегі  өнімдердің  жоғарылауы  және  белсендірілуі  жатады:комплемент  жүйесі,  коагуляциялық,  кининдер,  цитокиндер,  оттегінің белсенді  түрлері,  нейропептидтер,  вазоактивті  пептидтер, простагландиндер,  азот  оксиді,  тромбоциттік  ықпалдар  және  т.б.  ЕРДС кезіндегі  қабынулық  үрдістердің  жасушалық  тізбегі:  адгезия,  хемотаксис және нейтрофилдер, макрофагтар мен лимфоциттер белсендірілуі.

...

Скачать:   txt (11.6 Kb)   pdf (89.4 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club