Балалар мен ересектер арасындағы бронх астмасының аурушаңдық деңгейі
Автор: nazerkepirmanova • Февраль 27, 2023 • Курсовая работа • 7,926 Слов (32 Страниц) • 242 Просмотры
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі
Мамандығы: : 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 5АВ09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Балалар мен ересектер арасындағы бронх астмасының аурушаңдық деңгейі
Орындады: Пірманова Назерке Жұмағалиқызы _______
/А.Ж:Ә./ /қолы/
Ғылыми жетекшісі: Құлахметова Қызжібек Болатқызы _______
/ А.Ж:Ә./ /қолы/
Абдикаликова Марта Болатовна ________
/ А.Ж:Ә./ /қолы/
Түркістан, 2023жыл
Мазмұны
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе
1 - Тарау Балалар мен ересектер арасындағы бронх астмасының аурушаңдық деңгейі
1.1. Бронх астмасының шығу тарихы,таралуы, сипаттамасы, эпидемиологиясы
1.2. Бронх астмасымен ауыратын пациенттерге мейіргерлік күтімді ұйымдастыру, шетелдік тәжірибелер
1.3. Бронх астмасының ересектер және балалар арасындағы аурушаңдық деңгейі, шетелдік және отандық зерттеулер
2-тарау. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Зерттеу материалдары мен әдістері
2.2. Зерттеу нәтижелері
Практикалық ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Қысқартылған сөздер
БА - бронх астмасы ҚРДМ - Қазақстан РеспубликасыДенсаулық Мекемесі ДДҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының АҚШ - Америка Құрама Штаты
GINA - Global Initiative for Asthma АИТВ - адам иммунитет тапшылығы вирусы ISAAC - International Study of Asthma and Allergies in Childhood IgE - Иммуноглобулин ОФВ1 - объём форсированного выдоха за 1 секунду ЕДШ - емдік дене шынықтырау
КІРІСПЕ
Тіркес сөздер: Тыныс алу жүйесінің аурулары, бронх астмасы, обструктивті тыныс алу жолдары, тұқымқуалаушылық, экологиялық факторлар, мүгедектік, өлім- жітім.
Тақырыптың өзектілігі:
Бронхиалды астма - жалпы халық арасында аурудың кең таралуы салдарынан, соңғы он жылдықта ең маңызды проблемасы болып табылады. Бронхиалда астманың қалыптасуы мен негізделуі табиғаттың экологиялық факторларымен анықталады. Зерттеушіледің айтуы бойынша, бронх астмасы бар науқастарға ауа райының климаттық параметрлерінің нашарлауы, кейбір атмосфералық ластауыштар және басқада бірқатар факторлар әсер етеді.
Қазақстан аймақтарындағы медицина-географиялық бронх демiкпесiнiң ауру-сырқауының кеңiстiктiк бағасы.Сонымен бiрге бронх демiкпесiнiң ауру-сырқауының деңгейлерi: төменгі көрсеткiш - 34,7% дан, орташа – 36,7% дан 48,1% дейін, биiк – 48,1% және одан жоғары болып анықталды. Бронх демiкпесiнің ауру-сырқауы Батыс - Қазақстан облысында ең төменгi көрсеткіш (23,2±1,4%) болды, максимал көрсеткiшi Астана қаласында (67,8±4,4%) орнатылғаны анықталған.
Бронх демікпесі — бұл бала күннен басталып, көбіне есейген шаққа дейін ұғайып, мүгедектікке дейін әкеліп соғатын,кейде қайғылы жағдайға әкелетін ауру. Бронх демікпесі балалар арасындағы аллергиялық сипатқа ие аурулардың ішіндегі ең ауқымдысы болып табылады.
...