Ер адамнын бедеулiгi ұкiм емес
Автор: Irodaergashova • Октябрь 11, 2021 • Доклад • 1,508 Слов (7 Страниц) • 279 Просмотры
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
«АДАМНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫ»
МОДУЛІ БОЙЫНША ИНТЕГИРЛЕНГЕН ПРОБЛЕМАЛЫҚ КЕЙС
Кафедрлар: Молекулалық биология және медициналық генетка, анатомия, гистология, қалыпты физиология биофизика курсымен, биохимия
[pic 1]
ЕР АДАМНЫҢ БЕДЕУЛІГІ-БҰЛ ҮКІМ ЕМЕС
20 жасар науқас Елисей, 2016 жылдың қарашасында эрекцияның сапасын жақсарту мақсатында ҒЗИ-ның урология бөліміне қаралады. 2016 жылдың қазан айында тұрғылықты жері бойынша эрекция сапасының төмен болуына байланысты урологтың кеңесіне жүгінген, кеңесте эндокринологқа жолдама берілді. Гормоналды қан талдауында гонадотропиндерінің деңгейі жоғары екендігі анықталды, бұл мидың МРТ-ін өткізуге себеп болды, гипофиздің гиперплазиясы бар екені анықталды.
Хирургиялық жолмен гипофиздегі түзілісті алдыру ұсынысымен науқас нейрохирургтың кеңесіне жіберілді. Ұлттық ғылыми-тәжірибелік Нейрохирургия орталығындағы тексеру барысында, науқасқа біріншілік гипогонадизм негізінде гипофиздің гиперплазиясы пайда болғаны расталған. Оперативті емдеуге көрсеткіштер болған жоқ.
Аталық бездің кішіреюі, эякуляттың көлемінің азаюы, эрекция сапасының төмендеуі, жамбас пен ұманың ауырсынулары шағымдарымен науқас анндрогенді тапшылықты түзету үшін ҒЗИ-ның урологиясына жолданды. Анамнезден белгілі болғаны, науқас жанұядағы жетінші бала. Ауыр акушерлік-гинекологиялық анамнезі бар ана (босану кезінде ана 38 жаста, 5-жүктілік, 5-босану). Жүктіліктің барлық 3 тиместрі қалыпты өткен. 41-аптаның басында жедел босану болған. Жаңа туылған нәрестені қарау кезінде дамудың туа біткен ақаулығы – қоян ерін жырығы (3 күндік кезінде операция жасалған) анықталды. Өсуі және қалыпты дамығын, 8 жасында бауырдың жарылуымен құрсақ қуысының жарақаттануы, 14 жасында – бас миының шайқалуы болған.
Қараған кезде соматикалық статусы қанағаттанарлық. Аталық без ұмада орналасқан, мөлшері кішірейген, консистенциясы бос (1 сурет).
1 сурет. Ұманың сыртқы түрі |
Клиникалық- зертханалық зерттеу кезінде 1,2 см3 ең жоғары көлемде аталық бездің екі жақты гипоплазиясы анықталды. УДЗ қуық асты безінің кішірейгендігін көрсетті. Жыныс мүшесі тамырларының ультрадыбыстық допплерографиясы кезінде қан ағымының ең жоғары систолалық жылдамдығының төмендегені – 3,98 см/с анықталды. Гонадотропиннің жоғары деңгейі (ФСГ – 73,3 бал/л, ЛГ – 41,5 бал/л) тестостерон деңгейінің 5,1 нмоль/л дейін төмендеуімен сәйкес келеді. Екі рет тапсырылған спермограммада азооспермия. Зертханалық-инструментальды зерттеу әдістерінің деректері жинастырылған (кесте. 1,2).
Таблица 1. . Гормонды зерттеулер
Тест | нәтежиесі | Референсалды интервал |
Пролактин, мкМЕ/мл | 338 | 45–375 |
Тиротропин, мМЕ/л | 1,35 | 0,40–4,00 |
Лютропин, Ед/л | 41,5↑ | 1,5–9,3 |
Фоллитропин, мЕ/л | 73,3↑ | 1,4–18,1 |
Инсулинтәрізді өсу факторы, нг/мл | 264,0 | 127,0–424,0 |
Бос тироксин, пмоль/л | 15,7 | 11,5–22,7 |
Тестостерон, нмоль/л | 5,1↓ | 8,4–28,7 |
Кортизол, нмоль/л | 403 | 119–618 |
Таблица 2. Спермограмма ( ұстау кезеңі – 30 күн)
Показатель | Результат | Референтные значения (ВОЗ, 2010 г.) |
Макроскопическое исследование | ||
көлемі, мл | 1,6 | ≥ 1,5 |
түсі | Жартылай мөлдір, сұрғылт | сұр, сұр-ақ |
Сұйылу мерзімі, мин | 40 | 60 |
рН | 7,5 | 7,2–7,8 |
Тұтқырлығы (жіптің ұзындығы), см | 0,1 | ≤ 2 |
Микроскопиялық зерттеулер | ||
Сперматозоидтардың концентрациясы, млн/мл | abs | ≥ 15 |
Сперматозоидтардың жалпы саны эякулятта, млн | 0,00 | > 40 |
...